Гендер амплификациясы (лат. amplificatio-өсу, көбею, ор. амплификация генов ағ. gene amplificacion) – гендер көшiрмелерi
(копиялар) санының көбеюi.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) (ор. цитоплазматические
гены, ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс, митохондриялар мен
хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендік ex vivo терапия (ор. генная терапия ex vivo, ағ. ex vivo
gene therapy) – науқастың бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру
мен трансформациялаудан кейін жасушаларды трансфузия, инфузия
немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді. Бұл емшалар
генетикалық дефекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Генезис (гр. genesis – шығу тегi, ор. генезис, ағ. genesis) – шығу,
пайда болу тегi ("ата тегi").