“БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Бақылау түрі
|
Жұмыс түрі
|
Жұмыстың тақырыбы
|
Балдар
|
Тапсыру уақыты
|
№1 СӨЖ.
|
Жеке тапсырма
|
Инфографика және оны тегін жасау сервистері
|
18
|
4 апта
|
№2 СӨЖ.
|
Жеке тапсырма
|
«Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері» атты тақырыпта эссе
|
20
|
6 апта
|
№3 СӨЖ.
|
Жеке тапсырма
|
№3 СӨЖ. «Математикадан дәстүрден тыс бағалау тапсырмаларының түрлері» атты тақырыпта гуглда презентация дайындау
|
20
|
7 апта
|
|
|
I-Рейтинг
|
48
|
|
|
|
|
|
|
№4 СӨЖ
|
Жеке тапсырма
|
Математикадан "Flippity" платформасында тапсырмалар жасау (flippity.net)
|
13
|
10 апта
|
№5 СӨЖ
|
Жеке тапсырма
|
«Plickers, Kahoot, Socrative онлайн сервистерінің көмегімен математикадан оқушылардың білімін бағалау тапсырмаларын жасау» атты топтық тапсырма
|
13
|
12 апта
|
№6 СӨЖ.
|
Жеке тапсырма
|
StoryJumper – онлайн оқулықтар жасау сервисінің көмегімен математикадан «ертегі кітапша» жасау
|
13
|
13 апта
|
№7 СӨЖ.
|
Жеке тапсырма
|
«Математиканы цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып онлайн оқыту әдістері» атты тақырыпта топтық жоба
|
13
|
15 апта
|
Аралық бақылау
|
|
|
13
|
15 апта
|
|
|
II-Рейтинг
|
55
|
|
№1 СӨЖ
Жұмыстың тақырыбы: «Инфографика және оны тегін жасау сервистері»
Жұмыстың мақсаты: Инфографика ұғымымен танысу және сабаққа қажетті материалдарды құрылымдап беруді үйрену, қарапайым серсвистерді білу және олармен жұмыс жасай білу.
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Инфорграфика ұғымына талдау жасау. Сонымен қатар инфографиканы тегін жасау сервистерін қарастырып, презентация жасау Интернетте іздеу жүйелері арқылы ақпарат іздестіру. Canva, Easel.ly, infogram.com, Piktochart, Venngage инфорграфиканы тегін жасау сервистерімен танысу.
Тапсырманың бағалануы: Әр бір студентке нұсқалар бойынша бір тапсырмадан беріледі. Өзіндік жұмысты толық және қатесіз орындағандар жалпы – 18 балмен бағаланады.
№2 СӨЖ
Жұмыстың тақырыбы: Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері
Жұмыстың мақсаты: Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері қандай екендігін түсініп, ол тақырыпты өзінің көзқарасы тұрғысынан аша білу
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау: "Қоғамды ақпараттандыру үдерісінің білім беруді ақпараттандыруды дамытуға әсері» атты тақырыпта эссе жазу.
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.
Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;
Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).
Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.
Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).
Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).
Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру – түзеу.
Эссе жазуда практикалық қадамдар:
1 - қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы.
2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.
3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.
4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 - қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
7 - қадам. Кіріспені жазыңыз.
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.
8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
9 - қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. проблема ашылмайды;
2. автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. логиканың болмауы.
Қосымша мәліметтер:
1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.
2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.
3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.
4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.
5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы – өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
Жеке көзқарастың көрінісі;
Фактілі дәлелдер (аргументтер);
Теоретикалық негіздеме;
Терминдерді қолдану;
Цитаталарды келтіру;
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
Юмор, сарказм;
Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Бағалау межелері:
эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;
тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;
талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;
нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;
эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;
қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;
Тапсырманың бағалануы: Әр бір студентке нұсқалар бойынша бір тапсырмадан беріледі. Өзіндік жұмысты толық және қатесіз орындағандар жалпы – 20 балмен бағаланады.
№3 СӨЖ
Жұмыстың тақырыбы: «Математикадан дәстүрден тыс бағалау тапсырмаларының түрлері» атты тақырыпта гуглда презентация дайындау
Жұмыстың мақсаты: Математикадан дәстүрден тыс бағалау тапсырмаларының түрлері» атты тақырыпта гуглда презентация жасай білу
Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Гугл презентацияны жасау жолдарын меңгеру керек.
Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бақылау оқыту және тәрбиелеу үдерісінің маңызды элементі болып табылады, оның көмегімен оқыту нәтижесі мен тиімділігі анықталады. Білімді бақылау – оқушының тұлғалық оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша бағалауды іске асыратын, оқушының білім деңгейін тексеру болып табылады. Бақылау жыл бойына жүйелі түрде жүргізіліп тұруы керек, сонымен қатар ол бағдарламаның барлық тарауларын қамтитындай жан-жақты болуы қажет.
Бақылау оқушылардың білімі мен біліктілігін жүйелі түрде есепке алып отыруға, алған білімдерін практикада қолдана алуына, олардың білімін жалпылау мен жүйелеуге, ойлау қабілетін байқауға, сонымен қатар тәрбиелеу кезінде кеткен кемшіліктері болса дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылардың білімін бақылау барысында оқыту үдерісін жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашылады, себебі бақылау оқушылар білімінің тереңдігін бақылап қана қоймай оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік береді.
Информатиканың өзіне тән пәндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады.
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері рефераттар, конкурстық жобалар, әр түрлі интеллектуалдық ойындар да қолданылады.
Интеллектуалдық ойын – бұл күрделі, көпқырлы құбылыс. Ол оқыту әдісі ғана емес, білімді бақылау әдісі болуы мүмкін.
Информатика бойынша білімді бақылауда интеллектуалдық ойындарды қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе, ал мұғалімге оқушылардың білімінде кеткен кемшіліктерді дер кезінде жөндеуіне мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті, өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлығы оянады. Оқушылардың ойынға қызыққандары соншалықты олар қойылған мәселені шешуге барынша ынтасымен тырысып, өз фантазияларын одан әрі дамыта түседі. Интеллектуалдық ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқытумен де жақсы үйлесіп кетеді.
Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауда қолдануға болатын бірқатар ойындарға мысалдар келтірейік.
Информатика курсында бірқатар тақырыптар («Компьютердің құрылғылары», «Бағдарламалық жабдықтау» және т.б.) оқушылардан көп терминдерді меңгеруін талап етеді, сондықтан да білім бақылаудың бастапқы кезеңінде мына тапсырмаларды қолданған ыңғайлы.
«Таныс термин» ойыны. 8-сынып (Дербес компьютермен танысу).
1-мысал. Берілген терминдердің ішінен компьютердің құрылғысы болып табылатын терминдерді жазып көрсетіңіздер.
Сканер, модем, кэш-жады, пернетақта, тышқан, принтер, монитор, винчестер, стример, трекбол, джойстик, компьютерлік технологиялар, тасымалдаушы, жедел жады, факс-модем, контроллер, микропроцессор, жүйелік шина, аналық плата, қоректендіру блогы.
Оқушылар терминдерді жазып біткеннен кейін бірін-бірі бақылай алады, олар өзара дәптерлерін алмастыра отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді. Мұғалім бекіткен норма бойынша жұмыстарын да өздері бағалайды.
Оқушыларға үй тапсырмасына осы терминдер бойынша әңгіме, тақпақ немесе ертегі құрап келуге тапсырма беруге болады. Мұндай жұмыстарды шығармашылық сипаттағы жұмыстарға жатқызуға болады. Оқушылардың осындай жұмыстарды орындау нәтижесінде жеке тұлғалық қасиеттерін байқауға болады.
Оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойынның бір түрі болып табылатын кроссвордтарды қолдануға болады. Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды белсенді ойлау іс-әрекетіне жетелеу және шығармалығын дамыту. Кроссвордты шешу барысында оқушы өз білімін өзі бақылай алады, ал мұғалім әр оқушының жұмысын бағалай алады. Сонымен қатар оқушыларды тек қана кроссвордтарды шешуге ғана емес, өз беттерінше кроссвордтар құрастыра білуге де үйрету қажет. Кроссвордтар құрғанда ескерілетін жайттарды оқушыларға мұғалім алдын-ала түсіндіргені жөн.
Мұғалім оқушыларға алдымен торларды толтырып алуды, сосын кроссвордты басқа топпен ауыстырып олардың жауаптарын тексеруге нұсқау береді. Оқушылар осы тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім оқушылардан бұл екі нұсқадағы сөздерде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екендігін сұрайды. Оқушылар кроссовордтағы бір құрылғы әр түрлі етіп шифрланған айтулары керек. Мысалы, пернетақта, ақпаратты енгізетін негізгі құрылғы және ол 101-ден 104-ке дейін пернелерден тұратындығы жайлы ақпарат. Бірінші жағдайда біз құрылғының қызметі, ал екінші жағдайда сыртқы түрі жайлы айтатынымызды оқушылар өздері айтулары қажет.
Мұғалім оқушылардан толтырылған кроссвордтың торларында қандай ерекшелік бар екендігін сұрайды (түрлі-түсті торлар, оқушылар осы торлардан «кілттік сөз» құрастыру керек екендігін біледі). Мұғалім кроссвордтың түрлі-түсті торларына жазылған әріптерден сөз құрастыру керек екендігін түсіндіреді. Ол үшін кроссвордтың қызыл, сары, жасыл, сұр, қара, қызыл, көгілдір ұяшықтарын басшылыққа алу қажет. Оқушылар осы ұяшықтардағы әріптерден «Ақпарат» сөзін алады.
Сонымен қатар оқушылардың білімін бақылау барысында кроссвордтың бір түрі «Венгерлік» кроссвордты қолдануға болады.
3-мысал. «WordPad-мәтіндік редакторы» тарауы бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін «Венгерлік» кроссвордты қолдану мысалын қарастырайық. «Венгерлік» кроссвордты толтыру ережесі мынадай: тордан мәтіндік редакторға қатысты терминдерді табу керек, әріптер көрші ұяшықтарда тігінен немесе көлденеңінен орналасуы мүмкін. Кроссвордтағы сөздердегі әріптер қайталанбауы керек. Әр әріп сөзде тек бір-ақ рет кездеседі. Кроссвордтағы барлық әріптер қолданылуы керек. Белгіленген «МЕҢЗЕР» сөзін мысал етіп алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |