ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31)
77
болуы қар жамылғысының желмен ұшып келуінің жəне оның арналар желісінде ұсталып
жинақталуының нəтижесі. Оның салыстырмалы ұзындығы əдетте алаптың ауданы
кішірейген сайын ұлғаяды.
Еріген қар суы шығынының азаюы беттік ағындының жүріп өту жолының қысқаруы
жəне кіші су жинау алабының шегінде тұйық ауданның аз болуымен айқындалады.
Тобыл өзені алабының кіші өзендерінің қалыпты ағындысын есептеу бойынша нұсқау
өлшемдері əртүрлі су жинау алаптарының ағынды шамаларының орташаланған
қатынастарын айқындауға негізделген. Аталған қатынасты айқындау үшін бірдей физикалық
географиялық жағдайда орналасқан жəне тек өздерінің өлшемдерімен ғана ерекшеленетін
ағынсулардың материалдары пайдаланылды. Кіші ағынсулар бойынша қолда бар
материалдар өте шектеулі болғандықтан аудандары əртүрлі алаптардың ағындысын
салыстыру кезінде тек көпжылдық ағынды шамалары ғана емес, сонымен қатар жекелеген
жылдардың ағындысы да пайдаланылды.
Оның үстіне ауданы 3000 км
2
жəне одан да артық су жинау алаптары үшін өту
коэффициенті 1-ге тең деп алынды, ал ауданы кіші өзендер үшін кіші ағынсу ағындысының
орташа өзеннің ағындысына қатынасы ретінде анықталды /3/.
Тобыл өзені ағындысының аумақ бойынша үлестірімінің негізгі ерекшеліктерін тікелей
тірек бекеттерде жүргізілген бақылау деректері бойынша бағалау бекеттердің аздығына жəне
олардың аумақ бойынша əркелкі орналасуына байланысты қиыншылық туғызады.
Су жинау алабының жер бедері ағындының қалыптасуына айтарлықтай əсерін тигізеді,
оның үстіне жер бедері қардың жинақталу жағдайына ғана емес, сондай-ақ өзен алабы
шегінде еріген қар суы шығынының өлшеміне де əсерін тигізеді.
Су жинау алабында гидрографиялық желінің даму дəрежесі мен алап беті еңістігінің
дамуы тікелей жер бедері сипатына, соның ішінде су жинау алабының биіктігіне тəуелді.
Тобыл өзені алабында жылдық ағынды модулінің су жинау алабының орташа биіктігіне
тəуелділігінің бар болуы беттік ағынды қарқындылығын айқындайтын соңғы фактордың
ықпалымен түсіндіріледі.
Алынған тəуелділіктер барынша жуық, тек қана жергілікті жердің биіктігі артқан сайын
ағындының қалыптасу жағдайының жақсаратынының жалпы бағытын көрсетеді. Нүктелік
сипатқа ие бұл тəуелділіктер арқылы топырақ грунттың ерекшелігіне байланысты алаптың
оңтүстік бөлігіндегі ағынды қалыптасуының қолайсыз жағдайы да сипатталады.
Мақалада
Тобыл
алабы
өзендерінің тұстамаларында жүр-
гізілген бақылау деректері бойын-
ша қалыпты жылдық ағынды
модулінің (q) орташа биіктікке
(Н
ор
) тəуелділігі зерттелді.
Ол үшін Тобыл алабында
жатқан өзен-бекеттердің қалыпты
жылдық ағынды модулі, су жинау
алабының
орташа
биіктіктері
енгізіліп көмекші кесте құрасты-
рылды. Аудандық тəуелділіктерді
тұрғызуға қажетті бастапқы дерек-
тер төмендегі 1-кестеде келтірілді.
Тірек бекеттердің дерек-тері
бойынша дала жəне орманды дала
зонасы үшін қалыпты ағындының
су жинау алабының орташа биіктігіне тəуелділігін айқындадық (1-сурет).
Сонымен, кіші өзендер-дің ағынды бойынша дерек-терін талдай келе мынадай
қорытындыға келдік: жуықтап бірдей биіктік белдеуінде жат-қан осы кіші өзендердің ағын-
1-cурет. Жылдық ағынды модулінің алаптың орташа биіктігіне тəуелділігі