Microsoft Word Титул docx



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата19.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#102396
1   2   3   4   5   6
«Алтын Орда» трилогиясы — ерекше назар аударатын
жазушының кесек туындыларының бірі 
Қазақ хандығы Сақтар мен ғұндардан бастау алып, түбі түркілерді тектейді. Арғы атасы — 
Шыңғыс хан, əлемді уысында ұстаған əйгілі Алтын Орда. Əкесі — Жəнібек пен Керей. Тарихымыз 
тым əріде. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын … 
Серия «История. Философия». № 4(80)/2015 
27 
Осыны алға тартқан Ілияс Есенберлин трилогияның (эпопеяның) бірінші кітабында Алтын 
Орданың дағдарысты кезеңдерін суреттейді. Мысалы: «...Жаңа ғасыр, он төртінші ғасыр басталғанда, 
Шыңғыс ханның төрт баласынан кейін бүкіл дүниені тітіреткен немере-шөберелері — Бату, Мөңке, 
Құбылай, Құлағу, Орда, Қайду, бəрі тегіс өліп, бір кездегі Шыңғыс ханның ұлы иелігі — Алтын 
Орда, Қытай империясы, Иран илхандығы, Орта Азия — Жағатай ұлысы боп төртке бөлініп, бұдан да 
əрі қарай бөлшектену немере-шөберелерден туған келесі ұрпақтардың еншісіне қалған» [9]. 
Трилогияның екінші кітабында Ақ Орда, Алтын Орда төңірегіндегі оқиғалар əңгіме болады. 
Монғол билеушілері қазақ руларын ұлыстарға бөледі. Соның негізінде Дешті Қыпшақта қазақ елі 
деген жаңа ұғым қалыптасады. Ақ Орда мен Алтын Орданың қуатты мемлекетке айналуында 
экономикалық фактордың рөлін көрсетуге көңіл бөлінген. Екінші кітаптағы хандар да Шыңғыс хан 
салған жолды басшылыққа алады: «Алтын Орда шу дегеннен-ақ қиянаттан туған мемлекет болатын. 
Ол өмір бойы сол қиянатын үстемдік етіп жүргізіп келген. Ал сол қиянаттың орындаушысы атам 
заманнан əскері болған. 
Шыңғысхан бұл əскерін жан аямас қатыгездікке, темір тəртіпке үйреткен. Əлемді тек осындай 
ешкімді аяуды білмейтін жауынгерлермен жаулап алам деп ойлаған. 
Сол себептен де ол, егер бір ондықтан, не жүздіктен, мыңдықтан, тіпті бір түмеден, екінші 
түмеге, мыңдыққа, жүздікке, ондыққа өзі тілеп бір жауынгер ауысар болса, ондай жауынгер 
өлтірілген. Ал оған ауысуға рұқсат еткен басшы, мейлі ол түме басшысы болса да кісен салынып, 
қатты жазаға бұйырылған. 
Ұлы жиһангердің мұнысы «ағаш бір жерде тұрып өседі, жауынгер бір жасақта жүріп 
шынығады» дегені еді. 
Сондай-ақ Шыңғысхан, соғысқа қосындарын дайындағанда, еш уақытта тойындырып ас 
бермеген. «Тоқ жүйрік алысқа жарамас, тоқ тазы түлкі алмас. Аш жауынгер ызалы, ашулы келеді. 
Ашулы жауынгер жауыңды аямай, қыра береді» деген. 
«Алтын Орда хандары да, жаңа жиһангер Ақсақ Темір де əскерлерін сол Шыңғысхан тəртібімен 
ұйымдастырған» [10; 235]. 
Трилогияның үшінші кітабы Алтын Орда билік еткен өңірдегі қазақ жерінде өткен басты-басты 
оқиғаларды баяндайды: «Тарих өз дөңгелегін айналдыра түскен. Кешегі Алтын Орданың қарамағанда 
жүрген Жошының бесінші баласын Сыбанның ұрпағы, Ибрагимнен туған Дəулет Шайхтың баласы 
Əбілқайыр Ібір-Сібірде Махмұдектен Көк Орда хандығын тартып алып атақты Шайбани хандығының 
негізін салған. Ол енді Ібір-Сібірдің күнгейіне қарай беттеп, Ақсақ Темір мемлекетіне тікелей қауіп 
тудырған. Осы кезде түрік сұлтаны Екінші Мұрат Каффаны алып, Қырымға билігін жүргізе бастаған. 
Ал Алтын Орданың ұлы даласындағы көшпенді елдердің негізгісі қыпшақ пен ноғайлы екі 
бөлініп, Едігенің ұрпақтары Жаңбыршы, Мұса, олардың балалары Жүсіп, Мамай, немерелері 
Телағыс, Алшағыр бастаған Ноғайлы ұлысы қыпшақ елін Еділ бойынан Жайыққа дейін қуып 
тастаған. Ал, сол Едігенің ұрпағы Ер Тарғын, Ер Сайындар қайтадан Қырым жағасына дейін барған. 
Қыпшақ тайпасы болса енді қазақ елі атанып, қыпшақ оның бір руына айналған. 
Тарих дөңгелегі алға қарай жылжи берген. Алтын Орданың ішіндегі бақталастық, бірін-бірі 
шабу, бірін-бірі құрту енді бұрынғысынан да күшейе түскен. Ақырында, тартылған алып теңізден 
қалған ойдым-ойдым, үлкенді-кішілі көлдердей, енді Алтын Орданың орнына Қырым, Қазан, Қасым 
хандықтарымен, Ноғайлы ұлысы, Əбілқайыр Ордасы, қайтадан Мордва, Башқұрт аймақтары пайда 
болды. 
Əбілқайыр ордасынан Қазақ хандығы бөлінді. 
Тарих дөңгелегі тоқтауды білмеді... 
Тағы да екі жүз жылдай мезгіл өтті. Алтын Орданың негізгі жерінде — Батысы Жайық өзенінен 
асып жатқан, Шығысы Ертіс өзенінен өтіп кеткен, Күнгей-Батысы Иранға, Күнгей-Шығысы Қытайға 
жеткен, ал Шығысы сонау көне Ұбайра-Сұбайра Сібір ормандарын аймалаған, ал Теріскей-Шығысы 
Тобыл мен Тара өзендері құятын Ертістің сағасына дейін шектескен, теріскейі Орал тауының күнгей 
жағыменен Тобыл өзенінің бас жағына жеткен ұлы далада — Сақ, қыпшақтан тараған, ежелден, адам 
адам болып жаралғалы, осы араны мекендеген қазақ елі қалды... 
Едіге өлгеннен кейін де тағы бес жүз жыл өтті... 
Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада — жаңа Қазақ Республикасы орнады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет