Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


  –  Тақырып.  Тұлғаның  еңбек  ұжымындағы  іскерлік  мансаптық



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

5  –  Тақырып.  Тұлғаның  еңбек  ұжымындағы  іскерлік  мансаптық 
потенциалын  бағалау  және  оны  құру  технологиясы.    Іскерлік 
коммуникациясы: кедергілер және оларды жеңу жолдары. 
 
Жоспар: 
1. Басшы тұлғасының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. 
2. Тұлғаның еңбек ұжымындағы іскерлік мансаптық потенциалын бағалау 
және оны құру. 
3. Іскерлік коммуникациядағы кедергілер және оны жеңу жолдары. 
І. Басшы тұлғасының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.  
Ұйымның  тиімді  жұмысының  негізгі  шартының  қамтамасыз  етілуі 
басқарудың  басты  функциясы  болып  табылатын  атқарушылардың  жоғары 
мотивіне байланысты. 
 Дегенмен  бұл  тек  ұйымның  тұрақты  және  тиімді  қызметі  үшін 
жеткіліксіз.  Басқару  іс-әрекетінің  мұндай  реттеуішінде  мотивтендіру  емес, 
мәжбүрлеу  сипаты  бар  қажеттілік  туындайды.  Мұнсыз  басқару  іс-әрекеті 
мүмкін емес. 
 «Жоғарыдан»  басқару  әсерінің  барлығының  негізі  –  атқарушылар  іс-
әрекетінің  мотивтенуі  мен  өзара  іс-әрекеттегі  билік.  «Билік»  ұғымы 
«жетекшілік»  және  «көшбасшылық»    ұғымдарымен,  олардың  типтерімен 
және олардың арасындағы қатынастармен байланысқан.  
Басшының  әлеуметтік-психологиялық  профилі  келесі  негізгі  белгілерден 
құралады: 
 Кәсіби құзыреттілік; 
 Ұйымдастырушылық түйсігі;  
 Ұйымдастырушылық қызметке бейімділік; 
 Педагогикалық қабілеттер; 
 Эмоциялық-жігерлік әрекет. 


Сонымен қатар, басшының портреті қаралған қасиеттермен шектелмейді, 
ал  қызметтің  ерекшеліктерімен  анықталады.  Дегенмен,  мамандардың 
көпшілігі, жетекші келесі қасиеттерге ие болуы керек деп санайды: 
  жоғары интеллект және жаңа білімге ұмтылу, өйткені ескі жүкпен өмір 
сүруге болмайды; 
  қиял және тапқырлық; 
  жеке энергия және әрекетке ерік; 
  ақыл мен қиялдың үйлесімі. 
Басшылық  ерекшелігі.  Психологтар  бір  адамды  басшы  етіп  таңдаудағы 
басты  кешенді  ерекшелікке  өзгеріске  ұшырауға  бейім  қасиеттер  саналып,  ол 
әр  уақытта  басшының  табиғатын  анықтауға  көмектеседі  деп  тұжырымдаған. 
Ондай айнымалылар: 
  Басшының  тұлғасы,  оның  шығу  тегі,  әлеуметтану  үрдісі  және  алға 
жылжуы; 
  Соңынан ерушілердің сипаты; 
  Басшы мен соңынан ерушілердің қатынасы; 
  Басшылық орын алатын контекст; 
  Белгілі  бір  жағдайлардағы  басшы  мен  бағынушының  қатынасының 
нәтижесі. 
Қандай  да  болмасын  кәсіби  ұжымды  басқару  ұйым  басшысының 
әлеуметтік рөлін оңтайлы атқаруына байланысты. Басшының басқару рөліне 
жүгінбес  бұрын  бұл  ұғым  қалай  түсіндірілетіндігін  естеріңізге  саламыз.  Рөл 
ретінде  осы  позицияны  алатын  әрбір  адамнан  күтілетін  функцияны, 
нормативті  мақұлданған  мінез-құлық  үлгісін  түсінеді.  Рөлдер  арасында 
конвенциялық  және  тұлғааралық  рөлдер  бар.  Жеке  тұлғаның  рөлдік 
функциясы  құқықты  пайдалануды  және  белгілі  бір  міндеттерді  орындауды 
көздейді. 
Барлық басшылар басқарудың қандай деңгейіне жататынына қарамастан, 
әртүрлі  әлеуметтік  және  басқару  рөлдерін  орындайды.  Басшы  оның  нақты 
жағдайына, яғни статусына сәйкес келетін көптеген рөлдерді орындайды. 
Басшылықтың тиімділігі көбінесе басшының жеке сипаттарының ұйымда 
орындауға арналған рөлдер мен функцияларға сәйкес болуымен анықталады. 
Басшыға  қойылатын  талаптар  неғұрлым  жалпы,  интеграцияланған  нысанда 
кәсіпорын белгілеген әлеуметтік рөлдерде көрсетіледі. 
Басқарудағы  жетекшілік  мәселесін  нақты  анықтау  үшін  «басқару», 
«жетекшілік», «басшылық» деген ұғымдарды  ажырату керек. 
Басқару  дегеніміз  мақсаттарды  жүзеге  асыруға  бағытталған  кез  келген 
әсерлерді ұйымдастыру процессі. Жетекшілік – бұл басқару іс-әрекетінің бір 
ғана  бөлігі,  мұнда  әр  түрлі  басқару  сұрақтары  бағынушыларға  әсер  ету 
арқылы шешіледі. 
«Басшылық»  және  «жетекшілік»  туралы  әртүрлі  түсініктер  кез  келген 
ұйымда  қарым-қатынастың  екі  түрінің  болуына  байланысты  –  формальды 
және формальды емес.  Жетекшілік – бұл адамдарға әсер ету процессі, жүйелі 
формальды емес қарым-қатынастың жемісі.  Ал басшылық болса ең алдымен 


нақты  құрылымдық  формальды  қарым-қатынастың  бар  болуын  меңзейді, 
тиісінше  ол  осының  негізіде  жүзеге  асады.  Басқарушының  рөлі  формальды 
құрылым  арқылы  анықталады,  оның  қызметі,  ережеге  сай  нақты 
айқындалған,  санкцияны  қолдану  құқығы  талассыз.  Жетекшілік  керсінше, 
кенеттен,  стихиялы,  жартылай  саналы  психологиялық  қалаулар  дәрежесінде 
қалыптасады.   
Басшылық  пен  жетекшіліктің  негізгі  ерекшеліктерін  келесідей  түрде 
көрсетуге болады: 
-  Жетекші  топтағы  тұлғааралық  қарым-қатынасты  реттеп  отырады, 
басшы – топтың ресми қарым-қатынасын реттеп отырады; 
-  Жетекшілікті  микроорта  жағдайында  белгілеуге  болады,  басшылық  – 
макроорта элементі.  
-  Жетекшілік стихиалы түрде пайда болады, ал басшылықты тағайындай 
стихиялы 
құбылыс 
емес, 
басшылықпен 
салыстырғанда 
жетекшілік 
анағұрлым тұрақты, көп жағдайда топтағы көңіл-күйге байланысты болады.  
-  Басшылықтың қолында жетекшіде жоқ бағынушыларға қатысты белгілі 
бір санкциялардың әртүрлі жүйесі бар; 
-  Басшының  шешім  қабылдау процессі күрделі  әрі топтың қатысуынсыз 
жүзеге  асырыла  береді,  ал  жетекшінің  шешім  қабылдауы  шартты  түрде 
топпен бірге жүреді; 
-  Жетекшінің  іс-әрекет  аумағы  негізінен  шағын  топтар,  басшының  іс-
әрекет аумағы – әлдеқайда кең әлеуметтік жүйе.  
Осындай  типтік  ерекшеліктер  бола  тура  басшы  мен  жетекші  рөлдерінің 
қосылуын  көрсетуге  болады.  Мұндай  жағдайда  басшы-жетекші,  табысты 
ұйымдардың  қызметін  зерттеуші  Мичиган  университетінің  ғалымдарының 
сипаттауы бойынша келесі параментлермен сипатталады: 
6. Жұмысшыларды  басқарудың    бөлшектенген,  нақты  түрлерімен 
салыстырғанда  мақсатқа  жетуді  жүзеге  асыруда  ортақ  басшылықты 
болжайды.  
7. Басшылықтың  жұмысына  жеке  жұмысшылардың  жұмысына  қарағанда 
көп көңіл бөлінеді. 
8. Жұмысты  жоспарлау  мен  арнайы  міндеттерді  шешуге  көп  көңіл 
бөлінеді.  
9. Шешім  қабылдау  процессіне  үнемі  жұмысшылар  жұмылдырып 
отырады.  
10. 
Жұмысшыларға  еңбекке  қызығушылығын  басты  назарда  ұстап 
отыратын және еңбек өнімін арттыратын тәсіл қолданылады.  
Жетекші  беделділік  билігіне  ие,  ал  басқарушы  –  өкілеттілік  билігіне  ие. 
Американдық  психолог  Дж.П.Кенджмени  көрсеткендей,  беделді  билік 
өкілетті  билікке  қарағанда,  адамдарды  итермелеуге,  талпындыруға, 
сендіруге, сындыруға қабілетті. Өкілеттілік билікке қарағанда беделді билікті 
субъектке  топ  иелендіреді,  топтың  сыйлығы  болып  табылады.  Мұндағы 
қауіп-қатер – беделділік билікті жоғалту өте оңай. 
Әлеуметтік-психологиялық  талаптар  және  әкімшілік  қызметке  қабілет. 
Басшының тұлғасына қойылатын әлеуметтік-психологиялық талаптар: 


  өз қызметін түсіну қабілеті - кәсіби құзыреттілік, 
  адамдарды 
талдай 
білу, 
олардың 
мақсаттарын, 
міндеттерін, 
қажеттіліктерін, олардың жұмысқа, басқа адамдарға қарым-қатынасын түсіну 
- әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, 
  өзін  қарамағындағылардың  көзімен  көру  қабілеті,  оның  көзқарасы 
бойынша өз іс-әрекеттерін бағалау - рефлексивті қабілеті, 
  қатысушылардың  мақсаттары  мен  міндеттерін,  олардың  үміттері  мен 
ниеттерін  ескере  отырып,  бірлескен  қызметтің  мақсаттары  мен  міндеттерін 
жоспарлай білу — ұйымдастырушылық қабілеті. 
  жетекшінің  беделі  ретінде  анықталған  өз  құқықтарын,  өкілеттіктерін, 
жеке  ықыласын,  педагогикалық  қабілеттерін  пайдалана  отырып  адамдарға 
әсер ете білу. 
Басқару  қызметі  менеджерде  келесі  дағдылар  мен  қабілеттердің  болуын 
талап етеді: 
-  Өзін басқару қабілеті; 
-  Ақылға қонымды тұлғалық құндылықтар; 
-  Нақты жеке мақсаттар; 
-  Тұрақты жеке өсуге ұмтылу; 
-  Проблемаларды шешу дағдысы; 
-  Өнертапқыштық және инновацияларға қабілеттілік; 
-  Қоршаған ортаға әсер етудің жоғарғы қабілеті;  
-  Қазіргі заманғы басқару тәсілдерін білу; 
-  Басқару қабілеті; 
-  Бағыныстыларды оқыту және дамыту қабілеті; 
-  Тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті. 
Басшының  тұлғалық  белгілері.  Биліктің  тұлғалық  сапасын  анықтауда 
зерттеушілерді  осы  ерекшелік  назар  аудартқызды.  Басшының  тұлғалық 
белгілері  теориясы  ағылшын  антропологы  Ф.  Гальтонның  зерттеулерінің 
әсерінен пайда болды. Ол тұлғалық белгілер мұрагерлік жолмен беріледі деп 
есептеген, бірақ ол белгілердің тізімін ол жасай алмады. 
Америкалық психолог К. Берд тұлғаның ерекше белгілерін көрсететін 79 
белгіден тізім жасады,оның ішінде ынта,тіл табысушылық, әзілге бейімділік, 
энтуазизм,  сенімділік,  т.б.  кірді,  бірақ  олардың  ешқайсысы  тұрақтылығын 
сақтай алмады. Белгілердің 65 % -бір рез, 16 – 20 % - екі рез, 4-5 % - үш рез , 
тек 5 ғана бес – алты рез аталып өткен. 
Соған  қарамастан  жақсы  басшы  болу  үшін  әділдік,  білімділік,  тың 
ойлаушылық,  тәртіп,  жауапкершілік,  әлеуметтік  белсенділік,  т.б.  қасиеттер 
жатады. 
Басқарушылық шешімдер бойынша әдебиетте үш синоним қолданылады: 
«адам факторы»,  «жеке тұлғалық сипаттар» және «жеке тұлғалық мінездер». 
Адам  факторының  рөлі  басқару  шешімдерін  дайындау  процесіне,  басқару 
шешімдерін бағалау мен оны орындау нәтижелерін бағалау процесіне ықпал 
етуінде  көрінеді.  Жеке  тұлғалық  мінездерге:  иланушылық,  ерік,  денсаулық, 
тәжірибе,  ойлау  ерекшеліктері,  жауапкершілік,  кәсіпқойлық,  реакция, 


тәуекелдік,  темперамент,  сезімдік  деңгейі,  назар  түрі  жатады.  Басқару 
шешімдерін  дайындау  мен  жүзеге  асыру  тарапынан  адам  ойының 
ерекшеліктері:  тереңдік,  кеңдік,  жылдамдық  және  икемділік  қызығушылық 
тудырады. 
Тереңдік  –  адам  ойының  аналитикалық  мінезін,  талданып  жатқан 
жағдайдың  ішінде  себеп-салдар  байланыстарын  іздеуді  сипаттайды.  Адам 
бұл  кезде  қоршаған  элементтерден  абстракциялануы  мүмкін.  Мұндай 
адамдарға  басқару  шешімдерді  дайындаудың  аналитикалық  әдісі  тиімді 
болады. 
Кеңдік  –  ойдың  синтездік  мінезін  сипаттайды,  мұнда  адам  талданып 
жатқан  жағдайдың  рөлін  қызметтің  жалпы  сценарийінде  бағалай  алады. 
Ойдың  кеңдігі  сценарийлер  әдісін  және  «шешімдер  ағашы»  әдісін  тиімді 
қолдануға көмектеседі. 
Жылдамдық  –  берілген  компанияда  қабылданған  орта  деңгейне  қатысты 
тапсырманы  орындау  уақытымен  анықталады.  Қызметкер  басқалардан  гөрі 
жағдайды тезірек түсіне немесе тиімді шешімді тезірек әзірлей алады. Ойдың 
жылдамдығы  көптеген  нұсқаларды  қарастыруға  көмектеседі,  бұл  басқару 
шешімдерді дайындау мен жүзеге асырудың эвристикалық әдістерінде қажет. 
Икемділік  –  басқару  шешімдерді  әзірлеу  мен  жүзеге  асырудың  жаңа 
әдістеріне негізделген және  уақытында өтумен сипатталады. Икемділік және 
келісімге  дайындық  басқару  шешімдерді  дайындау  мен  жүзеге  асырудың 
матрицалық әдістері кезінде қажет. 
Басқарушылық  тәжірибеде  адамдармен  жұмыс  жасауды  жеңілдететін, 
басқару  шешімдерін  сәтті  дайындау  мен  жүзеге  асырудың  мүмкіндіктерін 
арттыратын  адам  қасиеттерінің  жиынтығы  бар.  Мұндай  жиынтықтың  бірі 
келесі  қасиеттерден  тұрады:  өте  жақсы  денсаулық,  жақсы  үй  иесі,  кәсіпқор, 
қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне 
сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге 
ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату. 
Сәтсіз  басшыға  тән  сипаттар:  асығыстық,  артық  жұмсақтық,  жеткіліксіз 
тәжірибе,  сөзшендік,  ұқыпсыз  сыртқы  түрі.  Оның  қызметі  ойда  болмаған 
жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады. 
Басшының тұлғасы. Басшының ерекшеліктерін зерттеуде оның тұлғасына 
баса  назар  аударылады.  Басшылық  жүйесіндегі  тұлға  менеджерлердің  шын 
басшы  болуына  көмектесетін  қасиеттер  кешенін  дамытуымен  көрсетіледі. 
Осыған орай биліктің басты қасиеттері ретінде мыналар саналады: 
•  Басшының тұлғалық белгілері; 
•  Тұлғаның өзі туралы түсінігі; 
•  Тәртібіне әсер етуші қажеттіліктер мен алға ұмтылушылықтар; 
•  Маңызды сендірулер жүйесі; 
•  Шешім қабылдау үлгісі; 
•  Тұлғалар арасындағы қатынас үлгісі; 
•  Стресске төзімділік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет