Microsoft Word 5В072400 Отарбаев Алишер



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата05.02.2023
өлшемі0,8 Mb.
#65213
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
24 
4 Эконмикалық бөлім 
 
4.1 Турбобұрғының жаңа тораптарына қойылатын негізгі талаптар 
және олардың құны
Дипломдық жобада әзірленген турбобұрғылардың апгрейд технологиясы 
ауысымды бөлшектер мен тораптарға қойылатын келесі негізгі талаптарға 
негізделеді: 
1) Турбобұрғының жаңа ауыспалы бөлшектерінің конструкциялары 
ауыстырылатын бөлшектермен габариттік және орнату өлшемдерін 
біріздендіруді көздеуі тиіс; 
2) Жаңа бөлшектер ауыстырылатыннан үлкен тозуға төзімділігі болуы тиіс; 
3) Жаңа турбинаның энергетикалық сипаттамасының параметрлері берілген 
геологиялық-техникалық шарттар үшін бұрғылау режимінің оңтайлы немесе 
оған жақын параметрлерін қамтамасыз етуі тиіс; 
4) Жаңа турбинаның энергетикалық сипаттамасы ұңғыманы бұрғылау 
кезінде бұрғылау сорғыларының қажетті гидравликалық қуатын ұлғайтпауы 
тиіс; 
5) Статор мен ротордың жаңа сатылары турбобұрғының пайдалану 
сипаттамаларын нашарлатпауы тиіс; 
6) Жаңа тіректер турбобұрғының сенімділігі мен ұзақ мерзімділігінің 
параметрлерін ұлғайтуды қамтамасыз етуі тиіс;
7) Жаңа тығыздағыш элементтер бұрғылау ерітіндісінің зиянды ағуын 
азайтуды қамтамасыз етуі тиіс;
8) Жаңа бөлшектердің құны турбиналық бұрғылаудың тиімділігі мен 
бәсекеге қабілеттілігін төмендетпеуі тиіс; 
9) Ескірген бөлшектерді жаңасына ауыстыру қолданыстағы стандартты 
жабдықта турбобұрғыны құрастыру–бөлшектеу процесін айтарлықтай 
қиындатпауға тиіс; 
10) Апгрейд көрсеткіштері осы бұрғылау кәсіпорнында турбиналық 
техниканың кәсіпшілікпен - сынақтарымен расталуы тиіс. 
Техникалық құралдарға келетін болсақ, жаңғырту үшін ірі машина жасау 
зауыттары да, шағын ғылыми-енгізу фирмалары да соңғы жылдары әзірленіп, 
өндірілетін және жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес келетін турбиналар
тіректер мен сальниктер сатыларының жаңа түрлері пайдаланылуы мүмкін. 
ТВМ-240 турбинасы турбобұрғылардың пайдалану көрсеткіштерін 
айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді және турбиналық бұрғылау 
технологиясын мақсатты жаңғыртуға арналған. 
Сынақ нәтижелерін техникалық – экономикалық талдау және 
жаңғыртылған техника мен технологияларды енгізу ұсынылған шешімдердің 
барлығы нақты тиімділікті қамтамасыз ететінін көрсетті. Тозуға төзімділіктің 
салыстырмалы көрсеткіштеріне байланысты ПУМ-240 осьтік тірегінің бір 
жиынтығына экономикалық әсер 30000-нан 112000руб-ға дейін болуы мүмкін.
ШС-240 тұрақтандырылған шпиндельді қолданудың әсері сенімділік 


 
25 
көрсеткіштеріне байланысты бір шпиндельге 80780-нен 357740 тг-ге дейін 
құрайды. Ол ұңғыманың жобалық бейінінің берілген көрсеткіштерін қатаң 
орындаудан бұрғылаудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өсуін 
есепке алу кезінде едәуір ұлғайтылуы мүмкін. Жоғары моментті ТВМ-240 
турбинасы турбиналық бұрғылаудың оңтайлы немесе оған жақын режимдерін 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан гидравликалық забой 
қозғалтқыштарына келетін өту (проходка) метрінің құнын нақты үнемдеуден 
экономикалық әсердің негізгі үлесі осы турбинаға жатқызылуы мүмкін. Бұдан 
басқа, жөндеу аралық кезеңді ұлғайту есебінен ТВМ-240 турбинасы бір үш 
секциялы турбобурға 138480 тг-ге жуық немесе турбинаның бір сатысына 3 808 
тг-ге жуық қосымша үнемдеуді қамтамасыз ете алады [15]. 
4.1 Кесте – Турбобұрғының құрамдас бөліктердің құны 
Өнім атауы 
Өлшем бірліктері 
Бағасы, теңге 
Шпиндель ШС-240 
комплект 
2 221 450 
Ауысымды 
стабилизаторлар 
комплект 
1 384 800 
Өстік тірек ПУМ-240 
комплект 
375 050 
Турбина ТВМ-240 
статор-ротор 
8 655 
4.2 Кесте – Ауысымды бөлшектерінің құны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет