Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет34/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

биоремедиация  дейді.  Бұл  сөз  грек  тілінен  аударғанда  bio  
өмір, remedio - пайдалы немесе емдеу деген мағынаны білдіреді. 
Тазаланған  орта  немесе  өнделген  қалдықтардың  жоғарғы 
ерітінділерінен  емдік  қасиеті  бар  микроорганизмдер  тобын 
шығаруға болады. Əрине, бұл процестер жасанды орталарда іске 
асып  отырады.  Биоремедиация  жоғарғы  қарқынды  түрде 
ластанған  қоршаған  ортада  экологиялық  жəне  гигиеналық 
қауіпсіздіктерді қалпына келтіруде немесе сақтап қалуда ерекше 
рөл  атқарады.  Яғни  бұл  жағдайда  қоршаған  ортаны  қалпына 
келтіруі микроорганизмдердің қатысуымен жүзеге асып отырады.  
Бүгінгі  биотехнологияда  жасалып  жатқан  игі  шаралардың 
бірі - түрлі  проблемаларды  шешу  үшін  арнайы  биопрепарат-
тарды  жасау  жұмыстары  іске  асыру.  Мəселен,  биологиялық 
препараттың бір түрі - «Микрозим
tm
». Осы биопрепарат арқылы 
экожүйедегі  судың,  топырақтың  ластануы  жайындағы  пробле-
малардың  біразын  шеше  аламыз.  Яғни  бұл  биологиялық 
тұрғыдан  ағын  суларды  тазарту.  Экологиялық  жағдайларды 
шешуге  барынша  септігін  тигізетін  биопрепараттардың  бізге 
мəлім  түрлері - «Микрозим 
tm
», «Гриз  Трит», «Вэйст  Трит», 
«Дэйри  Трит», «Септи  Трит», «Петро  Трит».  Осылармен  ағын 
суларды  тазарту  жəне  тағыда  басқа  процестер  іске  асырылады. 
Экожүйені  тазарту  нəтижесінде  биологиялық  баланс  қалпына 
келеді. 
Қазіргі  таңдағы  ауаның  ластануы  үлкен  экологиялық 
шығынға  əкеліп  соқтыруда,  осы  мəселені  шешу  жолында 
экотехнологтар  қызмет  етуде.  Ластанған  ауаны  тазартуда  түрлі 
биотехникалық  құралдар  орнатылуы  тиіс.  Мысалы,  биогаз 
саласында  бүгінде  ауаны  газдың  ластануынан  сақтау  үшін 
бензин  майына – спирттің  бір 30-40% қосса,  онда  бензин 
құрамы  өзгеріп,  экологияға  барынша  аз  əсерін  тигізеді  жəне 


 
50
«биоотын»  мəселесін  шешеді.  Жалпы  ағын  суларды  ластан-
дыратын заттардың табиғаты жəне концентрациясы оның шығу 
көзіне байланысты болады. 
Ағын  сулар  өнеркəсіптік  жəне  тұрмыстық  болып  екі  топқа 
бөлінеді.  Тұрмыстық  ағын  сулар  көбінесе  көшелердегі  қалдық, 
қоқыс,  жуғыш  заттармен  ластанады.  Олар  суда (99%) суспен-
зияланған  қатты  жəне  ұшқыш  заттар  түрінде  кездеседі. 
Суспензияланған  қатты  заттардың  көп  бөлігі  целлюлозаның 
қосылыстары болып табылады, ластанғыш органикалық компо-
ненттерге  май  қышқылдары,  көмірсулар  мен  ақуыздар  жатады. 
Осы заттардың ыдырауы нəтижесінде түзілетін өнімдер тұрмыс-
тық ағын суларға жағымсыз иіс береді. Бұл судың микрофлорасы 
əр  алуан  болып  келеді.  Оның  құрамына  əртүрлі  топырақ  жəне 
ішек  микроорганизмдердің  аэробты,  облигатты  жəне  факульта-
тивті  аэробты  түрлері  бактериялар,  ашытқылар,  саңырауқұлақ-
тар мен зеңсаңырауқұлақтары жəне вирустар кіреді.  
Соңғы  кезде  қалдық  ағынды  сулар,  біріншіден,  су  қойма-
ларындағы  тірі  мекендеушілерге  зиян  келтіреді,  екіншіден, 
қалдықтарды  өңдеудегі  аэробты  жəне  анаэробты  процестерге 
қатысатын  микроорганизмдердің  қырылуына  əкеледі.  Қорыта 
айтқанда,  биоремедиация  судың,  топырақтың  жəне  мұнай 
қорларының  түрлі  қалдықтарын  пайдаланып,  өнімді  процесті 
іске асырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет