Гиногенез in vitro (гр. gyne – əйел, genesis – шығу тегi, ор.
гиногенез in vitro ағ. gynaegenesis in vitro) – аналық гаметофиттi
жасанды қоректiк ортада өсiргенде, аналық хромосомалар жиынтығы
бар өсiмдiктiң пайда болу процесi.
Гистогенез in vitro (гр. histos-ұлпа, ор. гистогенез in vitro, ағ. histogenesis) – каллус ұлпалардын in vitro өсiргенде, əртүрлi ұлпалар-
дын пайда болып, қалыптасуы; мысалы, ксилемалық жəне флоэмалық
элементтердiң түзiлуi (ксилемогенез, флоэмогенез).
Гомозигота (гр. homos – бiрдей, тең, ортақ, zygon – жұп, ор. гомозигота, ағ. homozygote) – диплоидтық немесе полиплоидтық
жасушаа, организм; олардың гомологиялық хромосомалары белгiлi бiр
геннiң ұқсас аллельдерiн ұстайды.