C1.Shygaru(); Console.Write("C2 complex sany: "); C2.Shygaru(); if(C1) // C1 және C2 комплекс сандарын қосу { while(C1) { Console.WriteLine("C1 complex sany aqiqat"); --C1; C1.Shygaru(); } Console.WriteLine("C1 complex sany zhalgan"); } else Console.WriteLine("C1 complex sany zhalgan");
if(C2) // C1 және C2 комплекс сандарын қосу Console.WriteLine("C2 complex sany aqiqat"); else Console.WriteLine("C2 complex sany zhalgan"); Console.WriteLine(); Console.ReadKey(); } } Программаның нәтижесі:
C1 complex sany: 3 + 8i C2 complex sany: 0 + 2i C1 complex sany aqiqat 2 + 7i C1 complex sany aqiqat 1 + 6i C1 complex sany aqiqat 0 + 5i C1 complex sany zhalgan C2 complex sany zhalgan If операторында
Complex типіндегі объект
true операторы арқылы тексеріледі. Егер мұндағы
нәтиже ақиқат болса, онда
if операторы орындалады. Ал
while операторында
C1 объектісі циклдің
әрбір қадамында декременттеледі. Сондықтан, цикл
C1 объектісінің тексерілуі ақиқат мән беріп
тұрса, орындала береді. Егер
C1 объектісінің кем дегенде бір бөлігі 0-ге тең болса, онда true
операторы жалған нәтиже береді де, цикл аяқталады.
Түрлендіру операторлары Кейде белгілі бір класс объектісін басқа типтегі мәліметтері бар өрнектерде қолдануға тура
келеді. Осы мақсатта кей кезде бір немесе бірнеше операторды асыра жүктеу жеткілікті болса, кейде
– класс типін керекті типке қарапайым түрлендіру керек болып жатады.
C# тілінде осындай жағдайлар үшін операторлық әдістің арнайы түрлендіру операторы деп
аталатын бір түрі қарастырылған. Осындай оператор берілген класс объектісін басқа типке
түрлендіреді. Түрлендіру операторлары, типтерді түрлендіру тәртібі анықталған жағдайда,
кластарды басқа типтермен бірге еркін қолдануға мүмкіндік беріп, кластар типін программалау
ортасына толық енгізу ісін атқара алады.
Түрлендіру операторларының екі формасы бар: тікелей және жанамалы. Олардың жазылу
жолдары: