Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында 
орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км – ге созылған.Ол 


республиканың барлық территориясының 14 процентін алып жатыр.Зонаның 
оңтүстік шекарасы 48 0 с.е. бойымен өтеді. Негізінен Каспий маңы ойпатының 
солтүстігінде, Орал алды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және 
Сарыарқаның оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай
Жезқазған, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында тараған. Жер 
бедерінің кешендерін теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі, эолды, 
пролювийлі, денудациялы жазықтар мен ұсақ шоқылы тау жұрнақтары түзеді. 
Шөлейттің климаты құрғақ,тым континентті.Жауын – шашын аз,жылдық 
жауын – шашынның мөлшері 180 мм – ден 300 мм аралығында.Көктемнің аяғы 
мен жаздың басында жауын – шашын мол түседі,қысқы жауын – шашын өте аз. 
Жаз барлық жерде ыстық.Шілденің орташа температурасы -15 – 17 0,ең 
төменгі температура зонаның шығысында (-50 0)байқалады.Шөлейт зонасында 
жазда өзендердің көбінің суы тартылып,кеуіп кетеді.Тұрақты ағатын ең ірі 
өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. 3 мыңнан астам көл 
бар.Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. 
Шөл дала зонасында даланың,әрі шөлдің өсімдіктері таралған.Өсімдік 
жамылғысы негізінен бетеге,жусан,түймедақ,боздан құралады.Кейде жусан 
көлемді жерлерді алып жатады.Мұндай жерлердің түсі біркелкі ақшыл болып 
көрінеді.Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек,теріскен,көкпек 
өседі.Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. 
Ұлытау, Шыңғыстау және тағы басқа жоталардың аңғары арасында 
долана,мойыл,итмұрын,қарақат,таңқурай өседі. 
Таулы – төбелі гранитті Қызыларай сілемі – шөлейттегі әсем жазираның 
бірі.Осы жерде қарағай ормандары өседі. 
Жазықтар мен ұсақ шоқылардың аралықтарында сортаң және сор жерлерде 
кездеседі.Сор жерлерде өсімдік өспейді,тек оның шет жағалауларында ғана 
сортаң өсімдіктер өседі.
31 
Шөл даладағы өзен жайылмалары өсімдікке бай.Оларда айрауық,ши 
қоспасы,құрақ,қамыс 
өседі.Жекелеген 
учаскелерде 
тал, 
итмұрын,ұшқат 
бұталары аралас кекздеседі.Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан 
саршұнақ,қосаяқ,құм тышқаны,құм қояндары мекендейді.Сонымен бірге онда 
күзен,түлеі бар.Құстардан бүркіт,бозторғайлар кекздеседі.Шөлейтте кесіртке 
мен жыландар көп.Онда зиянсыз жыландардан – қара шұбар жылан,кіші 
сарыбас жылан,су жыланы,улы жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық 
жылан бар.Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған.1 
Шөлейтті ландшафт геологиялық - геоморфологиялық негізгі климат 
және табиғат жағдайларының айырмашылығына қарай Шығыс Еуропа,Торғай 
және Орталық Қазақстан ландшафтылы аймақтарына бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет