Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
 
 
1.2.Ландшафттану ілімінің даму кезеңдері 
 
20 - жылдардың басынан бастап алыс шалғай аз зерттелген жерлерге 
экспедициялық зерттеулер жүргізіле бастады. 
1921 – 1925 жылдары мұндай жұмыстар бөлек республика, экономикалық 
аймақтарда басым болды.Бірақ бұның бәрі аз болатын.Орынбор губерниясы 
бойынша Неуструевтың және Аболиннің Орта Азия бойынша жұмыстары 
ландшафтану ғылымының жақсы жұмыстары болды.Ландшафтану теориясына 
тағы бір жақсы қоспа ол 20 жылдары аудандастыру тәсілі болды.Бұл аймақтық 
бөліктерге бөлуді зерттеуге маңызды қадам болды.Сол кездері Камаров 
«меридианды аумақ » ендігі бойынша айқындауды ұсынды. 
Ландшафты түсірілім ірі масштабта жүрді, олардың аумағы табиғи 
комплекстер болды.Ларин өсімдік мінездемесіне және ауыл шаруашылық 
потенциялға қарап бірінші ландшафт анықтаушысын тапты.Ландшафты 
түсірілім негізінде әртүрлі табиғи территориялық комплекстер және олардың 
дамуын анықтау керек екені анықталды. 1932 жылы Бервухин ландшафт бұл 
нақты топтастыру деген түсінік деді.Бірақ басқалары мұнымен келіспеді.

Л.Г. Раменский әрбір ландшафттың төмендегідей жалпы ерекшеліктері 
болады деп есептеді: 1) орналасу орнына қарай жоғары бөлігінің және оған 
тиісті эпифацияның заңдылыққа сай біркелкі бөлшектенуі, 2) барлық кешеннің 
шығу тегінің және дамуының тұтастығы, 3) Эпифациялар арасындағы өзара 
әрекеттестік, өзара тең ұштастық, 4) барлық кешенге арналған жалпы негізгі 


заңдылық. Ол ландшафттың толық өрістеуіне, ландшафттың сипатына қарай 
өзіне тән барлық кешеннің орналасуы үшін тиісті жер қажет екендігін атап 
көрсетті. 
Л.Г.Раменский «шатқал» деп атайтын эпифация аралық кешендерге 
жіктеледі. Л.Г.Раменский ғылымға эпифация және жайылма меже туралы 
ұғымды енгізе отырып, ландшафт морфологиясы деген идеяны дамытты. 
Ландшафттану алдындағы оның маңызды еңбегі оның географиялық 
байланыстың жаңа типтерін атап көрсеті болды. Егер бұдан бұрын 
географиялық байланыс пен өзара әрекеттестік компененттер арасындағы өзара 
қарым-қатынас түрінде болатын болса, Л.Г.Раменский жекелеген учаскелердің, 
яғни су айдындарында, шатқалдарда, алқаптарда және суайырықтарда 
орналасқан қарапайым табиғи кешендердің арасындағы байыланысты 
зерделеудің маңыздылығына мән беріп, назар аударды (белдеу бойынша). Бір 
ғана ландшафттың ішінде орналасқан бұл учаскелер (нәтижесінде олар соңғы 
морфологиялық бөлік ретінде түсіндіріле бастады) біріккен топ звеносын 
құрайды және жылудың, ылғалдың, минералды және органкалық заттардың 
қайта бөлінуін, сондықтан, тұтас материалдық жүйе жиынтығы ретінде 
қарастырылуы тиіс. Ландшафт туралы иұндай түсінік біздің географиялық 
комплекстегі өзара байланыс пен өзара әрекеттестік туралы ұғымымызды 
айтарлықтай кеңейте түседі және оларды тереңірек тануға жол ашады. 
Сонымен 30 жылдары ландшафт туралы ғылым маңызды жаңа идеялармен 
байи түсті, алайда, тұжырымдалған ғылымның теориялық жүйелер қатарына 
біріктірілмеген болатын. М.В.Первухиннің 1933 жылы Ленинградта өткен І 
Бүкілодақтық географиялық съезде елдің жүйелі ландшафттық түсіріліміне 
кірісуге шақыруына қарамастан, ландшафттық түсірілім жалғыз бастама ісі 
болып қалуды жалғастыра берді. Алқаптық ландшафтты зерттеудің маңызының 
жете бағаланбауы физикалық географияның теориясын дайындауда да 
қайшылық тудырды. Кейбір тұжырымдамалар ойша жасалған дерексіз сипатқа 
ие болды.
5
Ландшафттану мен жалпы жертану бағыттары арасындағы қарама – 
қайшылық үлкен кемшілік болып қала берді. Нағыз осы жылдары А. А. 
Григорьев ( 1883 – 1968 ) географиялық қабық туралы ғылды дайындауға 
кірісті, алайда, ландшафттанушылар тарапынан айтарлықтай, назар аударта 
алмады. Тек С.В.Калесник қана 1940 жылы әрбір ландшафт тұтас жеке бірлік 
ретінде географиялық қабықпен тығыз байланыста екендігін және оны зерттеу 
бүкіл географиялық қабықты зерттеумен табиғи үйлесуі қажеттігін атап 
көрсетті. Шетелдік географияда қаралып отырған кезеңде хорологиялық 
тұжырымдама 
мықты 
гуманитарлық 
бағытта 
үстемдік 
етті. 
Батыс 
географтарының докучаевтық мектебінің идеяларымен шын мәнісінде таныс 
емес болатын. Физикалық география аянышты жағдайда болды, көптеген 
географтар физикалық географияның қажеті жоқ деп есептеді. Тек З.Пассарге 
ғана ландшафттық тұжырымдаманы жасаумен айналысуды жалғастырды. Ол 
ландшафттың ішкі кеңістіктік суретіне үлкен мән берді, яғни оның 
морфологиялық бөліктерінің өзара орналасуына, түріне, жиынтығына сонымен 
қатар ландшафттардың типологиясын жасауды маңызды міндет деп есептеді. 


З.Пассарге ландшафттардың компонентерінің арасындағы өзара байланысты 
зерттеудің және генетикалық ыңғайын қолданудың қажеттілігін жете 
бағаламады. Ол үшін ландшафт тұтас материалдық жүйе емес, жекелеген 
компоненттермен толтырылған кеңістіктік механикалық орналасудың нәтижесі 
ретінде түсіндірілді. Ол ландшафттарды жіктеуде субъективтілікке жол берді.
Егер ағылшын географтарының яғни Э.Дж. Гербертсонның ілімімен 
орындалған 
кейбір 
жұмыстарын 
есептемегенде, 
Батыста 
физика 
– 
географиялық аудандарға жіктеу де дами қоймады.
Ағылшын зерттеушісі Р.Бурн осы зерттеулердегі тәжірибесі негізінде 
1931 жылы «сайт» (site) терминін білдіретін қарапайым табиғи кешен туралы 
түсінікке келді. Оның пікірінше, тұтас табиғи бірлік ретіндегі өзіндік 
аудандар мұндай учаскелердің заңды үйлесімін құрайды.

Соғыстан 
кейінгі 
алғашқы 
жылдары 
кеңестік 
ландшафттануда 
ландшафттық түсірілім жаңарып, тарала бастады. Оның бастамашылары 
Н.А.Солнцевтің басшылығымен Мәскеу университетінің географтары болды. 
50-жылдардың басында түсірілім Ленинградтық, Львовтық, Латвиялық және 
басқа да бірқатар университеттердің қызметкерлерінің топтарымен жүргізілді. 
Алқаптық ландшафттық зерттеудің қанат жаюы ландшафт теориясын одан әрі 
зерттеудің шешуші маңызына ие болды. 1947 жылы Н.А.Солнцев Ленинградта 
өткен ІІ Бүкілодақтық географиялық съездегі жасаған баяндамасында мәскеулік 
ландшафттанушылардың алқаптық жұмысының маңызыны қорытындылап өтті. 
Л.Г. Раменскийдің ілімін дамыта отырып, ландшафт туралы және оның 
морфологиясы туралы өңірлік ұсынысты негізге алды. Оның анықтауы 
бойынша, ландшафт – табиғи аймақтық кешеннің қатарындағы негізгі 
таксономиялық (жүйелік) бірлік, бұл – шатқал мен фацийдің морфологиялық 
бөліктерімен заңды үйлесуінен құрылған генетикалық біріккен аймақтық жүйе.
Осылайша, Л.С.Бергтің ландшафт туралы жалпы идеясы табиғи 
компоненттердің үйлесімдік бірлігі ретінде одан әрі дами түсті және 
иерархиялық табиғи аймақтық кешендер туралы, сонымен қатар төменгі 
рангтердің аймақтық бірліктерінің ретке келтірілген жүйесі ретіндегі ландшафт 
туралы ұсыныстар нақтылана түсті. Көрсетілген ұсыныс ландшафттық 
түсірілім үшін және түрлі масштабтағы ландшафттық карталарды құруға 
теориялық негіз болды. Фация - ең ірі масштабтағы, шатқал – орта масштабтағы 
алқаптық түсірілімнің тікелей нысанына айналды.
Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта ландшафттанудың теориялық
мәселесіне қызығушылық арта түсті. Жетекші университеттердің оқу 
жоспарларына «Ландшафттар туралы оқу» курсы енгізілді. Ландшафттық 
түсірілім мен ландшафттық карта жасауға: ландшафт морфологиясы, фаций 
мен шатқалды бөлу принциптері, олардың жүйелілігі, ландшафттың көлемі мен 
критерийі, ландшафттық шекара мәселелері және т.б. байланысты мәселелерге 
ерекше назар аударылды. 
1944-1946 
жылдары 
Б.Б.Полынов 
ғылымның 
жаңа 
бағыты 

ландшафттағы химиялық элементтердің миграциясын зерттеуге қатысты 
ландшафттың геохимия негіздерін жасап шығарды. Ландшафттануға жақын 
келетін екінші бір жаңа бағыт, атап айтқанда биогеоценология В.Н.Сукачевтың 


(1880-1967) атымен байланысты. Оның 40-жылдары енгізген «биогеоценоз» 
түсінігі фациймен ұқсас, бірақ басты мән биокомпоненттерге және олардың 
қоршаған ортамен заттық-энергетикалық алмасуына берілген. В.Н.Сукачев 
биогеоценозды зерттеудің маңызды әдісін стационарлық деп есептеді және 
оның бастамасы бойынша биогеоценологиялық стационарларды ұйымдастыру 
басталды.

1947 жылы КСРО Ғылым академиясының мамандарының «КСРО-ны 
тарихи – жаратылыс аудандастыру» еңбегі жарыққа шықты және осы жылы 
С.П.Сусловтың (1893-1953) аудандастыру кестесімен бірге «КСРО физикалық 
географиясы» (азиалық бөлігі) атты үлкен еңбегі басылып шықты. Осы 
жұмыстарда алғашқы дәстүрлі зоналық жіктеумен қатар, елді ірі өңірлік 
бірліктерге жіктеу түріндегі бейзоналық принциптің көрінісі бар. 1946 жылы 
А.И.Яунпутининь материктерді физико-географиялық секторларға және 
елдерге 
жіктей 
отырып, 
жер 
шарының 
барлық 
құрғақ 
жерлерін
аудандастырудың қызықты тәсілін жариялады.
Осы 
жылдары 
ландшафт 
туралы 
және 
физико-географиялық 
аудандастыру туралы ғылым мағынасына қарай, бірі бірінен тәуелсіз тұрғыда 
зерттелді. Тіпті, ландшафттану «кіші» табиғи аймақтық кешендерді, яғни 
ландшафттың өзін және оның морфологиялық бөліктерін зерттеумен шектелуі 
тиіс деген пікір де болды. Аудандастыру кезінде ерекше назар ірі өңірлік 
бірліктерге – зоналарға, секторларға, елдерге бөлінді, ал бөлшектеп бөлу 
кезінде қандай да бір біріккен принциптердің мен тәсілдердің жоқтығы белгілі 
болды. Осыдан келіп қарама-қайшылық пайда болды, географиялық қабықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет