52
турбогенераторлардың дəстүрлi жылу, ядролық жəне гидравли-
калық энергия қондырғыларымен бəсекелесе алатынын көрсеттi.
Ондай турбогенераторларды қолданудың ең перспективтi
салалары жақын болашақта биомассаның үлкен көлемдерi
жинақталған экономиканың салалары (атап айтқанда, қант
қамысын өңдейтiн қант жəне шарап, темекі зауыттар) болуы
мүмкiн. Осылайша, Бразилияда шарап-темекi кəсiпорындарына
биомассаны пайдалану кезінде электр энергиясы артылады, оны
iске асыру спирттi мұнайдан арзан қылады.
Осы заманғы техникалық
биоэнергетикада органикалық
қалдықтарды отын мен энергияның техникалық ыңғайлы түр-
лерiне айналдырудың екi негiзгi бағыты бар:
1)
термохимиялық конверсия (тiкелей өртеу, пиролиз,
газдандыру, сұйықтау синтез);
2)
биоконверсия (биогазды, спирттер, сутегiнi, органикалық
қышқылдарды, өсiмдiк майларын жəне т.б. алу).
Бүкiл дүниежүзiнде дəстүрлi емес энергия ресурстарының
көзi ретiнде биогаз жоғары қызығушылық туғызып отыр. Биогаз
– биомассаның метан ашу процесі арқылы алынатын газ.
Биогаз
– бұл 65 % метан, 30 % СО
2
, 1 % Н
2
S, усар газының N, O
2
, H
2
қоспасы болып табылады. Биогаздың негізгі артықшылығы қайта
қалпына келетін энергия көзі. Мысалы, 28 м
3
биогаз энергиясы,
табиғи газдың 16,8 м
3
энергиясына, 20,8 л мұнайдағы, 18,4 л
дизель отынға эквивалентті. Биогазды өндіру атмосфераның
метан газымен ластануына жол бермейді. Көміртегі газымен
салыстырғанда метан газы жылы-жай эффектісінің түзілуіне 21
есе артық əсер етеді, сондай-ақ метан газы атмосферада 12 жыл
сақталады. Атмосфераның метан газымен ласталуын болдырмау
- əлемдік жылуды болдырмаудың ең тиімді əдісі болып
табылады. Өнделген көң, барда, тағы басқа қалдықтар ауыл
шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Бұл
химиялық тыңайтқыштарды қолдану мөлшерін азайтады, жер
асты суларының ластануына жол бермейді.
Биогаз алу үшін метаногенді ашу немесе
биометаногенезді
(анаэробты ашу процес) жүзеге асырады. Биометаногенез
процесінде 190-нан астам əртүрлі микроорганизмдер қатысады
жəне де оның 3 сатысы бар. Биомасса құрамындағы ерімейтін
органикалық заттар қарапайым органикалық қосылыстарға
53
ыдырайды. Бұл сатыны гидролиз деп атайды, ол ацетогенді
бактериялардың қатысуымен жүзеге асады. Екінші сатысында
(ацидогенез) гомоацетатті бактериялардың қатысуымен қарапайым
органикалық қосылыстардың бір бөлігі гидролиздік тотығуға
ұшырап, нəтижесінде ацетат, көмір қышқыл газы жəне бос сутек
түзіледі. Үшінші саты метан түзуші бактериялардын
(Methanotrix,
Достарыңызбен бөлісу: