Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 495
C)Үшінші
D)Бірінші
E)Екінші
6. 1-бөлім бойынша Айдос қандай əәрекетке ыза болды?
A)Туфлиінің жыртылғанына
B)ƏӘкесінің басқа табан тігіп бергеніне
C)Ертең сабаққа баратынына
D)ƏӘкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
E)Ауданға баратын адамның болмағанына
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей
қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау...
Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой!
Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан,
қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау!
Оның сиқыры неде екен? ƏӘлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба?
Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған
сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк
еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге
қарап біле қояды. Бəәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп
қоятындай. Бəәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан
əәумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бəәлкім, олар
мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен
боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман
қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма
еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат
құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда
жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол
үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді.
Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай
қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау
талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай
үміт шырағы туып тұрғандай!
7. Мəәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)ƏӘңгімелеу
B)Сипаттау
C)Суреттеу
D)Пайымдау
E)Баяндау