Гүл шыққан жерге гүл шықты.
Жоқ, Алтын Орда тікенек еді ғой.
Бəрібір тікенектің орнына да гүл шықты [10; 478, 479].
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Р.С.Каренов
28
Вестник Карагандинского университета
«Алтын Орда» эпопеясында Тоқтамыстың Алтын Орда тағына отыруы, Қырымның Алтын
Ордадан бөлініп жеке хандық құруы, оның тағына Абдолла ханның келуі, Мамайға тиюі, Куликов
шайқасы, Тоқтамыстың Руське аттанысы, Мəскеу қаласын өртеуі, Тоқтамыс пен Ақсақ Темір
əскерлерінің айқасы, ақыры, Едіге қолынан қаза табуы, Едігенің жорықтары, Мəскеуді қоршауы,
Ұлытауда өлтірілуі сияқты оқиағалар бірінен кейін бірі əңгімеленіп отырады. Трилогияда тарихи
концепция басым.
Түйін
«Қазақ хандығын» жазғандығынан қатарластары «Мұзжарғыш» атаған І.Есенберлин өзінің бір
жазбасында: «Мен көздеген тақырыбымның ішінде жүзіп жүрем ылғи», — депті. Демек, жазушының
көкейінде — Кене хан, қиялында — Қазақ хандығы, есінде — Есім хан, қаперінде — Қасым хан,
жадында — Жəнібек пен Керей хандар, ділінде — Дешті Қыпшақ, ақыл-ойында — Алтын Орда
дəуірі, арманында азаттық болған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиетіндегі мұрты бұзылмай
жаткан тарихи тақырыптың алғашқы мұзжарғыш кемесі Ілияс Есенберлин болғанын əсте
ұмытпауымыз керек.
«Алмас қылыш» та, «Жанталас» та, «Қаһар» да тарихшылардың айта алмағанын айтып, жаза
алмағанын жазып, тарих материалдарын мол қамтығандықтан, жұртшылық назарын аударды. Ұлттық
сезімге шөліркеген жандардың сусынын Есенберлин романдары басты. Жалпы, «Көшпенділер»
трилогиясы — қазақты тарихпен тəрбиелеген, қазақтың тарихи жадысын өткірлеген, қазақ
жастарының санасына «Алаш», «Тəуелсіздік», «Қазақ хандығы», «Қазақ мемлекеті» жəне тағы басқа
тарихи ұғымдарды өшпестей етіп сіңіріп кеткен аса құнды туынды. Бір сөзбен айтқанда, əйгілі
жазушы өз тарихи романдарымен қазақ халқының мыңжылдық өмірін бейнелеп, өшпес рухты
суреттеп ұлы ерлік, ұлы еңбек жасады. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы кез келген ұлттың
мəдени өмірінде бір ғасырда, мүмкін бірнеше ғасырда, бір рет қана дүниеге келетін əрі сирек, əрі
ғажайып алып туынды. Сондықтан да бұл еңбек 1980 жылы Ленин атындағы сыйлыққа ұсынылғаны
белгілі. Бірақ сол кездегі ең жоғары дəрежелі сыйлыққа өтпей қалды.
Бүкіл ғұмырын елінің сан ғасырлық тұрлаулы-тұрлаусыз тағдырын көрсетуге арнаған қаламгер
үшін бұдан ауыр соққы бола ма?
Бақталастар мен қызыл партия сарбаздары Кремльге дейін арыз айдады. Тұрпайы сынның тезіне
салып жазушыны атқа теріс мінгізбек болды. Сол уақытта əйдік қаламгердің қандай ауыр айыптауға
ұшырағанын мына бір жалған пікір айғақтай түседі: «Есенберлиннің кітаптарын тез шығаратыны
сонша, тіпті оқып та үлгере алмайсың. Өз басым, қолтаңбасын жазып, сыйлаған кітаптардың бəрін
оқып жүрмін. Есенберлин маған кітабын сыйлаған емес. «Хан Кенені» орыс тілінде оқып шықтым.
Кітап біршама жаман жазылмаған. Кенесары — бүкілодақтық масштабта əшкереленген адам. Ол
туралы қаулы осы уақытқа дейін бар күшін əлі жойған жоқ. Осыдан кейін мұндай кітаптың қалай
жарық көргеніне қайран қаламын. Тарихта екі Кенесары болған жоқ, біреу-ақ болған. Ендеше,
Қазақстан ОКП бұл кітаптың шығуына неге рұқсат берді? Кенесарының іс-əрекетіне көзқарас,
қатынас біреу-ақ болуы керек. Оның іс-əрекеті Россияға жат, қарсы жүргізілді. Ал, біздің Орталық
Комитеттің қолдауымен осындай адам туралы кітап шығып отыр. Жұрт жабылып осы кітапты оқып
жатыр. Біраз адамдар, студенттер ұлтшылдық ұрандар көтеріп жүр. Біз хандарды мақтауға неге жол
беріп отырмыз? Əрине, ескіні жазуға мен қарсы емеспін, бірақ хандық құрылысты мадақтаудың
қаншалық қажеті бар еді? Халықтардың арасын ашып, араздастырған, тарих əшкерелеген осы бір
өлікті қайта тірілтудің қаншалық қажеті болды? Бұл кітап жастарға керісінше əсер етіп, ұлтшылдық
сезімін өршіте түседі» [11].
Елдегі осындай сыншылардың салқыны тисе керек, КОКП Орталық Комитетінің идеологі
А.Яковлев «Против антиисторизма» деген мақаласында «Қаһар» романын Кенесары хан қозғалысын
əсіре дəріптеп, мадақтаған себепті ұлтшылдықты қоздырады деген айып тақты. Ал Орталық
Комитеттің бас хатшысы Л.И.Брежнев бір алқалы жиында «Қазақстан қайдағы бір Кенесары дегенді
тауып алды» деп қатқыл үнмен зілді сес көрсетті.
Міне, осындай алмағайып кезеңде қаймықпай, қаламын қоғамның қажетіне жаратқан қабырғалы
қаламгерді қайраткер ғана емес, қаһарман деуге толық негіз бар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде қорытындылап айтсақ: Ілияс Есенберлиннің
«Көшпенділер» жəне «Алтын Орда» трилогиялары (басқа он бір кітапты есептемей-ақ қойғанда),
бізді мыңдаған жылдық тарихы бар ұлт екенімізді айдан анық дəлелдеп берді. Жазушының осы екі
трилогиясын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын …
Серия «История. Философия». № 4(80)/2015
29
шығарманың эстетикалық өзектілігін арттыратын көркемдік фактор екенін дəлелдейтін, уақыт рухы
көрінетін, жаңа концепция əкелген шығармалар деуге болады.
Əдебиеттер тізімі
1 Жемісті талант // Жұлдыз. — 1975. — № 1. — 209–213-б.
2 Елеукенов Ш. Ұлт береке-бірлігінің жалынды жаршысы // Қазақ əдебиеті. — № 1, 2 (3427). — 2015. — 16 қаңт. — 3-б.
3 Ақшолақов Е. Елін сүйген Есенберлин // Жұлдыз. — 2009. — № 11. — 203–208-б.
4 Алпысбаев Қ. Тарлан талант тағлымы // Жұлдыз. — 2006. — № 10. — 163–174 б.
5 Алпысбаев Қ.І. Есенберлин романындағы тарихи тағылым // Ақиқат. — 2008. — № 12. — 198–205-б.
6 Садықов Т. Қазақ хандығы əдет-ғұрып заңының ізгі жүйесін қалыптастырды // Егемен Қазақстан. — 2015. —
18 маус. — 5-б.
7 Есенберлин І. Он томдық шығармалар жинағы. —7-т. — 3-к. — Көшпенделер: Тарихи триология. — Алматы:
Жазушы, 1986. — 328 б.
8 Ысқақұлы Д. Зобалаң (Е.Бекмахановтың ісі хақында) // Жалын. — 2015. — № 2. — 19–30-б.
9 Есенберлин І. Алтын Орда. Бірінші кітап. Тарихи триология. — Алматы: Жазушы, 1982. — 264 б.
10 Есенберлин І. Алтын Орда: Тарихи триология. — 2-, 3-к. — Алматы: Жазушы, 1983. — 480 б.
11 Қыдырəлі Д. Сеңді бұзған семсер сөз // Қазақ əдебиеті. — 2015. — № 4 (3429). — 30 қаңт. — 7-б.
Р.С.Каренов
Достарыңызбен бөлісу: |