Мифологиясы



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата03.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#6392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

-
6
.].
Моңғолдың «Алтай сүмбэн хүү»  эпосында:
Жалғыз ағаш от болмайды,
Жалғыз адам көп болмайды.
Екі ағаш біріксе от болады,
Екі адам біріксе көп болады, -
деген  жьф  жолдары  бар.  «Бұнда  ежелгі  адамдардың  қос  ағашты  үй- 
кеп  от  шыгарып  алу  салтының  іздері  сақталған»,  -   деп  жазады
фольклортанушы С.Дулам [46,27-6.].
Моңғолдарда  отқа  тасаттық  салтында  айтылатын  мадақ  жырлар 
сақталған.  Қазақта  бұндай  рәсім  көмескіленіп,  мәтіндер  жойылып 
кеткенін айту керек.  Моңғолдардың отка табыну жырында:
Хаған ием сактаған от,
Ханыша анам үрлеген от,
Әкең сенін  құрыш болат,
Анаң асыл қара тас, -
деген жолдар бар.
Бұл  жырда  оттың  әкесі  мен  анасы  бар  деген  ежелгі  түсініктің
сарқыны айқын көрінеді. Дэл бұндай ұғым хакаста да бар.
Сонымен,  қазақга  отқа  табыну  салты  көмескіленіп  кеткендікген, 
отқа  арналган  мадақ  жырлар  да  немесе  оттың  пайда  болуы  туралы 
мифтің мэтіні де бізге толық күйінде жетпегендігі айқындалды. Ғалым
71

Д.Банзаров:  «Ламалар  ел  аузындағы  бақсының  сарынын  жинап  ап, 
оған буддизм элементтерін қосып, кітапша жасап, елге таратқан», -  деп 
жазады  [166,  49-6.].  Оның  айтуынша,  моңғолдарға будда діні  енғенде 
ежелгі  қара  діннің  киелі  рәміздері  бұрмаланғанымен,  оның  кейбір 
мәтіндері  қағазға  түсірілген  көрінеді.  От  туралы 
мадақ  жырлар, 
ежелғі  түсініктер,  мифтер  моңғол  халқында  эжептэуір  сақталып 
қалғандығының  бір  себебі  осында  болса  керек.  Ал  қазақгарда  оттың 
шығу  тегінің  өзі  ислам  дінінің  тозағымен  қатыстырылып  (себебі 
шайтан оттан жаралған), содан Фрук деген диуананың отты экелғендігі 
туралы трансформаңияға үшыраған  сюжеттің  сақталғандығын  білдік. 
Түйіндеп  айтқанда,  қазақта  отқа  табыну  шайтанның  ісіне  саналып, 
элемдік  дін  тарабынан  қуғынға  үшырап,  от  туралы  наным-сенімнің 
іргесі недэуір  шайқалғандығы айқын білініп түр.
Ежелгі  түріктерде  алғашқы  отты  Надулуша  шығарып  алған  деғен 
аңыз  бар  [169,  8-6.].  Бірақ  бұл  түрік  Прометейінің  отты  дэл  қалай 
шығарып  алғандығы туралы сюжет бізғе белгісіз.  Алтайлықтарда мы- 
надай сюжет бар:  «Улғен тэңір элемді жаратып болған соң аязда адам- 
дар  тоңа  бастайды.  Ол  үш  қызына  адам  баласы  жылынатын  отты  та- 
буды тапсырады.  Оттың  құпиясын сол  кезде тартар  (коростель) біледі 
екен.  Алайда ұсқыны жаман  міскін  ол  осы туралы  жиынға келгенде, 
Улгеннің қыздары күлғендіктен, өкпелеп кетіп қалады. Оның не дейтінін 
жасырын  барып  байғыз  тындаса,  «Тэңірдің  үш  қызы  ақымақ,  өздері 
мені  мазақтап  күледі.  Тасты  тасқа  ұрса  от  шығатынын  да  білмейді» 
деген  деседі.  Міне,  сол  сөзден  кейін  отты  жағып  игеру  пайда  болған
екен»  [85,138-6.],  [39, 55-6.].
Бұл сарын шор мифінде де бар [266,285-6.].
Хакастарда бұған ұқсас мынадай үлгі кездеседі:  «Сауысқан құстар- 
дың  құрылтайын  өткізіп,  алғашқы  отты  қалай  жағуға  болатындығы 
туралы  кеңес  өткізеді.  Сол  кезде  табалдырықтан  аттап  келе  жатқан 
кішкентай тартар (тискер азах) сүрініп кетеді, бұған сауысқан қарқылдап 
күледі. Оттың құпиясын білетін тартар шамданып, тайып тұрады, оған 
құстар  жапалақгы  тыңшылыққа жұмсайды.  Жапалақ  барса,  ол  былай 
деп  отыр  екен:  «Анча  хус  чыып  парып,  оттын  тамызарын  пилбин 
одырлар.  Тимірнін  хатиин  алып,  тастин  хатиин  алып,  ағастын  ірігін 
сагылдырарга  кирек»  (Онша  құс  жиылып  алып,  оттың  тамызарын 
білмей отыр. Темірдің қаттысын алып, тастың қаттысын алып, ағаштың 
шіріғімен шағылдыру керек.)»  [262, 79-6.].
Хакастар  оттың  кұпиясын  білетін  тартар  құсын  «тискер  азах»,  ал 
шорлар оны «чер-тарт-куш» деп атаған.  Шорларда тартар құс тырнаға 
өкпелеп,  тасты  тасқа  ұрса  от  шығады  деген  сырды  бүғіп  қалады, 
артынан оны  қырағы кезқұйрық (таскаджан) естіп біледі  [267, 73-6.].
Қазақта  «Құла  ат»  деген  миф  бар.  Бұл  моңғолдың  мифімен  үндес
72

[284, 69-6.].  Бұнда от туралы көне мәліметтің ұшығы сақталғандығын 
көреміз.
«МаЛ.датшасы құла ат далада ала барысқа кезіғеді. Барыс: «Сен кім- 
сің?»  -  дейді.  «Мал  патшасы  -   құла  атпын»,  -   дейді  жылқы.  Барыс: 
«Мен аң патшасы -ала барыспын, олай болса, кімнің нағыз патша екен- 
діғін күш сынасып, тексерейік», -  дейді. Сонда жылқы: «Онда екеуіміз 
тасты  теуіп,  от  шығарайық,  кім  солай  ете  алса,  нағыз  патша  сол 
болсын»,—дейді. Алдымен ала барыс бар пәрменімен  тасты тепкілейді, 
бірақ ешқандай  от  шықпайды.  Сонда  ат тағалы тұяғымен тасты теуіп 
қалғанда,  от  ұшқыны  жылт-жылт  ете  қалады.  Содан  жеңілғен  барыс 
тұра  қашқан  екен»  [66,  29-6.].  Бұл  сарын  шығыс  славяндықтарда 
«Арыстан мен ат» деғен ертекте кездеседі  [309, 70-6.].
Бұнда табиғи нысан  барыстың табанына мәдени  зат -  аттың тағасы 
қарама-қарсы  қойылып,  адамның  қолынан  жасалған  құндылықтың 
жеңісі дэріптелғен.  Барлығында  ат -  таға -  тас үшеуінің біріғуінен от- 
тың пайда болуы туралы көне түсініктің қалдығы сақталған.
Жалпысы,  көне  мәдениетте  агты  отпен  ұштастыру  ұғымы  бол- 
ғандығы  байқалады.  Мысалы:  «Авестада»  күн  құдайы  Митра  арба 
жеккен  төрт ақбоз ат бейнесінде елестетіледі:
Табынамыз Митраға біз...
Ақбоз жүйрік түлпарлар, 
>
Алтын сәулелі, нұрлы күнді,
Көк аспанда тартып, 
эне, 
барады [170,  156-6.].
Ғалым В.Я.Пропп: «...На соединение  культа огня с культом лошади, 
классический  пример  которого  дает  Индия,  и  на  ту  роль,  которую 
огонь и лошадь играют в шаманизме.  ...И действительно, в ведической 
религии  мы  видим  наиболее  полное  развитие  коня-огня  в  лице  бога
Агни», -  дейді [64, с.  177].
Қазақгағы  сюжетке  ұқсас  моңғолдың  келесі  бір  «Барыс  неге  ала
болған?» деген мифі былай:
«Адамға орманда барыс  кездесіп,  күш сынасуға шақырады.  Барыс:
«Әлсіз пақыр, сенің маған қарсы жұмсайтын қандай күш-қуатың бар?»
— деген дейді. Адам:  «Бар, оның агы —
 ақыл», — дейді. Барыс: «Ендеше, 
ақылыңцы  көрсет»,  —
 дегенде,  адам:  «Ақылды үйге  қалдырып  кеттім, 
алып келейін», — деп жүре беріп,  артына қарап кідіреді. Сонда барыс: 
«Сен неге кідірдің?»—дейді. Адам: «Сен артымнан келіп шабуыл жасай 
ма деп қорқам», -  дегенде, барыс:  «Олай болса, мені  ағашқа байлап 
кет»,  -   дейді.  Содан  адам  белбеуін  шешіп,  барысты  ағашқа  таңып, 
үйінен шақпақ әкеліп, «Ақыл деген мынау зат» деп барысқа  көрсетіп, 
астына  қу  ағашты  үйіп,  шақпағын  тұтатып,  от  қоя  береді.  Үсті-басы 
өртеніп арпалысқан барыс зорға қашып құтылады. Содан бері барыстың 
үсті күйе-күйе ноқат болып қалган екен» [45, Б. 102—103].
73

Сонымен,  қазақта жылқы  мен  барыс,  славяндықтарда арыстан  мен
ат сайысса,  моңғолда адам  мен  барыс,  кейде  ат пен  аю  күш  сынасады
екен.  Нәтижесінде  жылқы  мен  адам  өзінен  күші  әлдеқандай  басым 
жыртқыш  хайуанатты  мәдени  нысан  оттың  күшімен  жеңетіні  ортақ
дәріптеледі екен.
“Қонақасы”  салтының  заңдық  мэни
  Екінші  санаттағы  мәдени
объектілерге  әлеуметтік  қатынасты  реттейтін  игілікті  салттың  пайда
болуы  туралы  миф  те  жататынын  айттық.  Қазақга  «Қонақасы»  салты
туралы миф бар.
«Ертеде  малдарды  алғаш  рет  қолға  үйреткен  абыз  қария  сақара 
далада өмір сүрген екен.  Қарияның үш үлы болыпты.  Ол кезде далада
ал
балаларын  шақырып,  барлық  малын
бақүлдасып,  өсиет  айтады.  Сонда  балалары  әкесінен:  «Біз  болсақ
қалдырасыз
ал  сіз  малды
9 ү ү   _   ТТ^ТТ
Лен төртінші бөлікті  сендердің 
ібеге  қалдырып  отырмын,  бүл 
мал сендердің малдармен бірге 
келгенде сойып бересіңдер.  Ал
малын
қүшақ
алып
байырғы үғымнан
алса
Моңғолдарда  дәл  осы  сюжет  кездеспейді.  Жалпы,  байырғы  тайпа- 
ларда миф пен салт синкретті, бірін-бірі толықтырып түратын қүбьшыс. 
Сол себептен де түрік-моңғол руханиятының ежелгі қабатын сақгаған, 
шамандықты  үстанатын  сахалардың  кейбір  мифтері  қандай  бір  салт- 
рәсімді  түсіндіретін  нүсқаулық  қызметін  де  атқарады  [171,55-6.]. 
Алайда  қазақ  пен  моңғолда  сананың  дамуына  байланысты  миф  пен 
салттың жігі әлдеқашан ажырап кеткен.
і
мал  соятын  болған.  Қарияның  үш  баласынан 
үш  жүздің  үрпағы  таралып,  бэрі  де  қонақасы  салтын  бүлжытпай
орындайтын болған»  [129,293-6.].
Бүл мифтің Н.И.  Гродеков жазып алған тағы бір нүсқасы бар.  Онда
қонақасы салтын алғаш ойлап шығарушы, үш арысты кіндігінен өрбітіп,
үш  жүзге  енші  бөлуші  ілкі  баба  Алаша  екендігі  тамаша  суреттелген
[268,  112-6.].  Алаша  бұнда  алғаш  рет  жабайы  малдарды  -   қой,  ешкі,
жылқы,  сиыр,  түйелерді  қолға  үйретіп  өсірген,  үш  жүздің  ұрпағын
таратқан,  сонымен  бірге  қонақасы  салтын  қалыптастырған  жасампаз
к-яһапманнын кызметін аткаоып отью. Халқымыз меймандос салтымен
74

III.  КО СМОГОНИЯЛЫҚ  МИФТЕРДЕГІ 
ҮҚСАСТЫҚТАР  МЕН  ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Антропогониялық мифтер
Алгашқы  адамның  өмірге  келуі.
  Адамның  жаралуы  туралы  қазақ 
пен  моңғол  мифтері  элем  мифологиясымен  үндес,  сонымен  бірге 
кейбір ерекшеліктерге, тіпті дара сипатқа да ие екендігі анықталды.
Әлем халықтарының антропогониялық мифтерінде адамның денесі 
мен жаны немесе кейбір жекелеген мүшелері (жүрегі, көзі) қалай, неден 
жаратылғаны  туралы  айтылып,  қысқасы,  ең  алғашқы  адамның  қалай 
жаратылғандығы  туралы  түсінік  беріледі.  Мысалы,  кейбір  халықгар- 
дың үғымында адамның тэні ағаштан, қамыстан, хайуандардың сүйегі- 
нен, бамбуктан, топырақган жаралады. Қазақ пен моңғолда (түрік-моң- 
ғолда), негізінен, адамның тэні алдымен топырақган жасалады да, оған 
жанды кейіннен көктен Тэңір енгізғендігі бейнеленеді.
Бүл туралы  В.В.  Иванов:  «Мотив создания  человека из земли  в  ин- 
доевропейской  мифологии  (как  и  в  семитской)  сказался  и  в  эпитете 
человека  -   «земной»  (существует  связь  между  латинскими  словами 
һошо  -   человек  и  һишиз  -   земля)»  [142,  с.  87],  -   деп  жазғанындай, 
адамның  қүм-топырақтан  жаралғандығы  туралы  сарын  әлем  халық-
тарында мол таралған.
«Адамның  қүм-топырақ,  балшықтан  жаралғандығы туралы  сарын-
ның пайда болуына қолөнер кәсібі  өркен жайып,  адамдар  қыш-саздан 
неше  түрлі  қүмыра,  ыдыстарды  жасауы  ықпал  еткен»  [46,  136-6.],  -  
дейді  кейбір  зерттеушілер.  Ал  М.И.  Шахнович  қолөнер  кәсібінің  да- 
муы  космогониялық мифке әсер еткендігі туралы  былай деп жазады: 
«Гончарное производство способствовало образованию представления 
о том, что мир был вылеплен из глины при помощи гончарноғо круга»
[54, с. 208].
Әйткенмен, қазақга, сондай-ақ кейбір түрік халықгарында адамның 
топырақтан  емес,  басқадай  заттан  жасалғандығы  туралы  айтылатын 
мәлімет  кездеседі.  Мысалы,  адамның  ағаштан  жаралғандығы  туралы 
сарын  кездеседі.  Қазақга  қыпшақ  ағаштың  қуысынан  туады  [173, 
Б.9-10].  Үйғырлардың Бух-ханы  киелі қос ағаштан туады  [94,  104-6.]. 
Әрине, бүл ежелғі тотемдік түсініктердің сілемі болса керек.
Кейбір  мифологияда  (америкалық  үндістерде,  африка,  океания  ха- 
лықгарында)  адамның жаралуы  екі  кезеңнен түрады:  алдымен  алғаш-
76

қы антропоморфты тіршілік иесі  ілкі  ата демиург жаралады, кейіннен 
содан  адам бөлініп шығады [142, 87-6.].
Бұндай  сарын  қазақта  мүлде  жоқ.  Ал  моңғолдарда  Гэсэрдің  тууы 
туралы сюжетте осы жайт анық аңғарылады. Г эсэр қүдайлар тарапынан 
элемді  реттеу  үшін  жаралған  алғашқы  адам,  бір  сөзбен  айгқанда, 
жасампаз қаһарман  екендігі көрініс табады.
«Бір күні  Сэглон (Сэнлон)  шалдың кемпірі туғалы толғатады.  Іште 
жатқан баласы Гэсэр: «Қай жеріңнен туамын?» -  деп сөйлеп, қолтығы- 
нан тумақшы болады. Сонда анасы: «Аспанның тесігі әлі жамалып біт- 
кен жоқ, күте түр, балам», -  дейді. Бала төбесінен шыққалы ұмтылғанда 
анасы басын қолымен жауып, асығыс-үсігіс: «Онда шығатын жеріңнен 
шық», -  дейді.  Гэсэр осылайша мезгілден  ерте туса,  аспанның жыры- 
ғы элі толық жабылмаған екен. Анасы бір уыс күлді шашып еді, аспан 
толық жабылып, аспанның тігісі (моңғолдар құс жолын  «аспан тігісі»
деп түсінеді)  пайда болды [45,  141-6.; 45, 225-6.].
Бұл мифтің басқа бір нұсқасы былай: «Жер бетіндегі бір кэрі  кемпір 
жүкті  болып  қалады.  Бірақ  аспанның  жырығы  элі  жабылмаған  еді. 
Іштегі бала:  «Апа, аспанның жырығы бітті  ме?» -  деп мазалап, қайта- 
қайта  сұрай  береді.  Анасы  оған:  «Аспан  элі  бітелген  жоқ»,  -   дейді. 
Бірақ мазасыз бала тағы да осы сауалды қоя берген соң,  кемпір  әбден 
жалығып:  «Аспанның  тесігі  бітелді»,  -  деп  бірде  өтірік  айта  салады. 
Сол-ақ екен бала:  «Сол қолыңызды көтеріңіз», -  дейді де, қолтығынан 
туа салады. Ол ержеткен азамат қалпында туыпты да, аспанға қараса элі 
жабылмаған  екен.  Дереу уыстап  күл  алыпты да,  аспанның жырығына 
үрлеп  шашқан екен,  ол  бітеліп,  аспанның тігіс жымы  пайда болыпты. 
Осылайша  алғашқы  ер  кісі  мерзімінен  бұрын  туғандықтан,  адамның
ғұмьфы  қыска,  ал  кемшр  өтфік  аитқандықтан,  адамдар  өтфікші, 
алдампаз, сұм-сұрқия болған екен» [45, Б. 138-139].
Бұл  миф  орочтарда,  палеоазиялық басқадай  халықтарда  кездеседі. 
Орочтарда кездесетін дэл осыған ұқсас сарынды талдаған С.А.  Қасқа- 
басов:  «Рух-иелік мифологияда әлем элі  хаос болумен бірге, адам мен 
табиғаттың өзі элі толық бөлініп бітпеген. Тіпті кейде адам табиғаттан 
бұрын пайда болады да, табиғаттың жаралуына куәгер болады», — деп
жазады [12,324-6.].
Бұл  мифте  әлемнен  де  бұрын  ілкі  әйел  демиург  жаралып,  содан 
ол  алғашқы  адам  Гэсэрді  туып,  (зер  салыңыз:  ең  алғашқы  адам  бол- 
ғандықтан,  Гэсэр  анасының  қай  жерінен  де  туатынын  білмейді-мыс) 
одан  кейін  элі  толық  жаратылып  бітпеген  аспанның  жырығын  күл
шашып жабады, табиғатты реттейді.
Әлбетте,  бұндай  сюжет  қазақта  мүлде  кездеспейді,  дегенмен  нэ- 
рестенің  жатырда  жатып  сөйлесу  мотиві  қазақ  ертегісінде  бар.  Мы- 
салы,  «Дудар  қыз»  ертегісінде  Дудар  қыз  анасының  ішінде  жатып 
әке-шешесімен сөйлескен соң  туады. Бала:  «Үйдегі қатындарды қуып
жібер, өзім жақсы туамын», -  дейді  [174, 310-6.].
Қазақ  пен  моңғолдың  көптеген  аңыздарында  ер  мен  әйел  қа-
тар  жаратылады,  яғни  жыныстық  тұрғыдан  біреуіне  үстемдік  беріл-

мейді.  Кейбір  сюжетте  жыныстық  ерекшелік  айтылмай,  тек  адам  жа-  , |  
ралғандығы  әңгімеленеді.  Ал  түрік  тектес  алтайлықгарда  алдымен  І 
ерлер  пайда  болады,  алғашқы  жұптар  тыйым  салынған  жемісті  жеп  1 
қуғындалады.  Әрине,  бұның христиан діні  арқылы оларға енген  Інжіл  1 
сюжеті екендігін ғалым А.М.  Сагалаев дэлелдеп жазды  [175,45-6.]. 
I  
Жалпы,  көптеген  мифологияда  алдымен  ерлер,  содан  онын  артық  1 
қалған  етінен  (қабырғасынан)  эйелдер  пайда  болады  немесе  эйел  ер-  а  
кектен гөрі басқа материалдан пайда болатын сюжеттер бар. Қазақтағы  1 
«эйел  еркектің  қабырғасынан  жаралған»  деген  ұғымның  тікелей  Құ-  1 
ран хикаяларынан  келген  кірме сюжет екендігін дэлелдеп жату артық.  |  
Сонымен  бірге  хакаста  да  эйел  ердің  қабырғасынан  жаралған  деген  | 
сарын христиан діні эсерінен таралған [273,  523-6.]. 
■-  I
Әрине,  біз  бұл  зерттеуімізде  элемдік  діндердің  (ислам  мен  будда)  I 
әсерінен аулақ тұрған түрік-моңголдың байырғы дүниетанымынан  ха-  ,| 
бар  беретін  төл  сюжетті  талдауды  мақсат  етеміз.  Ол  материалдар  біз  8
айтып отырған пайымның рас екендігін дэлелдеп береді. 
1
Бір  қызығы,  түрік  тектес  алтайлықтардан  гөрі  моңғолдың  кейбір 
антропогониялық сюжеттері  қазақгармен  ұқсас  екендігі  зерттеу  нэти-  |
жесінде  айқындалды. 
I
Қазақ пен моңғолда адамның жаратылу оқиғасына кейіпкер ретінде
Тэңір мен сайтан, ит пен мысық, кейде сиыр қатысады. Біз алдымен екі
халыққа ортақ сюжеттерді талдайық,  содан  кейін  айырмашылығы бар
басқадай  сарындарға  тоқталып,  олардың  себеп-салдарын  айқындауға  1
талаптанып көрейік. 
| м   .  <>  г-, 
I
Адамның  жаратылуы  туралы  қазақ сюжеті  «Кісі  һәм  ит»  деген  ат-  1 
пен  1890 жылы «Дала уалаяты» газетінің № 45  санында жарияланған 
[15,  Б.238-239].  Зерттеуші  Ал.  Ивановский  оған  дуалистік  наным 
тұрғысынан  түсінік  беріп,  «Этнографическое  обозрение»  журналына 
жариялады [176,250-6.]. Осыған үндес моңғолда екі миф бар. Біріншісі 
«Адам  қалай  жалаңаш  қалып,  ит  неге  жылы  жүнге  ие  болды?»  деп  : 
аталады. Ал екіншісі академик Б.Ринчен жазып алған нұсқа [45, Б. 136-
138]: 
Ш
П   ^  -'У
Осы мэтіндерге салыстырулар жүргізгенде, екі халықтағы сюжеттер 
ортақ  арнадан бастау алғандығын білдік.  Қазақ аңызы бьшай:
«Құдай  тағала  әуелі  адамның  тэнін  топырақтан  жаратып  болып,  <
 
жерге  қойып,  итке  күзеттіріп,  өзі  тәнге  жан  алып  келмекші  болып  ; 
кетіпті.  Сол мезгілде тэннің жанына шайтан келіп, тэнді жоғалтпакшы  ; 
болыпты. Көзіне жақсы көрінген соң, ит тэнді шайтанға бұзуға бермей,  | 
үріп,  өзіне  қарсы шауып тұрыпты.  Сонда шайтан итке суық жіберіпті.  | 
Ит  жүнсіз  тақыр  болған  соң,  суыққа  ұшып,  өліп  қалған  мезгілінде 
шайтан  адамның тэніне  жақын  келіп,  неше  мәртебе  түкіріп  жіберген. 
Соның  үшін  күнэнің  басы  осыдан  болып,  азап  көрмек  ауырмақтық 
бұнан  қалған.  Сол  мезгілде  Құдай  тағала  қайтып  келіп  жанды  тэнге 
салып, шайтанға қаһар қылып, сонда да ауру күнэні адамда қалдырған. 
Дүниеде  тұрған  уақытта  қажеті  бар  екен  деп  жэне  итке  жақсы  адал 
қызмет қылғаны үшін оған жылы тон берген» [15,  Б.238-239].
78

Моцғолдағы  сюжет  те  осыған  ұқсас.  Қазақта  ит  жалаңаш  жа- 
ралғандығы  анық  айтылған.  Ал  моңғолда  эу  баста  адам  түкпен  жа- 
рапғандығы  ашық  айтылады.  Оны  шайтан  былғаған  соң,  Тэңір  итке 
кигізіп, адам жалаңаш қалғандығы баяндалады. Әмбесінде моңғолдағы 
бірінші  сюжетте  адамның  былғанған  жүнін  Тәңір  мысыққа  жалатып, 
тазартады  да,  оның  тілі  жетпеген  қолтық-шапта  түктер  қалады. 
Сайтан  былғап  үлгермеген  адамның  басында  қалған  шаштың  себебін 
де  түсіндіреді.  Бүл  сарындар  бізде  жоқ,  сол  себептен  қазақ  мифін 
толықтыруға көмектесіп тұр.
Жалпы,  антропогониялық  мифтерде  кездесетін  ит  тонды  боп, 
адамның  жалаңаш  қалуы  туралы  сарын  дүние  жүзінің  көптеген  ха- 
лықтарынатаралған. Мәселен, ондай сарын бурятта [68, Б.9-10], сахада 
[177,  142-6.], алтайлықтарда [176,  Б.250-252;  113,  18-6.], хакаста [273, 
522-6.],  шорларда  [267,  72-6.],  эвенкілерде  [115,  95-6.],  фин  нәсілді 
мари  [178, 24-6.] секілді халықтарда кездеседі.
Адамның  жаратылуы  туралы  қазақ  сюжетінде  мысық  мүлде  кез- 
деспейді. Моңғолда мысық бірінші сюжетте ғана кездеседі. Керісінше, 
қазақ  аңыздарында  итті  Құдай  адам  тэнін  күзеттіру  мақсатында  кісі 
кіндігінен топырақ алып жаратқандығы туралы айқын айтылады. Осы 
мотив моңғол мифін қайта жаңғыртуға септеседі.
Сонымен  бірге  екі  халықгагы  осы  сюжеттер,  біздің  ойымызша, 
қазактағы  «ит  жейде»  салтының  семантикасын  ашуға  деректеме  бо- 
ла  алады.  Нәрестеге  «ит  жейде»  кигізу  салты  иттің  түрік-моңғол  ха- 
лықтарындағы «тотем-баба» екендігінің бір дәлелі. Сонымен бірге осы 
мифтік  мэтін  ежелгі  заманда  «ит  жейде»  салтымен  бірге  синкретті
өмір сүрген деген пікірдеміз.
Иттің қалай жаралгандығы туралы қазақга кездесетін эзір үш сюжет 
бізге белгілі болып отыр. Оның біріншісі Н.Мыңжанұлының «Қазақтың 
мифтік аңыздары» деген еңбегінде жарияланған. Ал екі сюжетгі біз ел 
аузынан жазып алдық. Алдымен Н.Мыңжанұлынан мысал келтірейік: 
«Жасаған енді жердің иесін жарату үшін жер кіндігінен топырақ 
алып,  бір  ер,  бір  әйелдің  мүсінін  жасап,  күнге  кептіріп,  аузынан 
үрлеп,  жан  енгізіпті.  Олар  орнынан  тұрып,  өмір тірлігін  бастапты. 
... Жасаған  балшықтан  илеп,  адам  мүсінін  жасағанда  оның  кіндігінен 
ойып тасталған бір шөкім балшықтан итті жаратқан екен.  Иттің үнемі 
адамнан айырылмай, қайда барса да, иесінің мал-мүлкін қорып, адамға 
серік болып жүретін себебі сол», — деп жазады ғалым [13, 28-6.].
Бұндағы Жаратқанның жердің кіндігінен топырақ алып, адам мүсінін 
сомдағаны  туралы  мәлімет  қүнды.  Моңғолда  да  дэл  сондай  дерек 
кездеседі.  Себебі  мифтің  поэтикалық  шартында  кеңістіктің  қасиетті 
орталығында ғана (латынша —
 ахіз шипсіі) киелі  істер атқарылуы тиіс. 
Біз ел аузынан жазып алған бірінші мэтін былай:
«Қүдай  адамды  балшықтан  жаратқан.  Сол  балшықты  қиратқалы 
сиыр  кеп  сүзе  берген.  Сиырды  қуып  жіберу  үшін  Қүдай  адамның 
кіндігін  ойып,  содан  итті  жаратқан.  Ит  жаралған  соң  сиырды  қауып, 
куып жіберген.  Ит сиырды  көрсе,  шабаланып үріп жолатпайтыны,  қас
79

болатыны  содан.  Ал сиыр жарды  көрсе сүзіп, өкірш, топыракты  көкке 
шашатыны —
 Құдайдың адамды бейнелеген балшығын қүлатпак болып
бүгінге дейін өштесіп жүргені екен дейді» [179].
Бүл  сюжетте  сиыр  қаскөй  сайтанға  барабар  образ.  Екінші  мэтінде
сиырдың эрекетін ібіліс жасайды. Ол былай:
«Тэңір адамды балшықтан жаратқан. Оған ібіліс келіп тиісе берген.
Ібілісті  қуып,  адамның  қатпаған  мүсінін  күзеттіру  үшін  Құдай  адам-
ның  кіндік  тұсын  ойып  ап,  сол  балшықтан  итті  ал  дегенде  жаратқан.
Адамның  кіндік  шұңқыры  содан  пайда  болған.  Итті  жаратқан  бал-
шықгы  Құдай  ағашқа  апарып  қойған.  Ібіліс  ағашқа  өрмелеп  шығып,
оны да қолмен түртіп ластаған.
Ит  жаралған  соң  адамды  күзетіп,  ібілісті  қуып  тастаған.  Иттің
адамға  еріп,  қалмай  дос  болып  жүргендігі  — кіндігінің  топырағынан
жаралған  екен.  Ал  кей  кезде адамды  арсылдап  қауып  алатыны  оны да
ібіліс  түртіп  былғап  тастаған-мыс»  [180].  Бұл  сюжеттің  тағы  да  бір
нұсқасы бар [181, Б.48-50]. 
• 
]
Бұл  үш  сюжетте  иттің  күзетшілік  рәмізі  мен  адамның  кіндігінен 
жаралғандығы  туралы  сарындар  айқын  таңбаланған.  Ал  моңғолда  ит 
адамның  кіндігі  емес,  бұғанасының  шұңқырынан  пайда  болғандығы
туралы миф бар. Ол былай:
«Адамның Құдай жасап қойған, қатпаған  мүсінін сиыр қаскөйленіп,
сүзіп  қалғанда өндіршек  бұғанасынан  бір  кесек балшық құлап түседі. 
Содан  ит  жаралған.  Сондықтан  ит:  «Егер  кеселді  сиыр  болмағанда, 
алтын денелі  адамның тұлғасында  болған  болар  едім», -  деп  өкінеді. 
Иттің  сиырды  көрсе,  үріп  қуатын  себебі  — ит  адамның  асыл  тәнінен 
құлап  түсіп,  қадірсіз  хайуан  болып  жаралғанына  ызаланғандықтан 
екен.  Сондықтан  моңғолда  «Сиыр  мінген  адамға  ит  өш,  шындықты
айтқан адамға халық өш» деген мақал бар [45, 9-6.].
Бұл мифте, қазақгағыдай, сиыр -  қаскөй хайуан. Ит болса -  адамды
күзетуші емес, сиырдан зардап шегуші.
Ал  қазақга  да  адамның  бұғана,  иығының  тұсындағы  балшықтан
жаралған хайуан бар. Ол -  бүркіт.
«Жаратқан адам мүсінін сомдаған кезде иығынан бір кесек балшық
құлап  түсіп,  содан  бүркіт  пайда  болған  екен-мыс.  Бүркіттің  адамға
дос болып,  адамның қанаты сияқты  болып  жүретіні содан екен дейді»
[182]. 
******* 
<  -■ 
ІД Ц І
Халқымызда  «Адамның  оң  иығында  періигге,  сол  иығында  сайтан 
отьфады,  олар  сауап  пен  күнэні  теріп  жазады»  деген  түсінік  бар 
екендігі белгілі. Періште образында қанат бар. Байырғы түсінікте адам 
тұлғасының басы мен иығы жоғарғы әлеммен қатынаста екендігі анық. 
Ғаламның  мифологиялық  кескін-келбетінде  адам  тұлғасы  да  элем 
ағашы  немесе  элем тауы  (космос тауы) символын  атқара  алатындығы
ғылымда белгілі  [183, Б.398—456;  184].
Адам  денесінің  кеңістікті  тұспалдайтын  символикалық  мэні  қазақ
аңыздарында  да  сақталған.  Айталық,  Қарабас  ханым  Қазыбекті
сынағанда:  «Мынау  отырған — Қаз  дауысты  Қазыбек  ұйықгағанда  екі
80

қолын екі  жакқа,  екі  аяғын екі  жақа жіберіп,  керген төстіктей  боп жа- 
тады екен. Оның мәнісі: «Дүниенің төрт бұрышын қарап туған ұлмын!» 
дегені» V- дейді  [185,  15-6.].  Демек,  байьфғы  дүниетанымда  адамның 
жайылған аяқ-қолы кеңістікгегі төрт төңіректі меңзейді екен.
Ал бүркітке келсек, ол жоғарғы аспан элемінің өкілі болып саналады. 
Сол себептен де қазақ аңыздарында қыран адамның бас жағындағы иық- 
пен байланыстырылады, ал ит ортаңғы әлемнің шеңбері кіндікпен бай- 
ланыстырылады. Адамның белі мен оны ораған белдік ортаңғы әлемді 
рәміздейді,  сонымен  бірге  өсіп-өну  мен  күш-қуатты  нышандайды. 
Демек,  иттің  кіндіктен  жаралған  деп  аңыздалып,  сәби  туғанда  «ит 
жейде» салтының орындалуының мэні тереңде.
Сонымен,  біз  келтірген  мысалдардан  қазақ  пен  моңғолдың  адам- 
ның  жаралуы  туралы  мифтері  ортақ  тамырдан  бастау  алғандығын 
байқаймыз.  Түрік  тектес  алтайлықтарда,  сонымен  бірге  моңғол  текті 
буряттар  мен  ҚХР-дағы  ішкі  моңғолдарда  алғашқы  адамды  көп 
құдайлар  бірігіп жасайды.  Әрине,  бүл  көпкұдайлы будда дінінің,  нақ- 
тырақ  айтқанда,  ламаизмнің  ықпалы  екендігі  ғылымда  анықталған. 
Мысалы,  алтайлықгарда  адамды  жаратуға  бас  тэңір  }   Улген,  оның 
серіктері  1   Майдер,  Манды-шире  құдайлар  мен  қарсыласы  Эрлик 
(сайтан)  қагысады  [176,  Б.250-252].  Бұндағы  Улген  жоғарғы  элемнің 
иесі  де,  Эрлик  соңынан  төменгі  әлемнің  иесіне  айналатын  бағзы 
образдар.  Ал  бурятгарда  Шилбэгэни,  Майдар,  Эсэгэ  бурхан,  ішкі 
моңғолдықгарда  Шагжамуни-бурхан  адамды  жаратады  [68,  Б.  8-9]. 
Енді  осы  халықтардағы  ғалам  мен  адамды  жаратушы  құдайлардың 
үнді-тибетгегі  санскритше аты-жөнін түсіндірсек,  Майдар -  Майтрея, 
Шагжамуни -  Шакьямуни,  Манды-шире -  Манджушри секілді  будда- 
лық құдайлар болып табылады [51, Б.95-96; 39,491-6.;  186,92-6.]. 
Әрине,  бұл  будда  дінінің  қүдайлары  жергілікті  сюжеттерді  жаңа
бояуменәрлеп  сіңіскен [ 187,  173-6.].
Түйіндеп  айтқанда,  қай  қырынан  карасақ та,  алтайлықтар  мен  бу- 
ряттардан  гөрі  моңғолдардың  антропогониялық  сюжетгері  қазақпен
тамырлас екендігі байқалады.
Адамның дене мүшесі, гүмыры, жаны туралы.
  Антропогониялық 
мифтердің  бір  саласына  адамның  кейбір  мүшесінің  пайда  болуы, 
олардың ерекшелігі, адамның ғұмыр жасы туралы мифтер жататынын
айттық.
Адамның ғұмыры туралы қазақ, моңғол, шығыс славян сюжеті үндес 
екендігі  анықгалды.  Осы  жайындағы  қазақ  сюжетін  Мэшһүр  Жүсіп 
Көпейұлы  «Дала  уалаяты  газетіне»  «Адам  һэм  оның  ғұмыры»  деген 
атпен  жариялады  [15,  Б. 138-140].  Осы  газетте  сюжетгің  «Адамзатты 
жаратқан  турасынан»  деген  тағы  бір  нүска  жарияланды  [188,  Б.501—
 
503].  Моңғол  сюжеті  «Моңғол  халық  мифологиясы»  деген  кітапта
жарияланды [45, Б.140-141].
Мэшһүр  Жүсіп  Көпей  нүсқасында  Қүдай  адамға  30  жыл  өмір
берсе,  ол  оған  тоймай,  20  жасты  есектен,  20  жасты  иттен,  30  жасты
маймылдан  сұрап  алады.  Соч  себептен  адам  90  жасайды  екен  де,
81

өзіне  Қүдяй  берген  30  жастан  кейін  өзгелерден  алған  жылдарында 
сол хайуандарша, яғни алдымен  есекше, одан  кейін  итше, ақырында,
маймылша азап шегіп өмір сүреді-мыс.
Ал  моңғолда  Құдай  адамға  100  жас,  малға  33  жас,  есекке  80  жас 
береді.  Олар  бұған  риза  болғанда,  есек  Құдайдан  өзіне  ұзақ  жасап, 
ауыр  азап  шеккенше,  қысқа  жасайын  деп,  30  жас  сұрап  алғандығы 
баяндалады.  Салыстырсақ,  қазақга  адам  ғұмырының  мэніне  терең 
түсінік  берілсе,  моңғолда  ол  жоқ,  есек  қана  30  жас  сұрағандығы 
айтылған. Сюжет шығыс славян халықтарында кездеседі. Көрсеткіште
тіркелген нөмірі 828  [ 309,210-6.].
Адамның  жекелеген  мүшелерінің  пайда  болуы  турапы  мифтер  екі 
халық арасында айырмашылықта айтылатынын зерттеуде айқындадық. 
Мысалы,  моңғолда  «Адамның  үстіндегі  жүні  жоғалып,  жылдамдығы 
азайғаны  туралы»,  «Адамның  екі  аяқты  болғандығы»,  адам  денесіне 
теріні  құмырсқа тіккені  жайында «Құмырсқаның тігісі»  сияқты  миф- 
тер бар  [45,  Б. 139-141].  Бұндай  мифтердің қазақта мүлде жоқ екендігі 
белгілі. Қазақта кездесетін адамның дене мүшесінің ерекшелігі туралы 
бір  сюжетті ел аузынан жазып алдық. Осы сюжет моңғолда мүлде жоқ.
Ол миф былай: 
м
«Ертеде  Жаратқан  адамның  ырыздығын  мол  етіп  беріп,  жер  бетін
жеміс-жидекке  толтырып  қойған  екен.  Өкініштісі,  адам  ешқандай 
харекет жасамай, тамағы  тойған  соң ұйықтай  беретін  мақұлық іспетті 
болыпты.  Жаратушы  саналы  адамның бұл түйсіксіз  қылығына наразы 
болғанда шайтан  келіп,  ақыл  айтыпты деседі.  Ол  Құдайға:  «Адамның 
кеудесіне  мен  шатыр  салайын,  сонда  бәрі  қалпына  келеді»,  -   деген. 
Содан  адамның  кеудесінде  жүрек-бауыр  мен  ішек-қарынды  бөліп 
тұратын жұқа шақпақ ет пайда болып, ол  шайтанның шатыры  атанған 
екен.  Адам  содан  кейін  дүниеге  қызығып,  нәпсісі  қозып,  қанағатсыз 
тырбыңдап, тіршілік ететін болған екен. Бірақ кеудесіне шайтан шатыр 
салған соң нәпсісінде шек болмай, күнэға да бата беретіні содан болған- 
М Ы С» 
[76].
Бұнда  «Адамның  кеудесінде  шайтан  шатырдың  пайда  болуы»  ту- 
ралы  айтылады.  Өкпе-бауыр  мен  ішек-қарынды  бөліп  тұратын  осы 
жұқа  шақпақ ет анатомияда диафрагма деп аталады. Мифте оның қалай 
пайда  болуы  түсіндіріліп,  адамның  ежелгі  заманда  шөп  жеп,  санасыз 
жүрген дэуірінің елесі бейнеленген. Жалпы, қазақ пен моңғолда ежелгі 
заманда  «Адам  да,  мал  да  шөп  жеп  жүрген»  деп  басталатын  мифтер
бар [77, 53-6.; 45,  140-6.].
Бұл  мифтерде  адамның  қорегінің  малдан  айырмашылықта  болған 
кезеңі  бейнеленіп,  ендігіде  адам  шөп  жемей,  малдың  етін  азық 
ететіндігі  эңгімеленеді.  Бұнда  ежелгі  терімшілік  дэуірінің  аңшылық 
пен  малшылық заманына ауысқан тұсының іздері бар.
Қысқасы,  әлем  мифологиясында  кездесетін  адамның  дене  мүше- 
лерінің  пайда  болуы  мен  ерекшелігін  түсіндіретін  сарындар  қазақ 
пен  моңғолда  да  бар.  Бірақ  стадиялық  тұрғыдан  рух-иелік  кезенде 
болғандықган,  эмбесінде  элемдік діндердің  әсеріне  ұшырағандықтан,
82

ондай сюжеттер  аз  екендігіне де  көз  жеткіздік.  Сондықтан  да  қазакта 
адамньш дене  мүшесі туралы бір ғана сюжет кездесіп отыр.
Қүдай адам мүсініне жанды екінші кезекте енгізетіні туралы айттық. 
Моңғолда  қүдай  тэнді  итке  күзеттіріп,  өзі  мэңгі  суды  іздеп  кетеді. 
Алтайлықтарда  мэңгі  суды  табу  үшін  Улген  тэңірі  қарғаны  қүдайға 
жұмсайды [46,139-6.].
Ал  қазақта  мэңгі  су  туралы  үғым  тіпті  жоқ.  Яғни  жанның  кандай 
екендігі, сипаты айтылмайды. Ал алтайлыктар мен моңғолда жан өмір 
суы  бейнесінде  түспалданады.  Алғашқы  адамның  мүсініне  жанның 
қалай  енгізілгені  туралы  сарын  кездеспегенімен,  қазақта  жан  туралы 
көне түсініктер сақталған.  Мэселен,  қазақтар жанды  шыбын  кейпінде 
елестеткен  [90,  94-6.].  Ал  буряттар  оны  сона,  ара  кейпінде  елестетіп, 
адам  үйықтағанда  жан  мұрнынан  шығады  да,  ұшып  жүреді,  сонда 
кісі  түс  көреді  деп,  қазақпен  ұқсас  кепте  түсінген  [189,  Б.394—395]. 
Сонымен бірге халық жанды космос ағашы -  бәйтерекпен байланыста
аңыздайды.  Мысалы:
«Рух  адамның  тэнін  өлерден  кырық  күн  бүрын  тастайды.  Сөйтіп, 
құсқа (көгершінге) айналып, ұшып барып бәйтеректің жапырағында өз 
адамының есімі жазылған бұтаға қонады. Бұнда адамның аты жазылған 
қисапсыз  жапырақтар  көктеп-солып,  алма-кезек  ауысып  тұрады.  Жан 
адам  өлгенде  шыбын  бейнесінде  денеден  шығып,  үй  ішінде  ұшып 
жүреді.  Тек  қырық  күннен  кейін  барып,  үйді  біржолата  тастайды. 
Бәйтеректің  діңгегі  арқылы  элгі  жан  жерге  түсіп,  не  жерге  шьтғып 
жүреді  де,  мезгілі  болғанда  әйелдің  қүрсағына  қонады,  сөйтіп,  жаңа 
өмір  пайда  болады.  Жануарлар  да,  өсімдіктер  де  дэл  осылай  өмірге 
қайта келеді» деген сюжетті Б.Ибраев  1976 жылы Беркімбай бақсыдан
жазып алады [190,40-6.].
Жапырағына жан орналасқан осынау киелі терек туралы миф түрік
халықгарына  кең  таралған.  Қазақта  басқаша  бір  нұсқасы  тағы  бар.
Онда: «Жер мен көктің кіндігінде жападан жалғыз өскен киелі бәйтерек
бар. Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан.
Ол  -   көзге  көрінбейтін  киелі  ағаш.  Бүл  бэйтеректе  жайқалып  өскен
эрбір  жапырақ  жер  жүзінде  жасаған  эрбір  адамның  өмір  тіршілігінің
нышаны, жер жүзінде тіршілік етіп отырған эрбір адам  киелі теректің
жапырағы  жарылғанда  өмірге  келеді,  жапырағы  жайқалып  өскенде
өсіп,  үлкейіп,  кемеліне  келеді,  жапырағы  мезгілсіз  сарғайса,  қайғы-
қасіретке  тап  болады,  жапырағы  солса,  қартаяды,  жапырағы  үзіліп,
жерге түссе, қазаға ұшырайды», — дейді [78, 22-6.].
Бұған ұқсас сюжеттерді элем ағашы, яғни ғаламның вегетативті мо-
делімен байланыстыра зерттеген Т.А. Апинян: «Долганы и тунгусы ве- 
рят, что души детей перед рождением отдыхают как маленькие птички 
на ветвях космического дерева. Для турок-османов Древо —
 книга судеб. 
На  каждом  листочке  записана  человеческая  судьба.  Умирает  человек, 
отпадает листочек», — деп жазады [62, с. 77].  Осы сарын сахаларда бар
[86,345-6.]
83

Түрік  халықтарының ұғымымен  үндесіп  жатқан  казақтагы  осынау 
сюжеттерде жан туралы байырғы түсінік көрініс тапқан.
Кеңістік  тұрғысынан  қарасақ,  қазақ  пен  моңғолда  алғашқы  адам 
әлемнің  қасиетті  орталығында  (латынша  -   ахів  гпипсіі)  жаратылады 
екен.  Екі  халықта  да  ол  нүкте  тұңғыш  топырақ  әлем  мұхитынан 
ажырап,  қара жер  алғаш  жаралған  киелі  кіндік болып  есептеледі  [46,
Б.  135-136;  13,28-6.]. 
|
Уақыт  тұрғысынан  келгенде,  алғашқы  адам  жаралған  соң  киелі 
мифологиялық  уақыт  аяқталуға  қадам  жасалып,  енді 
қарапайым 
тарихи  уақыт  басталып,  алғашқы  ажалды  пенде  пайда  болады.  Яғни 
адамның  пайда  болуы  туралы  мифтің  құрамында  өлімнің,  күнэнің, 
ауру-сырқаудың  пайда  болуы  туралы  мифтер  де  араласып  жүреді. 
Кейбір  ғалымдар  өлімнің  пайда  болуы  туралы  мифті  танатологиялық 
миф ретінде жеке тексергенді орынды санайды [62,  139-6.].
Э.Мирча: «Өлім көбінде Жаратқанның адамды жасағанда жіберілген 
қателігі  ретінде  сипатталады.  Құдайдың  тапсырмасын  қандай  бір 
хайуан  шалағай  орындайды,  соның  салдарынан  жан  мэңгілік  емес. 
Әлемдік мифологияда бұңың бэрі ұқсас», -  деп жазады [60, Б. 98-99].
Сонымен, қазақта алғашқы адам ағаштан, топырақтан жаралған де- 
ген бағзы түсінік бар екендігін айттық. Бұл сарындар кейбір ертекгерге 
де  қаңқа  болғандығын  байқаймыз.  Мысалы,  «Құланайжарқын» 
ертегісінде  жылқы  тұқымын  туып,  өсірген  торы  бие  мен  оның  серігі 
тазы  ит  адамның  ізі  түскен  топырақтан  өздерін  жаудан  қорғайтын 
болашақ  иесі  Құланайжарқынды  жасап  алады  [191].  «¥ста,  молда, 
тігінші»  [192]  деген  ертекте  ұста  ағаштан  қыздың  сымбатты  мүсінін 
жасайды,  тігінші  оған  әсем  көйлек  кигізеді,  молда  жан  кіргізеді. 
Ақырында,  олар  сол  қызға  таласып,  патшаға  барады.  Патша  сұлуды 
өзі  алғысы  келеді.  Ақыры,  бұ дүниеде  әділет жоқ екенін  білген  молда 
Қүдайға  жалбарынып,  қыздың  жанын  бойынан  қайта  шығартады. 
Сол  кезде  патшаның  алдында  сұрықсыз  қу  ағаш  қалады.  Демек,  осы 
ертектерде ежелгі мифтік ұғымдар коркемдік тэсіл ретінде қолданылып, 
оқырманның қызығушылығын тудырып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет