Microsoft Word Послед doc


 Құрама баяндауышты есімді сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет39/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
treatise527

2.2 Құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
2.2.1 Зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
Сөйлемнің баяндауышы дара, күрделі есімдер не сондай етістік тұлғалары 
мен кейбір көмекші етістіктер, не айрықша көмекші модаль сөздер, кейбір 
демеуліктер түрінде келген сөз тіркестерімен де айтылып жұмсалады. Құрама 
баяндаушы бастауыштың қимылдық күйін не заттың қатынасты сапалық 
болмысын, сұраулық, болымсыздық, міндеттілік-керектілік, мүмкіндік-
мүмкінсіздік, 
сенімділік-ақиқаттық, 
күмəнділік-болжалдылық, 
өкініш-
армандық, қалау-тілектік тəрізді мағыналарды ұластырып не тек шақтық 
мағынада бекітіп мəндендіреді
.
Құрама баяндауышты көмекші компоненттердің мəні мен түрлеріне қарай 
негізгі екі топқа жіктеп қарастыруға болады: кейбір демеулікті көмекші модаль 
сөзді болып келген құрама баяндауыштар жəне көмекші етістікті болып келген 
құрама баяндауыштар.
1. Көмекші модаль сөздер мен кейбір демеуліктер арқылы құралатын 
құрама баяндауыштардың негізгі компоненттері – етістік не есім түрлері 
болады.
Көмекші компоненттері рөлінде жұмсалатындар «емес», «жоқ», «сияқты», 
«керек», «білем», «шығар», «болар», «еді», «екен», «мүмкін», «тиіс» - деген 
сөздер мен «ма», «ме», «мыс», «міс», «ды», «ді», «ғой», «қой», «ғана», «қана» 
демеуліктері. Бұлар субъект, зат қимылына не оның заттық, сындық тəрізді 
болмысына деген қосымша субъективтік-объективтік қатынасты көрсетеді: 
негізгі компоненттік сөздердің мəніне болымдылық – болымсыздық не 
қарсылықты, күмəнділік белгісіз модальдық мағына үстеп, бастауышпен 
байланыстырып тиянақтауда синтаксистік элемент болып тұрады. Аталған 
айырым мағыналар жиынтығы, əдетте, модальдық категория деп түсіндіріледі. 
Мұның өзі сөйлем мазмұнының шындыққа деген қатынасының не сөйлеушінің 
зат, болмыс туралы субъективтік-объективтік көзқарасының етістік райлары 
арқылы, жоғарғыдай көмекші сөздермен айтылған белгілі бір мүшелік тіркестер 
арқылы, қыстырма сөздер арқылы жəне интонация арқылы берілуіндегі ерекше 
грамматикалық мағыналар жиынтығы болып ұғынылады.
2. Модальдық көмекші сөздер баяндауышының синтаксистік компоненті 
ретінде етістік формаларға тіркесіп жұмсалғанда бірқатары негізгі етістік 
компоненттің шақтық мəнін емес, мұнымен байланысты қимылдың мағынасын 


73
тек модальдық мағынада құбылтса, бірқатары əрі шақтық, əрі модальдық 
мағына үстеп құбылтатын болады. Демек, модальдық көмекші сөздер 
субъектінің не заттық, қимылдық сапасын, не заттық, сындық болмысын емес 
(бұларды негізгі етістік не есім компоненттер атап білдіреді). Модальдық не 
логикалық мағынадағы дəнекерлік сөздер мен демеуліктердің негізгі етістік
есімдерге тіркесіп келуі жағынан, осыған сəйкес, білдіретін мəні жағынан 
айырмашылықтары бар [58, 225-226 бб.].
Біз осы жұмысымызда М. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы құрама 
баяндауышты сөйлемдерді талдағалы отырмыз. Біз оларды М. Əуезовтің «Абай 
жолы» роман-эпопеясында құрама баяндауышты сөйлемдерді: зат есімді 
құрама баяндауышты сөйлемдер, сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер, 
есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер, сан есімді құрама баяндауышты 
сөйлемдер деп топтастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет