1 лекция.
Кіріспе. Механика және оның құрылымы жөнінде түсінік.
Механикалық қозғалыс заңдары физиканың бірінші бөлімі – механикада
қарастырылады.
Механика – материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым. Бұл қозғалыс механикалық қозғалыс деп аталады.
Галилей-Ньютонның механикасы классикалық механика деп аталады және жылдамдығы жарық жылдамдығымен салыстырғанда өте аз болатын макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдарын оқытады. А.Энштейннің тұжырымдауы бойынша макроскопиялық денелердің жарық жылдамдығымен салыстырмалы жылдамдығының қозғалыс заңдары - салыстырмалық теориясы көмегімен қарастырылады. Макроскопиялық денелер (жеке атомдар және элементар бөлшектер) қозғалысын сипаттау үшін классикалық механика заңдары қолданылмайды - оларды кванттық механика оқытады
Кинематика – денелер қозғалысын, осы қозғалысты тудыру себептерін қарастырмай оқытатын бөлім
Динамика – денелер қозғалысының заңдарын, осы қозғалысты тудыратын және өзгертетін себептерді қарастыра отырып оқытатын бөлім
Статика – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады. Егер денелер қозғалысының заңдары белгілі болса, онда олардың көмегімен тепе- теңдік заңдарын тұжырымдауға болады. Сондықтан физикада статика заңдарын динамика заңдарынан бөліп-жарып қарастырмайды.
Механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайымы болып материялық нүкте қозғалысы табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |