Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет431/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   485
Байланысты:
O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
497
материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды 
сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. 
Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып 
кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен əәлеуметтік жарнама 
түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий 
жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» 
президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз 
режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен 
артық ешкім білмейді, əәрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, 
кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін 
күресіп жүрсе, мен мəәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер 
болып шыға келдім. 
– Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда 
режиссерлік қасиет басым ба, əәлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба? 
2. – Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. 
Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «ƏӘттеген-ай!» дейтін тұстары 
көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. 
Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем 
басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы 
басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып 
шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған 
сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате 
кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген 
жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға 
алдың ба, оны жоғары кəәсіби дəәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға 
бере алмаймын. Бірақ, кəәсіби дайындықпен келгенім анық. 
3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт 
кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино 
түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мəәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте 
дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге 
сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нəәрсе емес. 
Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр. 
4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде 
адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, 
деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. 
Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар 
жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл 
дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген 
дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері 
кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, 
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нəәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, 
бəәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін 
жазбайды. Мұхтар ƏӘуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шəәкен Айманов, Сұлтан 
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет