Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
treatise527

Зат есім мен модаль сөз
Жалқы есім мен модаль сөз: 
Кеңінен көселіп, күлдіргі сөздер айтып отырған Алшынбай сияқты
Жалқы есім мен модаль сөзге көмекші етістіктің тіркесуі: Кінаға, дауға 
жүйрік Байдалы сияқты емес. 
Күрделі сын есім мен нөлдік тұлғадағы жалпы есімге модаль сөзінің 
тіркесуі: 
Шаттық пен сауықтың жаны да, сөнбес шырағы да – дəл осы еркін сұлу 
жас қыз сияқты 
Тəуелдік жалғаулы зат есім мен жіктік жалғаулы модаль сөзі арқылы: 
Шалқып жүрген еркенің еркесі тəріздімін.
Тəуелдік жалғаулы жалпы зат есім мен көмекші етістікке модаль сөзінің 
түйдектелуі: 
Əнінің сылтауы бауырындағы баласы болу керек. Соны əлдилеп тербете 
түсіп, айтқан əн сияқты
-дікі жұрнағы мен сұраулық шылау арқылы:
...Жоқ, басқа қыздікі ме?
-нікі жұрнағы мен көмекші етістік арқылы: Жаңағы атаған Тобықтыдан 
алам деп жатқан құдық, қоныстардың бəрі анығында Тобықтынікі емес, Көкен 
елінікі. 
Көптік жалғаулы жалпы есім мен модаль сөз: Бұның кейбірі Тентек 
Оязбен елге ере шыққан стражниктер сияқты. Егер көмекші есімді түйдекті 
тіркестер көбіне сөйлемдердің ішінде жұмсалса, керісінше модаль сөздер 
көбіне сөйлемдердің соңында негізгі сөздермен түйдектеліп жұмсалады. Соның 
бірі – модаль сөздердің зат есім мен модаль сөзді түйдекті тіркестерінің 
сөйлемнің соңында келіп сөйлемді тиянақтауы. Ондайда сияқты, тəрізді 
сөздері жиі қолданылады.
3. Баяндауыштары дара, түйдекті болып келген зат есімдерге «сияқты» 
көмекші сөзінің тіркесуі арқылы жасалған. «Сияқты» көмекші сөзінің 
салыстыру не ұқсастыру мағынасында, етістік компоненттердің өткен, келер 
шақпен байланысты мағынасы жəне есім компоненттердің де заттық, сындық 


74
мағынасы сенімсіздік (белгісіздік) реңкті модальдық мағынада құбылып 
тұрады.
Баяндауыштың «еді», «екен», «керек», «тиіс», «мүмкін», «шарт», «қажет», 
«жөн» көмекші сөздері арқылы құралуы. Бұл көмекші сөздер кейбір етістік 
формаларға ғана байланысып жұмсалады; қалау-тілектік не өкініш, керектілік, 
міндеттілік тəрізді мағыналық мағыналарды құбылтып тиянақтайды. Мысалы: 
Абай осыған орай: - Елге өнер, білім керек. Оқу, тəрбие керек ... деген. Оның 
бəріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек. Осы аз күн ішінде оязбен 
менің жауаптасуым мүмкін.
Күрделі сан есім мен жалпы зат есім: Бастарын ақ шытпен керте байлап 
алған асбасшылар жиырма шақты жігіт. Құлыншақ аулы он шақты үй. 
Сын есім мен зат есімге көмекші етістіктің түйдектелуі: Көлқайнар суы 
мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес.
Есімді сөйлемді жасауда көмекші етістіктердей қызметте болмағанымен, 
шылаулар да қатысты. Кез келген нөлдік тұлғадағы зат есімдер сөйлемді өз 
беітмен тиянақтай алмайды, оларға көмекші ретінде дəнекерлік қызметте 
шылаулар да қолданылуы арқылы сөйлемде ой тиянақты беріледі. Шылаулар 
сөйлемнің соңында келіп, зат есімдермен түйдекті тіркес құрау арқылы 
сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалады. Роман-эпопеяда əсіресе жиі 
кездескен шылаулар: нақтылық, шектік, күшейткіш, сұраулық шылаулары.  
Сілтеу есімдігі мен жалпы есімге демеулік шылауының түйдектелуі: 
Біздің мырзаның анық тілеуі, жақыны сол бақыр ғой... - деп, Жақып 
Алшынбайдың күндізгі мінезін еске алып еді. 
Нөлдік тұлғадағы жалқы есім мен демеулік шылауы: Ол тек Абай мен 
Əйгерім ғана. Тек алғашқы қамшы тиген Базаралы ғана. Бұл үйде жас жігіттің 
дəл осы күйін іштей танып жүрген Қарашаш қана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет