Microsoft Word 1 География doc



Pdf көрінісі
бет84/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146
Байланысты:
журнал казну вестник

ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31) 
 
85 
орналасқан таралу аймағы, онда су алу жəне оның бір бөлігінің өзенге қайтуы жүзеге 
асырылады, төртіншісі – Сырдария өзенінің атырауы. Атырау – өзеннің теңізге құяр аумағы, 
мұнда ерекше табиғи кешенді сақтай отырып, негізгі арнаның жеке тармақтарға бұтақтануы 
басталады. Сырдария өзені үшін атырау Қазалы су торабының төменгі бьефімен жəне 
Қаратерең бекетімен шектелген /1/. 
Алаптың су тұтынушылары: 

суармалы егін шаруашылығы, жайылымды шаруашылықты суландыру, ауылдық 
елді мекендерді сумен қамту құрамындағы агроөнеркəсіптік кешен; 

өнеркəсіп; 

энергетика; 

қалалар мен қала тұрпатты қыстақтарды шаруашылық-ауыз сумен қамту; 

балық шаруашылығы; 

табиғи кешендер (өзен жайылмасы жəне атырауы, теңіз). 
Суды тұтыну негізінен 93,6% жер беті суының есебінен жүреді. Жер асты суын 
пайдалану 3,9 пайызды, қайтымды жəне ақаба сулар 2,5 пайызды құрайды (1-кесте) . 
1-кесте 
1990-1995 жж. кезеңдері үшін су ресурстарын тұтыну динамикасы (км
3
/жыл) 
Жылдар 
Көрсеткіштері 
1990 1991 1992 1993 1994 1995 
1990-1995 жж. 
бойынша орташа 
Барлығы: 
11,30 11,70 11,75 11,35 10,76 9,64 
11.08 
Оның ішінде келесі су көзі есебінен: 
- жер беті 
10,42 10,87 10,92 10,65 10,23 9,14 
10,37 
- жер асты 
0,45 0,46 0,43 0,41 0,40 0,43 
0,43 
- қашыртқы-кəрізді су жəне ақаба 0,43 0,37 0,40 0,29 0,13 0,07 
0,28 
Көрші мемлекеттерден түсетін «өзен суының» 50 пайызын қайтымды сулар 
құрайтынын айта кету қажет. 
Су тұтынушылар бойынша пайдаланылатын судың үлестірімі: 

82% агроөнеркəсіптік кешен; 

2,3% өнеркəсіп; 

1,6% қалалық шаруашылық-тұрмыстық; 

14% табиғи нысандар; 
Алаптың қазақстандық бөлігінде 14 негізгі гидротехникалық нысандар бар (2-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет