Microsoft Word на 5 формат doc


 Биотехнологияның  негізгі салалары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

1.2. Биотехнологияның  негізгі салалары мен міндеттері 
 
Биотехнологиядағы  ғылыми-зерттеулер  мен  технологиялық 
жұмыстардың объектілеріне микроорганизмдер, жануарлар мен 
өсімдіктердің  жасушалары  мен  тіндері  жатады.  Жасуша 


 
7
физиологиясының метаболизмін, генетикасын зерттеу, зертхана-
лық  жағдайда  дақылдандыру  əдісін  жасау,  өндірістік  биомасса 
көлемін  арттыру,  жасушалық  метаболиттерді  бөліп  алу  жəне 
тазарту  биотехнологияда  бір  ғана  мақсатты  көздейді,  ол  адам 
тіршілігіне  пайдалы  өнімдерді  түзетін  микроорганизм  штамын, 
жануар  мен  өсімдік  жасушасын  дақылдандыруды  жасау.  Бұл 
жағдайда биологиялық нысаналарының сапалық сипаттамасына 
биологиялық  өнім  құндылығы  тəуелді  болады.  Сондықтан  про-
дуцент  микроорганизмдердің  биологиялық  қасиеттерін  зерттеу, 
сұрыптап  алу,  генетикалық  түрлендіру,  трансгенді  жануарлар 
мен  өсімдіктерді  алу  негізінен  биотехнологиялық  үдірісте 
негізгі  буын  тізбегінің,  биологиялық  технология  бастамасы 
болып  саналады.  
Сонымен  қатар  биотехнология – пайдалы-шаруашылық 
мақсатта медициналық тəжірибе, экологияны жақсарту жəне т.б. 
үшін  продуцент  есебінде  жануарларды,  өсімдіктерді  жəне 
микроорганимздерді  қолданумен,  технологиялық  үдірістердің 
туындауымен,  жетілдіруімен  байланысты  ғылым.  Сондай-ақ, 
биотехнологияның  жетiстiктерiн  экономиканы  дамыту  үшiн  қол-
дануға  байланысты  ауылшаруашылық  биотехнологиясы,  меди-
циналық  биотехнология,  геобиотехнология,  биоэлектроника, 
биоэнергетика, экологиялық биотехнология, бионанотехнология 
сияқты салалар қалыптасты (1-сурет). Сонғы онжылдықта био-
технологияның  жаңа  бағыты – ғарыштық  биотехнология  дами 
бастады. 
Биотехнология  ғылыми  пəн  жəне  өндірістік  технология 
есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, 
сапалы  өндірушілік  қабілеті  бар  жəне  əртүрлі  салаларда:  ауыл-
шаруашылығында,  фармацевтикада,  медицинада,  тағам  өнер-
кəсібінде,  биоэнергетикада,  қоршаған  орта  ремедиациясында, 
биоэлектроникада,  тағы  басқаларда  қолданылатын  жаңа  объек-
тілерді  құрып,  жетілдіру  мақсатына  арналған  жұмыс  бойынша 
орасан  көңіл  бөлінеді.  Биотехнология  жоғары  технологиялар-
дың қазіргі саласы есебінде, оның тірі организмдері мен биоло-
гиялық  үдірістерін  құрайды  жəне  əртүрлі  ауылшаруашылық, 
өнеркəсіптік,  экологиялық,  иммунобиотехнологиялық      өзіндік 
ғылыми бағыттар бойынша дамиды  
 


 
8
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет