Биотехнология жаңаша – генді-инженериялық жəне жасушалық
əдістермен генетикалық трансформацияланған (түрлендірілген) өсім-
діктердің, жануарлардың, микроорганимздер мен вирустардын əртүрлі
бағытқа арналған жаңа өнімдерін алу мен өндірісті интенсифика-
циялау мақсаттарында пайдалану жөніндегі ғылым.
Биотрансформация (гр. bios – тiршiлiк, лат. trans formatio –
айналу) ор. биотрансформация, ағ. biotrans formation – қоректiк ортада
өскен клеткалардың ферменттерi қатысуымен арзан жəне қоры мол
бастапқы заттардан биологиялық активтi қосылыстарды синтездеу
(биологиялық жолмен бiр затты басқа затқа айналдыру).
Будан ядро (ор. гибридное ядро ағ. hibrid nucleous) – аталық жəне
аналық ретiнде қосылысқан клеткалардың екеуiнiң де бүкiл гендерiн
(геномдарын) толығымен иемденген будан клетканың ядросы