Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Өндірістік  дау-дамайлар.  Өндірістік  дау-дамайлар  –  бұл  еңбек 
ұжымының  өндірістік  қарым-қатынастарындағы  қайшылықтарды  көрсетудің 
өзіндік ерекше формасы.  
Өндірістік  дау-дамайлар  барлық  деңгейде  кездеседі.  Өндірістік  дау-
дамайлардың мынадай типтерін атап көрсетуге болады: 
1)  Шағын  өндірістік  топтар  ішіндегі  дау-дамайлар  (топішілік  дау-
дамайлар): 


- қатардағы қызметкерлер арасындағы дау-дамайлар; 
- басшылар мен қарамағындағылар арасында дау-дамайлар; 
- біліктілігі, жастары әртүрлі қызметкерлер арасындағы дау-дамайлар. 
2)  Шағын  өндірістік  топтар  арасындағы  дау-дамайлар  (топаралық  дау-
дамайлар); 
3)  Өндірістік  топтар  мен  әкімшілік-басқару  аппараты  арасындағы  дау-
дамайлар; 
4)  Кәсіпорын  (ұйым)  иегерлері  арасындағы  дау-дамайлар.  Олар  шағын 
топтарда (бригада, звено, бөлімше), бірлескен қызметті орындайтын адамдар 
арасында туындайды.  
Оларға  ортақ  мүдделер  мен  мақсаттар,  функциялар  мен  рөлдерді  ішкі 
бөлу  тән;  олар  тікелей  өзара  байланыста  және  өзара  қарым-қатынаста 
болады. 
Топішілік дау-дамайлар. 
1.  Қатардағы  қызметкерлер  арасындағы  дау-дамайлар  –  бұл  бір 
бөлімшеде  жұмыс  істейтін,  бір  қызметтегі,  бірақ  қызмет  бойынша  жылжуға 
және  мейлінше  жоғары  жалақы  алуға  ұмтылатын  қызметкерлер  болуы 
мүмкін.    Мысалы,  бір  бөлімше  қызметкерлері  өзінің  бастығына  жағымды 
әсер қалдыруға тырысып, өзара бәсекелестікте болады.  
Сырттай  қарағанда  қызметкерлер  арасындағы  қарым-қатынас  сыпайы 
болып  көрінеді.  Бірақ  ар  жағында  әрқайсысы  екіншісіне  «қатерлі»  соққы 
жасауға  дайын.  Олардың  арасындағы  күрес  өте  бүркемеленіп  өтеді,  ол  үшін 
әртүрлі  тәсілдер  пайдаланылады:  астарлы  ишара;  жан-жағындағылардың 
көзінше  қабілетті  және  жауапкершілікті  қызметкер  ретінде  әсер  қалдыруға 
ұмтылу;  өшпенділік;  дұшпандықты  байқату.  Дау-дамайдың  туындауына 
қызметкерлер мүдделерінің сәйкес келмеуі негіз болады [14, 15].  
Бірлескен еңбек қызметі барысында қызметкерлердің жеке мақсаттарына 
жетудегі  кедергілерге  жауап  ретінде  пайда  болатын  дау-дамайларды  атап 
көрсетуге  болады,  мысалы,  өндірістік  тапсырмаларды  бөлу  (тиімді-тиімсіз), 
демалыс кестесіне, сыйақыны беруге қанағаттанбау және т.с.с. 
Дау-дамайлар 
шағын 
топ 
мүшелерінің 
мінез-құлқын 
ұжымда 
қабылданған  нормаларға  сәйкес  кеймейді  деп  қабылдаудан  туындауы 
мүмкін.  Сонымен,  бір  нарядқа  жұмыс  істегенде  әрқайсысының  жалақысы 
барлығының 
табысты 
жұмыс 
істегеніне 
байланысты 
болады. 
Бір 
қызметкердің  еңбек  тәртібін  бұзуы  еңбек  қызметіне  қатысушылардың 
барлығын сыйақыдан айыруға алып келіп, дау-дамай туындатуы мүмкін.  
2.  Басшылар  мен  қарамағындағылар  арасында  дау-дамайлар,  олардың 
негізінде  көбінесе  қызметтік  рөлдерді  бөлумен  анықталатын  қатынастар 
жатады.  Шағын  топтарда  басшылық  ететін  ядро  мен  бағыныштылар  бар. 
Егер  ұжым  мүшелері  арасында  өзара  түсіністік  пен  қарым-қатынас  орнаса  – 
бұл  топтың  үйлесімді  жұмыс  істеуіне  ықпал  етеді.  Бірақ  олардың  арасында 
жеке  тұлғалық  ерекшеліктермен  және  өздерінің  рөлдерін  орындауға  ықпал 
ететін  қайшылықтар  туындауы  да  мүмкін.  Бірінші  кезекте  бұл  бағыну 
мәселесіне  байланысты.  Сонымен,  авторитарлық    типке  ие  тұлғалар 
басқалардың  билік  етуіне  әрең  көнеді.  Қатал,  иілмейтін  басшыға  олар  оған 


тек сырттай бағынады. Тұлғасы осындай типті адамдар дау-дамай көзі болуы 
мүмкін. 
Ұйым  қызметіне  әсер  ететін  факторлар  арасында  басшы  мен 
қарамағындағылардың өзара қарым-қатынасы үлкен рөл ойнайды. Ол шағын 
топтарда,  яғни,  материалдық  және  рухани  құндылықтар  жасалатын, 
өндірістің  негізгі  мәселелері  шешілетін  орында  мейлінше  көп  байқалады. 
Көбінесе  дәл  осы  жерде  дау-дамайлық  жағдайлар  мен  дау-дамайлар 
туындайды. Олар басшы мен оның қарамағындағылардың мақсаттары, мінез-
құлық  мотивтері,  мүдделері,  әлеуметтік  үміттері  сәйкес  келмеген  жағдайда 
туындайды.  Сонымен,  басшы  қарамағындағылардың  табысты  өндірістік 
қызметі  үшін  жағдай  жасамайды,  жұмыстың  ырғақтылығы  бұзылады,  бұл 
жұмыстың  тоқтап  қалуына  алып  келеді  және  жұмысшылардың  айлығына 
әсер  етеді.  Қызметкер  өзіне  тиістіні  алмайтындықтан  қанағаттанбаушылық 
туындайды. Бұл жағдай дау-дамайды ықтимал етеді.  
Күнделікті  өмірде  басшы  мен  бағыныштылар  арасындағы  қарым-
қатынаста  дау-дамайға  ұласып  кететін  шиеленіс  пайда  болатын  жағдайлар 
туындайды.  Мысалы,  кәсіпорын  не  мекеме  басшысының  талабы  бойынша, 
бірақ  ар-ұжданына  қарсы,  бөлімше  басшысы  қызметкерді  жұмыстан 
шығаруы  керек.  Оны  орындамау  бөлімше  басшысының  қызмет  бойынша 
жылжуына  кедергі  келтіреді.  Бұл  жағдайда  мүмкін  болатын  екі  шешім  бар 
және  екеуінің  де  салдары  жағымсыз.  Бұл  жерде  басшы  мен  бағынышты 
арасында  дау-дамайдың  туындауына  ықпал  ететін  қайшылықтар  анық 
көрініп тұрады.  
Ұжым  қызметінің  жағдайын,  оның  өндірістік  қажеттіліктері  мен 
бағыныштылардың  үмітін  елемейтін  басшының  жұмыс  істеу  стилі 
арасындағы  сәйкессіздік  қақтығыстар  мен  шиеленістерге  алғышарт  ретінде 
болуы  мүмкін.  Бұл  егер,  мысалы,  жеке  мүдделер  мен  мақсаттарға 
бағдарланған  ұжымға  талап  қойғыш,  принципиалды,  әлеуметтік-құндылық 
бағдарлы басшы келетін болса туындауы мүмкін.  
Өзінің  қызметтік  жағдайымен  әшкереленген  басшы  ұжым  мүшелерінің 
алдына кей уақытта ең қарапайым емес мәселелерді қояды. Оларды орындау 
белгілі  бір  шиеленісті,  еңбек  жағдайын  жақсартуды,  қалыптасқан 
түсініктерді  қайта  қарауды  талап  етеді.  Мұндай  жағдайда  барлық 
қызметкерлер жағдайды бірден түсініп, жылдам өзгеруге қабілетті болмайды.  
Қызметкерлердің  бір  бөлігі  бұрынғыдай  жұмыс  істеп,  ұжымның  алдына 
қойылған  міндетті  орындауға  кедергі  келтіреді.  Жылдам 
өзгеруге 
қабілетсіздік  шиеленіс  тудыруы  мүмкін  екені  анық.  Жаңа  басшы 
жұмысшыларды 
жеткілікті 
жақсы 
білмегендіктен 
және 
оларға 
сенбегендіктен,  қатаң  тәртіп  керек  деп  шешеді.  Жұмысшылар  мұндай 
шешімге қорланып, нашар жұмыс істей бастайды, күштерін толық салмайды. 
Бірақ  қатаң  қадағалау  мәселені  шеше  алмады.  Нәтижесінде  олар  тұйыққа 
тіреледі,  жұмысшылардың  өз  міндеттеріне  немқұрайдылықпен  қарауы 
мейлінше  қатаң  тәртіпке  себепкер  болды,  бұрынғыдан  да  көбірек 
немқұрайдылық  пен  қарсыласу  тудырды.  Жұмысшылар дұшпандық  ыңғайда 
болды,  өйткені,  басшы  өзін  бағыныштылардан  «жақсы»  сияқты  ұстағанын 


сезінді.  Білетін  және  тәжірибелі  басшы  жағдайды  басқаруды  өз  қолына 
алады,  қалыпты  адами  қарым-қатынас  орнатады  және  қайшылықтың  дау-
дамайға ұласуына жол бермейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет