Өзара әсерлесуші денелердің бір-біріне әсер ететін күштері бір түзудің бойымен бағытталады да, модульдері жағынан тең, ал бағыттары қарама- қарсы болады:
күш. Бұл заң табиғатта бір дененің екінші денеге тигізетін біржақты әсері болмайды, болуы да мүмкін емес, тек қана өзара әсерлесу ғана бар деген қағиданы білдіреді. Әсер және қарсы әсер күштері бір мезгілде қосарлана пайда болады.
Кеплер заңдары. И. Кеплер дат астрономы Т.Брагенің көптеген тұжырымдарын сараптай және нақтылай келе планеталардың қозғалыс заңын ұсынды:
Әр планета эллипс бойымен қозғалады, олардың фокустарының бірі Күнде орналасады.
Планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында бірдей ауданды айналады.
Күн айналасындағы планеталардың айналу периодының квадраты олардың орбиталарының үлкен жарты өстерінің кубтары ретінде қарастырылады.
И. Ньютон Кеплер заңдары негізіндегі аспан денелерінің қозғалысын меңгере отырып, бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты: