Бұл мысалда
Complex
типіндегі объект нақты сандық типте (
x = C1
) пайдаланылған кезде,
операторды түрлендіру ісі орындалады. Бірақ жұмыс барысында өрнекті есептеу үшін
double
типіне түрлендіру қажет етілмесе, онда операторды түрлендіру әрекеті шақырылмайды.
Жанамалы түрлендіру операторы келесідей жағдайларда:
А) өрнектерде типтерді түрлендіру қажет болғанда;
Ә) әдіске объект беру кезінде;
Б) меншіктеу әрекеті орындалып, керекті типке тікелей көшу ісін атқару керек болған сәттерде
автоматты түрде жүзеге асады.
Басқа жағынан алатын болсақ, тек тікелей типті өзгерту ісі керек болған кездерде шақырылатын
тікелей түрлендіру операторын да жасауға болады. Мұндайда тікелей түрлендіру операторы
автоматты түрде шақырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: