|
Гетерозис (будандық күш)Байланысты: клеткалық биотехнология негіздеріГетерозис (будандық күш) (гр. heteroiosis-өзгеру, айналу, ор.
гетерозис ағ. heterosis) – аталық-аналық формалармен салыстырғанда,
олардан шыққан бiрiншi ұрпақ буданның бiрқатар көрсеткiштерi мен
қасиеттерiнiң асып түсуi, басымдылығы.
Гетерокарион (гр. heteros – басқа, karyon- жаңғақ, жаңғақтың дəнi,
ор. гетерокарион ағ. heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары
бар екi жасушаның қосылуынан түзiлген, бiрақ онда ядролар бiрiкпеген
будан жасуша.
Гомокарион (гр. homos – бiрдей, тең, ортақ, ор. гомокарион ағ.
homokaryon) – генетикалық айырмашылықтары жоқ екi жасушаның
қосылуынан пайда болған, бiрақ онда ядролар бiрiкпеген будан
жасуша.
Гибридома (ор.гибридома, ағ. hybridoma) – қалыпты антидене
түзуші жасушалар (лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың
бірігуінен алынған, шексіз өсу мен моноклоналдық антиденелерді
синтездеуге қабілетті жасушалық линия.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|