Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет67/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

Басқару іс-әрекетіндегі күйдің реттелу ерекшелігі 
 


Тұлғаның  маңызды  мақсатқа  жетуі  мүмкін  болмауынан  туындайтын 
фрустрациялық  күй  көбінесе  стресс  себебі  болып  келеді.  Олардың  дамуы 
келесідей жүреді: 
1) мәнді мақсатқа қарқынды қажеттіліктің болуы; 
2)  оларды  қанағаттандырудың  құрсаулануы  (өз  мүмкіндіктерінің 
шектеулілігі немесе сыртқы кедергілер); 
3) кері эмоциялар және олардың тұрақты негативті күйде – фрустрацияда 
тіркелуі. 
Фрустрация дәл осы басқару іс-әрекеті үшін өзіндік ерекшелікке ие, онда 
көптеген мәнді мақсаттар, қажеттіліктер, жоспарлар және олардың іске асуы 
жолындағы  әртүрлі  тектегі  «кедергілердің»  (фрустрациялардың)  алуан  түрлі 
кедергілер 
мен 
шектеулердің 
үлкен 
саны 
сабақтасады. 
Тұлғаның 
фрустрацияға  әсерінің  негізгі  екі  формасы  бар:  интрапунитивтік  және 
экстрапунитивтік  әсерлер  ұғымы.  Біріншісінде  депрессия,  ал  екіншісінде 
агрессия дамиды [35]. 
Фрустрацияларға  тұрақтылық  –  жетекшінің  кәсіби  маңызды  сапасы. 
Құралдардың екі тобы осындай тұрақтылықтың артуына ықпал етеді. 
1.  Фрустрацияны  жеңудің  іскерлік  тәсілдерін  қалыптастыру  олардың 
арасында басты орын – фрустрациялық тәжірибенің жинақталуына тиесілі. 
2.  Фрустрациялық  күйдегі  тұлғаны  психологиялық  қорғау  құралдары. 
Егер  жағдайды  өзгерту  мүмкін  болмаса,  онда  оған  деген  қатынасты  өзгерту 
керек.  Жетекшінің  іс-әрекетіндегі  фрустрациялық  тұрақтылығы  мен  стреске 
тұрақтылығы 
олардың 
интегративтілік 
байқалуында 
беріледі. 
Олар 
жетекшінің «соққыға төтеп беру шеберлігі» сияқты сапасының қалыптасуына 
көмектеседі. 
Жетекшінің іс-әрекетіндегі өте маңызды компоненті – шұғыл іс-қимылға 
дайын  болуы.  Шұғыл  іс-қимылға  дайын  болу  жоғары  тұлға  жаңа  және 
күтпеген жағдайлардың туындауын стрестік фактор емес, оқиғаның қалыпты 
дамуы  ретінде  қарастырады.  Жаңашылдық  факторы  өзінің  стрессогенділігін 
жоғалтады,  ал  туындайтын  эмоционалдық  конструктивтік  тәсілдерін  іздеуге 
бағытталады. 
Эмоционалдық  резистенттілік  –  күрделі  психикалық  түзілім.  Ол 
субъективтік  ағымды,  жағдайды  барынша  қауіпті,  яғни  эмогенді  ретінде 
қабылдауға  бейімділікті  сипаттайды.  Бұл  ағым  айқын  болса,  тұлға 
резистенттілік емес ретінде және керісінше сипатталады. 
Дәл бірдей жағдайлар әртүрлі резонанс (субъективтік пікірлер) табылады, 
оның  шамасымен  тұлғаның  қандай  да  бір  оқиғадағы  мінез-құлқының  жалпы 
үлгісі  анықталады.  Бір  адамдар  жағдайдың  эмоциогенділігін  (огметингтер  – 
ағылш.  augmetіng)  ұлғайтады,  екіншілері  –  оны  төмендетеді  (редъюстингтер 
–  ағылш.  redustіng).  Сондықтан  жағдайды  не  гиперэмоционалдық,  не 
гипеоэмоционалдық бағалау қатынастар туындатады. Басқару іс-әрекеті үшін 
жоғарылатылған эмоционалдық резистенттілік басымырақ. Басқару өтілі мен 
кәсіби біліктіліктің артуы кезінде резистенттілік артады. 
Эмоционалдық  кернелу,  созылмалы  стресс,  шекті  жағдайлар  –  торығу 
ұғымымен  біріктірілетін  негативтік  психикалық  күйлер  санатының  дамуы 


үшін  қуатты  көз  болады.  Бұл  күйдің  даму  қарқыны  мен  оның  басқару  іс-
әрекетіне ықпалы ерекше, ол келесі себептермен сипатталған: 
1) 
іс-әрекеттің 
күрделілігімен, 
соған 
байланысты 
мәселелердің 
субъективті  қиындығымен,  сондықтан  оларды  жүзеге  асыру  үшін 
психофизиологиялық шығынды өтеу қажет; 
2)  іс-әрекетте торығудың даму себептері болып  табылатын эмоциогендік 
факторлардың болуымен; 
3) жетекшінің бүкіл іс-әрекетін қамтитын жауапкершілікпен; 
4)  торығу  дамуының  күшті  факторы  болып  табылатын  іс-әрекет 
полифокустылығымен; 
5) нормаланбаған жұмыс күнімен. 
Эмоционалдық,  еріктік  күштер,  күйлер  жетекші  іс-әрекетінің  реттелуін 
қамтамасыз  етеді,  бірақ  олар  сыртта  да,  яғни  мінез-құлықта,  тілде,  ымда, 
т.с.с.  байқалады.  Бұл  байқалымдарды  бақылау  керек.  Оларды  жетекші 
тұлғааралық өзара іс-қимылда қосымша арна, өзінің ойлары, көзқарасы және 
болжаулары  туралы  ақпарат  құралы  ретінде  қолдана  алады.  Әлеуметтік 
психология  мен  басқару  психологиясында  осының  барлығы  тұлғааралық 
өзара іс-қимылдың экспрессивтік контуры ұғымымен белгіленеді. 
Жетекші  үшін  экспрессивтік  құралдарды  игеру,  өзінің  экспрессивтік 
мінезін реттеу шеберлігі өте маңызды. 
Экспрессивтік компонент негізгі үш аспектіден тұрады. 
1.  Өзінің  мінез-құлқына  тұтастай,  өзінің  еріктік  және  эмоционалдық 
күйінің экспрессивтік байқалуларына субъективтік бақылау. 
2.  Қол  астындағыларға  экспрессивті  әсер  етудің  құралдарын  игеру 
(жігерлі, аяулы жетекшінің имиджі). 
3.  Экспрессивтік  құралдарды  қол  астындағылар  туралы  ақпарат  арнасы 
ретінде  қолдану.  Бұл  –  тұлғааралық  перцепция  дәлдігінен,  экспрессивтік 
сензитивтіліктен 
және 
психологиялық 
өтімділіктен 
құралатын 
диагностикалық шеберлік. 
ІІІ.  Басқарудағы  дау-дамайды  жеңу  стратегиясы  мен  технологиясы  
мәселелері 
Даулы  мәселелердi  екi  тұрғыдан  алып  қарастыруға  болады:  бiрiншiден, 
дау-дамайдың  пайда болып, өрши түсу заңдылығы, осындай заңдылықтарды 
бiлiп  жүрген  адам  дау-дамайды  бастамай  тұрып,  оның  алдын  алады. 
Дегенмен  адам  өзiн-өзi  дау-дамайдан  сақтанамын  дегенмен,  ол  өмiр 
тiршiлiгiнде жанына батарлық, әдiлетсiз мiнез-құлықтардан бойын аулақ сала 
алмайды.  Өзiн  ренжiткен,  дұшпандық  жасаған  адамға  көзiн  жұмып  жүре 
беруге  шыдай  алмайды.  Сондықтан,  басталған  дау-дамай  себебiн  толық 
түсiнуге  тырыса  отырып,  түсiнiстiкпен  қарап,  бiрден  оның  шешу  жолын 
қарастыруға тырысу керек. 
Екiншiсi,  маңызды  бағыт  –  дау-дамайдың  неден  пайда  болғандығын 
анықтайтын жағдайды талдау техникасын меңгеру.  
Мәселенi  шешуде  мына  жағдайларға  тоқталған  жөн,  олар:  талас-
тартыстың  мәнi,  оның  туындау  себептерi,  таласты  шешу  жолдары,  бiрлесе 


отырып  жеңу  тәсiлдерi  мен  оны  жүзеге  асыру  жолдары,  даулы  мәселенi 
шешудегi тиiмдi әдiс-тәсiлдер.  
Талас  жағдайларын  сараптасақ,  көп  жағдайда  қақтығысып  қалған 
адамдар,  конфликтiң  негiзгi  себебiн  түсiндiрiп  бере  алмайды,  олар  үстiртiн 
себептерiн  атап  айтқанмен,  тереңде  жатқан  себебiне  көңiл  аударғысы 
келмейдi.  Диагнозы  жоқ  ауруды  емдеудiң  нәтижесi  болмайтынын  бәрiмiз 
бiлемiз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет