Microsoft Word редакторында кесте даярлау. Біздің өмірімізде мәтінді біріктіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді. Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1. Аспаптар Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.
2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
3. Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.
Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, біріктіру және бөлу. 1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық. - Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті. Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады. Ү.
Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар І. Міндетті деңгей 1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз. 2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау. 3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр. 4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз. 5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.
«Менің сабақ кестем» Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма