1-бiреуден асып түсуге ұмтылу;
2-агрессияға бой ұру;
3-эгоизмге бой ұру.
Бұларды жақыннан алып қарасақ, бiреуден асып түсуге ұмтылу бұйрық
беру арқылы көрiнедi.
Дау-дамайды шешудiң негiзгi жолдары. Дау-дамайды шешудiң түрлi
әдiс- тәсiлдерi екiге бөлiнедi: тура (ашық) және жанама (жасырын).
Тура шешу әдiсi:
1-өз көзқарасынан таймау;
2-бағынушылардың көзқарасын ескере отырып, өз әрекетiн қайта
қарастыру;
3-конфликтiнi елеп-ескермеу;
4-бiрлесе жұмыс iстеп, бiрлесе шешiм қабылдау.
Жанама шешу әдiстерi.
Бұлар бiрнеше тiзбектен құралған жасырын әрекеттердi сипаттайды:
1-сезiмдерiн сыртқа шығару ұстанымы: қазiргi кездегi көрнекi
психотерапевтердiң бiрi К.Роджерстiң айтуынша, егер адамға оны толқытып
тұрған барлық негативтi сезiмдерiнiң шығуына мүмкiндiк берсе, бұл сезiмдер
бiрте-бiрте позитивтi сезiмдерге айналады.
2-эмоцияны қайтару ұстанымы.
Дау-дамайды басудың төте тәсiлдерi адамдар арасында тұрақты және
жағымды қарым-қатынас орнату әлеуметтiк өмiрдiң өзектi мәселесiнiң бiрi.
Сондықтан адамдардың бiрiмен-бiрi жалпы тiл табысып, қоғамдық өмiрдi
кеңейту жолындағы еңбек әрекетiн дамытып, бүкiл қоғамдық игiлiктер
жасауда шексiз маңызды істер бар, әрi мұндай әрекеттер игi мақсат болып
табылады.
Дау-дамайда келесi стратегиялар бар:
1. Дау-дамайдың алдын-алу немесе профилактика;
2. Дау-дамайды пайда болу кезеңдерiнде басқару;
3. Дауды шешу әдiстерiн қолдану (конструктивтi, деструктивтi);
Дау-дамай мен оның салдарын жобалау.
Достарыңызбен бөлісу: