4
бағыты биотехнологиялық нарықтың жартысына жуығын құрайды.
Оларға емдеу, диагностикалық препараттар, вакциналар, емдік сарысулар,
анатоксиндер, иммуноглобулиндер, бактериофагтар, нормофлора дəрі-
дəрмектер, аллерген диагностикумдар, профилактикалық құралдардың
бəрі жатады. Мысалы, ХХІ ғасыр басында Ресейде иммунобиология-
лық препараттардың 300 атауы сатып алынып, 500-ге жуық атауы
өндiрiлдi. Ал Қазақстанда фармацевтикалық дəрілік өнімдердің 550
атауы сатып алынып жəне сəйкессінше, 150-ге жуық атауы өндіріледі.
Клеткалық инженерия жəне гендік инженерия арқылы жаңа заттарды,
өсімдіктердің жаңа сорттарын жəне асыл мал тұқымдарын шығаруға
мүмкіншілік бар. Қазiргi уақытта гендiк-инженерлiк дəрi-дəрмек пре-
параттарының өндiрiсi биотехнологиялық фарминдустрияда жетекшi
сектор болып табылады.
Дүниежүзiнде тек ғылыми-зерттеу зертханаларымен қуатты
өндiрiстiк базаның өзара əрекеттесетiн кешендерi сыртқы нарыққа
сапалы жəне бəсекеге қабiлеттi өнiмдердi өндiредi. Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша, болашақта
биотехнология өзінің барлық қызмет салаларында жəне ең бiрiншi
кезекте азық-түлiк өнiмдерiн, медициналық препараттарды алуда, ауыл
шаруашылығында, экология, энергетика салаларында адамзаттың
омірі дұрыс дамуын анықтайтын болады. Соңғы жылдары биологияда
болған өзгерiстер биотехнологияның дамуында қағидалы жаңа
перспективаларды ашты, өндiрiсте биологиялық процестердi қолдану
шектерiн кеңейттi жəне "осы заманғы биотехнология" деген жалпы
атауымен бiрiктiрiлген жаңа бағыттардың пайда болуына əкелді.
Бұл оқу құралының
мақсаты - студенттер мен магистранттар
клеткалық биотехнологияның теориялық негіздерімен қатар қолдан-
балы практикалық негіздерін бірдей игеруін ынталандыру болып
табылады. Осы оқу құралында клеткалық биотехнологияның негізгі
салаларына толық сипаттама берілген. Сонымен қатар өсірілетін
клеткалардың физиологиялық-биохимиялық ерешеліктеріне негіздел-
ген, биотехнологияда қолданылатын жаңа əдістері мен технология-
лары көрсетілген, өнеркəсіптің əртүрлі салаларында пайдаланатын
тағам өнімдерін, дəрі-дəрмектерді, биологиялық белсенді заттарды
алатын биотехнологиялық тəсілдері қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: