Microsoft Word Титул docx



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#102396
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Каренов Ілияс 4-80-2015

«Алмас қылыш» — «Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы 
Ілияс Есенберлин «Көшпенділердің» жарық көруі үшін арыстанша арпалысты: С.Имашевпен, 
З.Қамалиденовпен, одан қалса, Орталық Комитеттің шенеуніктерімен қаншама рет бет жыртысты 
десеңізші?! Нəтижесінде, «Көшпенділер» оқырманның қолына дер кезінде, дəл мезгілінде жетті. 
Шығарма оқырманның қолына кешікпей, кешеуілдемей, дер кезінде жетуге тиіс. Сонда оның 
пайдалы əсер коэффициенті де орасан жоғары болады. 
Міне, Ілекеңнің осы жанкешті тірлігін қалай ерлік деп бағаламасқа?! Қалай ерлік деп 
танымасқа?! 
«Көшпенділерде» көптеген тарихи дерек пен аңыз-əңгімені — көшпелі елдің көркем шежіресін, 
эпостық мəнерлеу, баяндау дəстүрін қазіргі əдебиеттің өрнектеу, суреттеу тəсілімен шебер 
қиыстырған қаламгер өзіндік сипаты бар роман түрін жасап шықты. Əсіресе «Алмас қылыш» пен 
«Жанталастың» оқиға-деректері мен сюжеттік бұлақтарының көпшілігі соншама, олардың 
əрқайсысында талай романның өзегі жатыр. 
Трилогияның бірінші кітабындағы Жəнібек, Керей, Қасым жəне Əбілқайыр хандардың бейнелері 
арқылы билік құрушы топ өкілдерінің қоғам мен саясат хақындағы өзі түсініктері, тұжырымды ой-
пікірлері баяндалады. Əлемді тітіреткен Дешті Қыпшақтың Əбілқайыр ханның (ХV ғ.) кезінде ішкі-
сыртқы күштердің əсерінен əлсіреп, ыдырай бастаған кезі көрсетіледі. Оның іштей ыдырап жеке 
хандықтарға бөліне бастаған алмағайып шағы «Алмас қылышта» қым-қуыт оқиғалар тізбегі арқылы 
суреттеледі. 
Автор қазақтардың жеке мемлекет шаңырағын көтеруі тарихи қажеттіліктен туғанын реалистік 
шындыққа негізделген сурет салу жолымен көрсетуге тырысқан [2; 3]: 
– Əбілқайыр ханның жексұрын харекеттері өзіне көрініп, Қазақ мемлекетін құруға 
беттегендердің ынта-жігерін қайрай түседі. Тəуелсіз Қазақ хандығын құру толғағын күшейтеді. 
– Əбілқайыр ханның азғыруымен Қарақыпшақ Қобыланды батыр Арғын тайпасынан шыққан 
Ақжол биді (Дайырқожаны) өлтіріп тынады. Ел бүлінеді. 
– Ақжол бидің жетісін бергеннен кейін Керей мен Жəнібек сұлтандар хан сарайына келіп, 
Қобыландының басын бересің деген үзілді-кесілді талап қояды. Əбілқайыр хан бұл ұсынысты 
қолдамайды. 
– Қос сұлтан: бұзақыңды қимайды екенсің, олай болса, біз кеттік деп мəлімдейді. Арғын, 
Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ рулары Жəнібек пен Керейге еріп, Моғолстанға қарай 
қопарыла көтеріледі. Бұл көш жай көш емес, Көк Ордадан ірге аударудың бастамасы еді. 
Нəтижесінде, қазақ елі дербес мемлекет шаңырағын көтереді. 
Мемлекет құру оңай мəселе емес. Сондықтан да алғаш Керей, Жəнібек хандары бас болып 
шаңырақ көтерген Қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ. Өздеріне ерген елдің іргесі бекіп, 
өрісі кеңеюі үшін Керей мен Жəнібек сұлтандарға талай азулы ел билеушілермен ырғасып, жаға 
жыртысуға тура келді. Орта Азияның ұланғайыр жерін тоқымдай тілгілеп, жеке-жеке иемденген 
шағын хандықтармен алысу, көшпелі алтындай біресе ол жағына, біресе бұл жағына ауысқан көне 
қалалар мен шұрайлы жерлер елді талай сынға салып, тезден өткізді. Сондықтан да «Алмас 
қылыштағы» оқиғалар желісі тым қою, сюжеттік желісі шытырманды, бұралаңы көп. Алма-кезек 
ауысқан хан-сұлтандар, олардың арасындағы қым-қуыт соғыстар қаншама. Тарихи зерттеу архивтік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын … 
Серия «История. Философия». № 4(80)/2015 
25 
мəлімет, жазба құжат шежірелік деректермен салыстыра қарағанда, автордың көптеген оқиғаларды 
іріктеп, Əбілқайыр, Керей, Жəнібек, Бұрындық, Қасым сұлтандар айналасына топтастыра жинақтауға 
тырысқанын байқаймыз [3]. 
Қорытындылап айтсақ, «Алмас қылышта» қазақ халқының халық ретінде ұйысуға қам жасап, бір 
замандарда Шыңғыс хан құрған алып империяның сілемдері Ақ орда, Көк Орда сияқты 
құрылымдардан тəуелсіздік алуға ұмтылуы, сөйтіп, өз алдына ел болу жолыңдағы тағдыры сөз 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет