Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет75/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   146
Байланысты:
журнал казну вестник

ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ
1
 
 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. 
Мақалада Тобыл алабы өзендерінің жылдық ағындысының кеңістік бойынша таралу 
заңдылықтары қарастырылды. Зерттелмеген өзендердің ағындысын бағалау əдістемесі 
нақтыланды.
Гидрологиялық практикада көбінесе зерттелмеген өзендер ағындысын есептеуге тура 
келеді. Бұл жағдайда аумақты аудандау əдісі қолданылады.
Cолтүстік Қазақстанда бақылау қатары ұзақ бекеттер аз болғандықтан, бұл əдісті 
қолдану үлкен қиыншылықтар туғызады. Бұл жағдайда зерттелмеген өзендердің жылдық 
ағындысын есептеу үшін жылдық ағындының негізгі ағынды қалыптастырушы немесе 
географиялық факторларға тəуелділігін айқындау үлкен маңызға ие. Аталған факторлардың 
белдеулік заңдылығы бұзылатын таулы аудандарда өзендер сулылығының (q) су жинау 
алабының орташа биіктігіне тəуелділігіне негізделген ағынды есептеу əдісі кеңінен 
қолданылады. q = f(Н
ор
) тəуелділігі жазықтық Қазақстан жағдайында да кеңінен 
пайдаланылады.
Аталған əдісті /1, 2/ -де Қарағанды облысының су жинау алабының ауданы 3000 км
2
артық зерттелмеген өзендерінің қалыпты ағындысын есептеу үшін қалыпты жылдық 
ағындының су жинау алабының орташа биіктігіне тəуелділігі жүйесін пайдалану арқылы 
қолдану ұсынылды.
Бұл зерттеулердің өткен ғасырдың 60-шы жылдары жүргізілгені белгілі. Ол кезде 
қарастырылып отырған Тобыл өзені алабының гидрологиялық тұрғыдан зерттелу деңгейі 
əлсіз болатын. Кеңес үкіметінің тарап кетер алдында, яғни 1990 жылдардың басында бұл 
ауданның зерттелу деңгейі əжептəуір жақсарды. Бірақ, еліміз егемендігін алған алғашқы 
жылдары экономикалық дағдарыстың салдарынан Казгидромет мекемесіне қарасты көптеген 
гидрологиялық бекеттер жабылып қалды. Тобыл өзені алабында бірнеше ғана бекеттер 
қалды. Дегенмен 1990 жылдарға дейін айтарлықтай гидрометеорологиялық ақпарат 
жинақталғандықтан, осы деректерді аудандық тəуелділіктерді нақтылау мақсатында 
қайтадан 
қарастырудың 
қажеттілігі 
туындады. 
Шындығында 
гидрологиялық 
сипаттамалардың аумақ бойынша таралуы аудандастыру кезінде берілетін түрлі сұлбаларда 
ұсынылатын үлестірімдерге қарағанда əдетте күрделірек болуы керек. Аумақтық зерттелу 
деңгейі жақсарған сайын аудандық тəуелділіктердің дифференциациялануының ұлғаюы да 
сөзсіз орын алады.
Осы зерттеулердің негізінде ағындыны ағынды изосызықтары картасы (географиялық 
интерполяция əдісін пайдаланып) параметр мəндерінің аудандық карталары немесе аудандық 
есептік тəуелділіктер түрінде аумақтық жинақтап-қорыту жүзеге асырылады.
Тобыл өзені алабында ағындының қалыптасуын талдау кіші ағынсулардың 
салыстырмалы сулылығы, əдетте, орташа өзендердің ағындысымен салыстырғанда жоғары 
екендігін көрсетті. Аталған құбылыс кіші өзендердің алабында қардағы су қорының біршама 
мол екендігінің жəне еріген қар суының сүзілуге жəне беттік тұтылуға кететін шығынының 
мардымсыз екендігінің салдары. Кіші су жинау алаптарында қардағы су қорының аздап мол 
1
Жұмыс ҚР Білім жəне Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитетінің қаржылай көмегімен орындалды. Келісім-
шарт нөмірі № 73. 2010 жыл 2 наурыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет