*!Мидың постцентралды ирелеңінің бұзылысы кезінде болады


Транзиторлы ишемиялық шабуыл. БМСИ



бет79/90
Дата27.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110469
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
Байланысты:
*!Мидың постцентралды ирелеңінің бұзылысы кезінде болады-emirsaba.org

Транзиторлы ишемиялық шабуыл. БМСИ
98
Бас миының қан айналымының жетіспеушілігінің алғашқы белгілеріне қандай симптом жатады?

+бас ауру


гемигипестезия
спастикалық гемипарез
афазия
солғын гемипарез


Транзиторлы ишемиялық шабуыл БМСИ
99
Қабылдауда 40 жасар әйел кісі, ауруханаға үдемелі бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға, «көз алдындағы шіркей» жылтылдауы шағымдарымен қабылданды. Объективті: есеңгіреген, БМН – ерекшеліктерсіз, рефлекстер біртекті жоғарылаған, екі жақты Бабинский симптомы. Бас миының МРТ зерттеуінде: ми қарыншалары кеңейген. Жұлын сұйықтығында –ликвор түссіз, ликвордың қысымы 300 мм сын бағ, ликвор құрамы өзгермеген. Көз түбінде: веналары кеңейген.

Дұрыс клиникалық диагнозды қойыңыз:


гипертониялық церебральды криз
+жедел гипертониялық энцефалопатия
ишемиялық инсульт
аралас инсульт
субарахноидальды қанқұйылу
100
68 жастағы әйел адам бас ауруына, жүрісінің бұзылысына, қазіргі сәттегі болмыстарға есте сақтау қабілеті нашарлағанын, өздігінен еріксіз жылайтынын айтып шағымданды. Артериалды гипертензиямен, қант диабетімен зардап шегеді. Неврологиялық статуста: есі анық, инструкцияны орындайды, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Сол жақтағы мұрын-ерін қатпарлары тегістелген, оральді автоматизм рефлекстері анықталды. АҚҚ 180/100, кеуде қуысы мүшелерінің R-графиясында аортаның тығыздалғаны, сол қарыншаның ұлғайғаны анықталды.

Науқастақандай диагноз болуыықтимал?


ишемиялықтипті бас ми қанайналымының жедел бұзылысы

геморрагиялық типті бас ми қанайналымының жедел бұзылысы


жедел гипертониялық энцефалопатия
+созылмалы бас ми ишемиясы
церебралды гипертониялық криз
101
Қабылдауда 55 жасар ер кісіде, АҚ 180/100 мм сын бағ жоғарылау фонында, бас ауруы, жүрек айнуы, бас айналуы пайда болды. Объективті: есі сақталған, беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойымен. Рефлекстері біртекті жоғарылаған. Координаторлы бұзылыстар жоқ. Бас миының МРТ зерттеуінде – ми қарыншалары біркелкі кеңейген.

Қандай болжамалы диагноз қоюға болады?


ишемиялық инсульт
+гипертониялық криз
транзиторлық ишемиялық атака
жедел гипертониялық энцефалопатия
ми қанайналымы жеткіліксіздігінің бастапқы көріністері
102
75 жастағы әйел адам анамнезінде бірнеше рет бас ми инфарктын бастан кешірген.Туыстарының айтуы бойынша науқаста есте сақтау қабілеті нашарлаған, кіші дәретін жиі ұстай алмайды. Неврологиялық статуста оральді автоматизм рефлексі айқын, мәжбүрлі жылау, екі жақты гиперрефлексия, сол жағында басымырақ, патологиялық Бабинский рефлексі сол жағында анықталынды. Бас ми МРТ – екі жақты көпошақты лейкоареоз анықталды.

Қандай диагноз болуы ықтимал?


инсульт
+тамырлық деменция
паркинсонизм
энцефалит
миелит
103
Қабылдауда 45 жасар әйел кісіні, соңғы 3 ай бойындағы аптасына бір рет көрінетін әртүрлі сипаттағы бас ауруы, бас айналуы, ұйқысының бұзылуы, шаршағыштық мазалайды. Объективті: бас – ми нервтері ерекшеліксіз, салданулар, сезімталдық және координация бұзылыстары жоқ. Бас миының МРТ зерттеуі – патологиялық өзгерістерсіз.

Қандай болжамалы диагноз ең ықтимад?


+ми қанайналымы жеткіліксіздігінің бастапқы көріністері
транзиторлы ишемиялық шабуыл
созылмалы ми ишемиясы
ишемиялық инсульт
лакунарлы инсульт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет