Microsoft Word Титул docx



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата19.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#102396
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Каренов Ілияс 4-80-2015

«Жанталас» — «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы 
«Алмас қылыш» романы мен «Жанталас» романының ширек бөлігі алғашқы қазақ хандығының 
қандай ғаламат күрес-тартыста құрылғанын суреттейді. 
«Көшпенділердің» екінші кітабы «Жанталаста» ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы Қытай, Жоңғар 
феодалдық агрессияшыл мемлекеттерінің қазақ еліне жасаған қысым-қыспағы, қанды жорықтары 
баяндалады. Бұқар жыраудың ішкі монологы арқылы жоңғар басқыншыларының қылышынан қазақ 
елінің бестен үш бөлігі қырылғаны баян етіледі. Қытай, Жоңғар мемлекеттерінің Канси, Сыбан 
Раптан, Қалден Церен, Церен Доржи, тағы басқа соғыс құмар билеушілерінің жүргізген саясаттары, 
қатыгез, қаражүрек іс-əрекеттері көркемдікпен қисынды көрсетіледі. Абылай хан, Бұқар жырау
Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай бастаған қазақтың данышпан перзенттерінің күрделі 
тағдыры сенімді суреттеледі. Қазақ халқының шетел басқыншыларына қарсы күресі, «Ақтабан 
шұбырынды, алқа көл сұлама» аталған трагедиясы тарихи деректер негізінде көркем сөзбен келісті 
кестеленеді. 
«Жанталас» романында Əбілқайыр мен Абылай хандар психологиялық жақтан ұштасып барып, 
екі тармаққа бұрылады. Жазушы Əбілқайыр тұлғасы жайлы таласпікірдің ұшығын тарихи 
себептермен орайластыра дұрыс шешем шығарады. Əбілқайыр да, Абылай да хандық билікті қолдан 
шығарғысы келмейді. Алайда Жоңғар мен Қытай шапқыншыларының бұғауынан құтылудың бір-ақ 
шешімі бар. Əбілқайырдың аузына: «Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі «жетер, 
əрекетімізді ақтар, бізге қалған жалғыз жол — ол Россияның қол астына ену», — деп сөз салады. 
Сондықтан да роман авторы белгілі себептермен Əбілқайыр ханның өзге қазақ басшыларымен 
ақылдаспай, жоңғарлармен соғысты тоқтатуын айта келген тұста мірдің оғындай тілін беземейді. 
Əбілқайыр хан батыс жаққа «үміттене қарады». Ресей патшасының тағына отырған «Анна Иоановна 
Əбілқайыр ханның бір мың жеті жүз отызыншы жылы наурыздың сегізінші күні «қорғандық» істеуін 
өтінген қағазына жауап ретінде, қырғыз-қайсақ жұртын қарамағына алғандығын білдіріп, бір мың 
жеті жүз отыз бірінші жылы ақпанның он тоғызыншы күні Указ шығарды» деген сияқты қоңырқай 
стильге көшіп күмілжиді. Дегенмен, автор өзі іш тартатын кейіпкері — Бұқар жырауға сөз бергенде, 
елдің Ресейге бодандыққа бет алғанына байланысты уайымын ашық сездіреді [2; 3]. 
Қазақ халқының соңғы рет басын құрап, жоңғар, қытай басқыншыларына тойтарыс берген 
кезеңінің шежіресі жəне сол тарихи дəуір оқиғасының басында тұрған Абылайдың билік кезеңі 
«Жанталастың» үшінші бөлімінде баяндалады. 
Шапқыншылық емес, негізгі мақсат басқыншылықтан қорғану болып келетін дəуір бейнесі 
жасалған «Жанталас» романында Абылай əр қырынан суреттеледі. Сан түрлі мінез, қасиетімен 
көрініс табады. 
Романның «Жанталас» аталуы да сондықтан. Романның бас кейіпкері — осы жанталас кезеңінде 
елге бас болған Абылай. Ұлы ханның тарихи тұлғасын сұңғыла сана, тұңғиық ойдың икемімен елдің 
есіне түсіріп, коммунистік көзқарас, партиялық саясат құрсауы қамаулап тұрған заманның өзінде 
халыққа танытқан Ілияс Есенберлин болды [4]. 
Рас, халық аузында көп айтылып келген Абылай хан есімі, өкінішке орай, кеңестік кезең 
тарихында қайшылықты тұлға ретінде бағаланып ел санасынан шығарылды. 
«Қаһар» — «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы 
Ілияс Есенберлин тудырған тарихи шығармалардың танымдық-тəрбиелік қуатының күштілігі 
мен көркем шығарма ретіндегі эстетикалық пəрменінің қуаттылығы ерекше болса, бұл сипат алғаш 
дүниеге келген «Қаһар» романының өзінде-ақ айрықша мол болды. «Қаһардың» алғашқы аты 
«Кенесары» екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Цензурадан өткізу үшін жұмсартқандағы түрі — 
«Қаһар». Жазушы осы романы арқылы тарихи тақырыпты игеру жөніндегі батыл жаңашылдық 
көрсетті. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Р.С.Каренов 
26 
Вестник Карагандинского университета 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Алпысбаевтың пайымдауынша, автордың 
алғашқы кітаптан басталмай («Алмас қылыш» романы), трилогиясының соңғы бөлігі «Қаһардан» 
бастауында мынадай себептер болған сияқты [5]. 
Біріншіден, суреттеліп отырған кезең біздің дəуірімізге біртабан болса да жақын, тарих тасасына 
дидарын жасырып үлгермеген. 
Екіншіден, ел ішінде ізін суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған 
тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған. Сондықтан Ілекең соны жазуды 
діттеген. 
Үшіншіден, Кенесары Наурызбай қозғалысы жайында жазылған еңбектерді саяси орын түгел 
отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені 
шындық. 
І.Есенберлин өз романында баяндағандай, ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары 
Қасымұлы бір орталықтан басқарылатын хандық құрды. Ханның жанынан жоғары кеңесші орган — 
өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын 
арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары — жасауылдар арқылы 
басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мəселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-
салық жинаумен жəне əскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі 
берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді 
пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл-күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды 
нəтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды. 
Кенесары хан идеясы — Кенесары хан билік құрған қазақ қоғамында дін, сауда айналымы, 
шаруашылық, тəртіптілік, зиялылар кеңесі тікелей ұлт мүддесіне қызмет етуге бағытталды [6]. 
Бір ғана Ақмола бекінісін алу оқиғасы арқылы Кенесары Қасымұлының асқақ бейнесін көруге 
болады. 1838 жылдың 7 тамызында Кене ханның Ақмола бекінісін өртеп, патшаның отаршыл 
саясатының пəрменін қайтарған тарихи күн. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» тарихи романындағы 
Ақмола бекінісін алған тарихи оқиғаны зерделей отырып, қазақ батырларының тұлғалық бейнесінен 
тағылым аламыз. Зиялылықтың жібін жалғаған талантты жазушы қамалға кірген Басықара батыры 
оққа ұшқан сəттегі Кене ханның «Тастамаңдар Басықара батырды жау қолына!» деген жан айқайын, 
жау қамалына жеке кетіп шауып бара жатқан Кенесарыны көргенде өзгелері де орындарында тұра 
алмады» [7] деген жолдардан батырлық рухты көреміз. 
Ақмола бекінісін алған күн қазақ тарихында мəңгі қалды. Кене хан еліне сүйенді, елі Кенені 
отаршылық бұғауынан азат етуші хан ретінде қабылдады. 
Мұхтар Əуезовтің «Хан Кене» пьесасы 1934 жылы Қазақ мемлекеттік драма театрында бір-ақ 
рет қойылып, аяғы үлкен дауға айналып, сахнадан алынып, солақай саяси сындардың астында 
қалғаны белгілі. Бұл еңбек кейіннен араға жарты ғасырдай уақыт салып барып, жазушының жиырма 
томдық шығармалар жинағының 14-ші томында алғаш рет жарияланды. 
1952 жылы білгір тарихшы Е.Бекмаханов Кенесары бастаған ұлт-азаттық тарихын жазғаны үшін 
25 жылға сотталды. Ермұхан Бекмахановтың еңбегі соғыстан кейінгі Қазақстандағы екінші толқын 
саяси қудалаулардың басты объектісіне, негізгі себептерінің біріне айналып, аяғы қазақ зиялыларын 
жаппай қуғынға ұшыратқан саяси науқанға ұласты. 
«Қаһар» романы басылып шыққанда халықтың ұлттық сана-сезімі біршама өсіп қалғандықтан да 
мұндай сорақылықтар бола қойған жоқ. Дегенмен, оның авторы І.Есенберлин де көптеген саяси 
айыптаулардың астында қалған болатын. Халық оң-солын танып, ұлттық рухы күшейе түскен 
«кемелденген социализм» кезінде отызыншы, елуінші жылдардағыдай саяси қудалауларға жол беріле 
қойған жоқ [8]. 
Жалпы алғанда, I.Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес 
шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем 
түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. «Қаһар» қазақтың қойын кітабына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет