Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет64/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
Мәдениетаралық коммуникацияда қиындықтардың туу себептері. 
Әрқайсысымыз белгілі бір ортада тәрбиелендік, сол ортаның аса маңызды 
компоненттері  барлық  қоғам  мүшелерінің  дүниетанымына  құрамдас  бөлік 
болып  еніп,  белгілі  бір  мәдениетті  танытады.  Мәдениетаралық  қатынас 
кезінде 
коммуникативтік 
қиыншылықтар 
қатысушы 
мәдениетті 
құрастырушылардың  әртүрлігінен  туады,  айырмашылық  неғұрлым  көп 
болса,  қатынасу  үрдісі  де  соғұрлым  күрделірек  болмақ.  Мәдениетаралық 
қатынаста  туындайтын  барлық  проблемаларды  социолингвистер  үш  негізгі 
себепке тоғыстырған: 
1. Түрлі  мәдениеттердегі  мәдени  құндылықтардың  жиынтығының 
дифференцияналды  сипаты  -  мәдени  құндылықтардың  әрбір  жеке  алынған 
жүйесі  белгілі  бір  әлеуметтік  топқа  тән.  Мысалы,  бір  жатақханада  тұратын 
студенттер әр түрлі дінді ұстанса, мінез-құлықтары да әртүрлі болады. 
2. Әлеуметтік  қатынастар  шекарасының  айқынсыздығы  (нақты  шектің 
болмауы)  –  жалғыз  адам  әр  түрлі  әлеуметтік  топтардың  мүшесі  болып 
табылады,  әр  жеке  алынған  қос  индивидиумның  қатынастары  олардың 
әлеуметтік  мәртебесі  тұрғысынан  нақты  бір  мәнді  анықтамайды.  Мысалы, 
бастық  пен  бағынышты  адамның  қатынасы  өндірістік  фактормен  қоса  бір-
бірін  ұнату  –  ұнатпаумен,  балаларының  бір  мектепке  баруымен,  ортақ 
таныстарының  немесе  туысқандарының  болуымен,  не  бір  спорт  клубына 
мүше болуымен күрделенеді. 
3. Мәдени топтарда үстем идеологияның болуы. 
Американдық  социолингвистердің  пікірінше,  дәп  осы  себептер  қатынас 
сипатын  анықтап,  оған  тиісінше  мәдени  реңк  береді.  Әлеуметтік  топ 
мүшелерінің  бір  –  біріне  алғыс  айтуы,  кешірім  сұрауы,  мақтап-мадақтауы  – 


осының  бәрі  сол  әлеуметтік  топтың  мәдени  құндылықтарын  көрсетеді, 
өйткені  сол  сөздерді  айтқанда  адамдар  жанама  түрде  бір-бірінің  мінез-
құлқын, жетістігін, мінезі мен сырт бейнесін бағалайды [30, б.92-95]. 
Басқа  мәдениет  өкілімен  коммуникацияға  енгенімізде  сол  мәдениет 
туралы  сол  мәдениеттің  өзі  „үйреткен“  жаттанды  түсінікті  басшылыққа 
аламыз.  Бір  мәдениет  өкілінің  басқа  мәдениет  өкілінің  мінез-құлқын  дұрыс 
түсінуі,  ерекшеліктерін  білуі  жат  мәдениет  пен  оның  басқа  мәдениеттен 
айырмашылығын  түсінуіне  және  өзіңнің  дербестігіңді  сезіну  үшін  өз 
мәдениетіңмен салыстыруға көмектеседі. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Ахтаева  Н.А.  Басқару  психологиясы.  –Алматы:  Қазақ  университеті. 
2018 .  
2.  Гришина Н.В. Я и другие. Общение в трудовом коллективе. М., 2010 г.  
3.  Панасюк  В.Ю.  Управленческое  общение:  практические  советы.  М., 
2010 г.  
4.  www. psychology.academic.ru  
5.  www. bse.freecopy.ru  
6.  Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», 2017ж.  
7.  Н. Іргебаева. Басқару психологиясы. Оқулық. -Алматы: ҚазҰПУ. 2015.- 
356 б.  
8.  А.Д.  Умбеталиев,  К.Б.  Сатымбекова,  Ғ.Е.  Керімбек.  Басқару 
психологиясы. Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2017. - 464 б.  
9.  Р.Н.  Бегайдарова.  Ұйымдастыру  теориясы.  Оқу  құралы.  -Алматы  : 
Book Plus, 2014. - 202 б.   
10. В.С.  Иванова.  Психология  управления.  Уч.пос.  -  Томск:из-воТомПУ. 
2011.- 88 с.  
11. Корпоративті  басқару:  қазақстандық  мазмұн.  Оқу  құралы.  С.А. 
Филиннің жалпы редакциясымен – Алматы, 2010ж., 302 б.  
12.  Корпоративтік этика. Компанияның Байқау кеңесінің 2016 жылғы 10 
қазанындағы  (№32  хаттама)  шешімімен  «СҚ-Фармация»  ЖШС 
Корпоративтік этика кодексі бекітілді  
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет