Мифологиясы


жүрген  Ақ  боз  ат  пен  Көк  боз  аттың  иесі  кім  деген  батыр?  Ол  да



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата03.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#6392
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

жүрген  Ақ  боз  ат  пен  Көк  боз  аттың  иесі  кім  деген  батыр?  Ол  да 
белгісіз.  Темірқазықтың да  иесі  кім? Ол да беймәлім болып тұр.  Осы 
сұрақгардың  барлыгына  да  түрік-моңгол  халықтарының  жұлдыздар 
туралы сюжеттері тольпымен жауап бере алатындыгына көзіміз жетті. 
Шамасы,  ислам  мәдениеті  терең  қанат  жайып,  ежелгі  мифологияны 
ыгыстырганда  аспан  шырақгары  туралы  ежелгі  эңпмелер  ойсырай 
өзгеріске ұшырап, ежелгі түріктің Жепген жұлдызының қазақтагы  аты 
да, ол туралы түпкі  сюжет те неДәуір солгын тартып,  киелі сипатынан 
мүлде ада болып, әлеуметтік-тұрмыстық кеңістікке түскен деген түйін 
жасап  отьфмыз.  Бұл  жайында галым  А.Машанов  алгаш  рет тьщ  пікір 
білдірсе  [222,  110-6.],  оны  М.Исқақов  ары  қарай  дамытып,  былай 
дейді:  «Жетіқарақшы Үркердің қызын ұрлапты» дейтін ертегі бар. Сол 
бойынша соңгы гасырларда «қарақшы» сөзі дэл магынасында тонаушы,
109
1

ұры  ретінде  түсіндірілген...  Бірақ  бұл  жеті  жұлдыздың  каракшылығы 
туралы  ертегі  бертін  шыққан  болуға  тиіс...  Жұлдыз  атауындағы  «ка- 
рақшының» алғашқы тұрі «қарағшы», яғни «қарап тұрушы» болу керек. 
Ай  көрінбеген  сағаттарда  айрықша  козге  түсіп,  аз  болса  да,  жарық 
беретін, жалғыз жүрген адамдарға ес, сүйеу болатын осы жеті жұлдыз... 
Ежелгі халықгардың түсінігі бойынша, ол сол төңіректегі  елді  күзетіп, 
халықты  жыртқыш  аңдардан,  жын-шайтаннан  қорғап,  қорып  тұрады. 
Көне  түркі  тілінде  күзетшіні  «қорықшы»  («қорып  тұрушы»)  деген. 
Сөреге  жайған  құрт-ірімшікке  қарға,  кұзғынды  қондырмау  үшін,  мал 
қамалған шарбаққа қасқырды дарытпау үшін олардың жанына адамша 
киіндіріп, үлкен қуыршақ қояды. Мұндай қуыршақ қазір «қарақшы» деп 
аталады,  оны ұры деп  ешкім  айтпайды.  Демек,  алғашқы  мағынасында 
Жетіқарақшы  жеті  ұры  емес,  жеті  күзетші,  қорықшы,  қарап  тұрушы, 
олар  сондықтан  жеті  пір  болып  есептелген.  ¥рылар  жөніндегі  ертегі
бертін,  ертекшілердің қиялынан  шыққан»  [223,  Б. 18-19].
Ғалым  дұрыс  айтады.  Бірақ  біз  ұры  туралы  сюжеттің  халық  мұ- 
расында  қатпары  қалың,  оның  көне  жэне  жаңа  түрлері  де  бар  екен- 
діғін  есте  ұстағанымыз  жөн.  Үркердің  қызын  ұрлаған  кейіпкер  созсіз 
ежелгі  санадан  хабар  береді.  Жалпы,  мифологияда  жасампаз  қаһар- 
ман  мен  трикстер  бэсекелесе  жүріп,  ғаламды  ретке  келтіргенде  ай- 
лакерлікті  де,  ұрлықты  да,  қулықгы  да  өз  кәдесіне  жарататын  бей- 
нелер  екендігі  ғылымда  анықталған.  Жетіқарақшы  туралы  аңыздау 
кей  нұсқада  қырыққарақшы  мен  Қыранқаракшы  сюжетіне  ұласып  та 
жатады.  «Жарқырап тұрған жарық жұлдыз -  қарақшылардың бастығы, 
көмескі  жұлдыз  -   ұрлап  алып  қашқан  Үркердің  қызы.  Қыз  ұрлаған 
қарақшының  аты  — Қыранқарақшы,  Үркердің  ұрланған  қызының  аты  — 
Үлпілдек»  деген  де  аңыз  бар  [21,  Б .16-17].  Сонымен,  жетіқарақшы
эңгімесі қырыққарақшы, Қыранқарақшы туралы аңыздауларға үласып, 
шоғыр  қүрайды.  Қыранқарақшы -  түрік халықгарының қиял-ғажайып 
ертегілерінде  кездесетін  керемет  бейне.  Нақтырақ  айтқанда,  ол  бағзы
айлакер  ұры  туралы  сюжеттің  бас  кейіпкері  [28,  Б.119-120].  «Ай
астындағы  Айбарша»  ертегісінде  Қыранқарақшы  өзі  туралы:  «Мен 
үлкен  ғалым  адамның қолына түсіп,  ес білгенше оқыдым...  Содан  жер 
үстіндегі  ғылымды  тауысқан  соң  жер  астына  түсіп,  жер  асты  ұжым 
ғылымын  оқи  бастадым.  Бір  күні  ұстазымның  қызына  көңілім  ауып, 
ұстазым оны біліп қалды да, мені жер үстіне шығаргып жіберді», -  дейді 
[224].  Демек,  Қыранқарақшы  мифологиялық  үш  кеңістікті  де  аралай 
алатын  кейіпкер  екендігі  ертекте  көрініс  тапқан.  Г.Н.  Потанин  былай 
деп  жазады:  «Монголы  говорят,  что  Долонь-бурхан  украл  одну  звезду 
из  созвездия  Мэчить;  это  та  звезда,  которая  находиться  в  середине 
Большой  медведицы  и  слабее других  светит,  это бог воров,  этой  будто 
бы звезда молиться монгольский вор об успех  предпрятия»  [79, с.126]. 
Қысқасы,  Үркердің  қызын  алып  қашқан  қарақшылардың  құдайы 
дейтін  көмескі  жұлдызға  моңғолда  ұрылар  кие  тұтып,  сыйынады
110

екен.  Ұрылардың  бұл  бастығы  бізде  Қыранқарақшы,  бірақ  ол  ырыми 
қасиетті мәнінен  элдеқашан  айрылған,  оған  ешкім де табынбайды,  ол 
не  бары  қиял-ғажайып  ертегінің  сырлы  кейіпкерінің  біріне  айналған. 
Алдын  ала  қорытынды  жасасақ,  жетіқарақшы,  қырыққарақшы,  олар- 
дың басшысы  Қыранқарақшының эу  бастағы ұрлық әрекеті  космосты 
реттейтін  жасампаз  қаһарманның  айлакерлік  ісі  болған  деп  шамалай- 
мыз. Сонымен, жетіқарақшы туралы сюжетте мэдениеттің екі қатпары 
қабаттасып  тұрғанын  байқаймыз.  Оның  көне  қабатында  ғаламды 
реттейтін  жасампаз  қаһарманның  айлакерлік  әрекеті  жатыр  да,  ал 
бертінгі  катпарында кейінгі  дэуірде  көшпелі  қоғамның дағдарысынан 
өріс  алған  ру  арасындағы  кэдімгі  барымта-сырымта  оқиғасы  көрініс 
тапқан.  Біркұдайлық дін  келгенде  ежелгі  түрік-моңғолдың  аспандағы 
жеті жұлдызды ұлықтайтын «жетіхан», «жетіқарт», «жетіқұдай» деген 
атауларын  санадан  біржолата ығыстырған.  Қазақта Жетіген деген атау 
Алматы  облысындағы  елді  мекеннің  атында  ғана  сақталып  қалады. 
Ал  баска  тұрік-моңғол  халықтарында  жеті  жұлдыздың  ежелгі  аты- 
жөні де, ол туралы аңыздаулар да негізінен толығымен сақгалған, олар 
типологиялық  тұрғыдан  бір-біріне  өте  ұқсас  екенін  білдік.  Сөзімізді 
дэлелдеу үшін үлгілер келтіріп, тексерейік.
Тувалықтар «Жетіген -  жеті үл. Олар хандыққа таласып, жер бетіне 
сыймай, аспанға көтеріліп кеткен» дейді [14,756-6.]. Тува халқы жетіген 
жүлдызына табынады, оған арнайы айтатын алкышы бар. Жетіген жұл- 
дызын кейде моңғолдарша «долаан-бурхан» деп те атайды.  Мысалы:
...Чажыым чаштым, Долаан-Бурганым!
Чалбарып, чүдүдүм, Долаан-Бурганым!
Мени кээрге, Долаан-Бурганым!
Бээриңни бер, Долаан-Бурганым!
|  * 
...Шашу шаштым, Жетіқұдайым!
Жалбарып табындым, Жетіқұдайым!
Мені қорға, Жетіқұдайым!
Бэрін де бер, Жетікұдайым!  [212, Б.315-316].
Демек, жетіген жұлдызы тувалықтар үшін элі де қасиетті сипатта.
Қырғыздарда «Аспандағы  жеті  жұлдыз — ағайынды  алты  жігіт  пен 
оның қарындасы.  Олар — патшаның балалары.  Жауыз  патша перзентті 
боларда аңға шығып кетеді де, уәзірлеріне «қыз туса, төбетке беріңдер» 
деп  бұйрық  береді  екен.  Бірақ  жетінші  сәби  қыз  болады.  Оны  өлімге 
қимаған  жандар  бір  кемпірге  жасырын  асыратады.  Ақыры,  он  алтыға 
толған  қызды  кемпір  әкесіне  алып  келгенде  өлтіруге  әмір  береді. 
Оған  наразы  болған  алты  ұл  жагтғыз  қарындасын  өздерімен  бірге 
алып,  аспанға  көтеріледі».  Яғни  бұнда  алты  ағайынды  жігіт  әділетті 
жақтаушы, зұлымдыққа қарсы күресуші ретінде кейіптелген [14, Б.583— 
584]. Өзбектердің бір сюжетінде Қызылқұм деген жерде  жеті ағайынды 
жігіт  жауыз  патшаға  қарсы  соғысып,  жеңеді.  Бірақ  зұлым  әмірші
111
і

олардың жалғыз қарындасын дуалап өлтіреді. Соған қайғырған жетеуін  I  
құдай  жұлдызға  айналдырады  [14,  560-6.].  Бұнда  да  жеті  жұлдыздың  I  
ьсүрескерліғі  көрініс  табады.  Ал  алтайлықтар  ол  туралы  былай  дейді.  ■ 
«Жеті  хан  жер  бетінде  болған  батырлар.  Біріншісі  -   Даан  оос  (Жуан  I  
ауыз, яғни көлтауысар. —
А.Т.
), екіншісі — Үзынқол,үшіншісі — тармачы  ■ 
(тармачы  -   дарымшы,  көзбайлаушы.  -  
А.Т.),
  төртіншісі  -   тындаачы  I  
(саққұлақ),  бесіншісі  —  Іуғурик  (  жүйрік  —  желаяқ),  алтыншысы  —  ■ 
Бөкө  (палуан 
— А.Т.),
  жетіншісі  —  Іаан  Кос  (жуан  көз  —  көреген.  — 
Я 
А.Т.).
  Олар  Қараты  ханмен  сайысады.  Зұлым  патша  ат  жарыстырады,  I  
жаяу жарыс  өткізеді,  алтынқабақ атқызады.  Осындай  өнер сайысында  1  
жеңілғен патша айлакерлік жасап, оларды темір үйғе қамап, сыртынан 
Я 
өрт қоя береді, у  қосып тамақ та береді.  Бұның бәрін  керемет алыптар  Я 
алдын ала сезіп-біліп отырады да, оған қарсы эрбір өнерпаз кезек-кезек  Я 
өз қабілетін іске қосып, қара ниетті жауызды жеңіп кете береді. Ақыры,  I  
тылсымға ие ғажайып алыптар зұлым патшаны эбден жеңген соң, биік  ■ 
жартастан секіріп, көкке көтеріліп, жұлдызға айналады  [225, Б.60—61].  I  
Алтайдың «Маадай қара» эпосында жеңіске жеткен  жеті  қаһарман бас  1 
кейіпкер Көгедай мергенмен бірге аспанға көтеріліп, Жетіхан жұлдызы  |  
болады, ал оның әйелі Алтын-көзгі Алтынқазық жұлдызына айналады.  I  
Көгедайдың  алтын-күмісі  жердің  астына  көміліп,  мал  түлігі  Алтайда  I  
қалыпты деседі [226, Б.41—42]. Бұнда кездесетін кейіпкерлердің әрекеті  1 
«Ер  Төстік»  ергегісінде  кездесетін  алыптардың  қызметімен  парапар  I 
екендігі айқын-ақ. Тура осыған ұқсас сюжетті моңғолдардан кездестіре  |  
аламыз.  Оларда Жетіқарт  (жетіқарақшы)  туралы  сюжет негізінен  төрт  I 
түрлі  нұсқада.  Бірінші  нұсқасында  «Ер  Төстік»,  «Күн  астындағы  1 
Күнікей»,  « ¥ шарханның  баласы»  т.б.  ертегілерде  кездесетін  ғажайып  1 
алыптар  секілді,  кейіпкерлер  бас  қосады  да,  жауыз  ханды  біржолата  I 
жеңген  соң,  аспанға  шығып,  жеті  жұлдызға  айналғандығы  айтылады.  I 
Мәселен,  ағайынды  қос  мергенге  аспанның  арғы  жағында,  гарыштың  I 
бергі  жағында ұшқан  құсты  таңсәріде атқанда түс  қайта  оғымен  бірге  і 
жерге  құлататын  мергенші,  жоғарғы,  ортаңғы,  төменгі  әлем  оқи-  I 
ғаларын ести алатын саққұлақ, екі тауды алма-кезек лақтырып, буыны-  1 
ның сарсуын  шығаратын  таусоғар,  киікті  қуып  жетіп,  ұстап  ойнайтын  I 
желаяқ,  көк  теңізді  жалғыз  ұрттап,  құрғақ  ететін  көлтауысар  дос  | 
болады  да,  мұхитгың  арғы  бетіндегі  Шаазгай  (сауысқан)  ханмен  күш  ' 
сынасады.  Бұлар  да  алдымен  палуан  күрестіреді,  ат  жарыстырады,  і 
жамбы  атысады,  жаяу  бэйге  өткізеді.  Сайыстың  бұл  түрінен  ұтылған 
хан оларды алдап, темір үйге қамап өртейді, бірақ алыптар бұл сынақты  , 
да  гажайып  қасиетгерімен  жеңіп  шығады.  Ақыры,  олар  жер  бетінен 
көтеріліп, көкте жеті жұлдызға айналады да, бақытты  өмір кешеді  [45, 
Б .55-58].  Екінші  бір  нұсқадағы  кейіпкерлердің  бірі  -   қарғаның  ұя- 
сындағы  жұмыртқасын  білдірмей  ұрлай  алатын  ғажайып  ұры,  тағы 
бірі  -   аспандағы  жұлдызды  атып  түсіретін  космостық  мерген  [65,
Б .55-57].
112

Келесі  нұсқада  ағайынды  Алхай  мерген  мен  оның  інісі  Гунан 
шар  батырға  туған  апайы  Цецен-Цебер  қастандық  жасайды.  Ол 
жалмауыздар  елінің  патшасына  тұрмысқа  шыққалы  бір  ұйықтағанда 
үш  жыл ұйыктайтьш  Алхай  мерген тынығып  жатқан  кезде  қол-аяғын 
байлатып, зынданға қаматады. Гунан шар інісі жеті жүйрік атына мініп, 
жаудан  қүтылып,  орманға  бой  тасалайды.  Ақыры,  Алхай  мергенді 
терең  зынданнан  Самұрык  қауырсынын  тастап,  шығарып  алады. 
Содан  кейін  ол  інісіне  жолығады.  Екеуі  келе  жатқанда  алдарынан 
сьфлы  алыптар  кез  болады.  Ағайынды  ерлермен  достасқан  бес  қа- 
һарман  жалмауыздар  патшалығының  жеті  басты,  қырық  бес  басты 
тажалдарымен күш сынасып, жамбы атып, жаяу жарысып,  ат бәйгесін 
өткізіп,  өнер  сайысады.  Жеңілген  хан  батырларды  алдап,  темір  үйге 
қамап, өртемекші болады.  Қаһармандар бұл құпияны да біліп, тылсым 
күшінің арқасында аман қүтылып, оларды ойсырата жеңеді. Апайлары 
жалмауыздың  патшасымен  түрмыс  қүрған  екен,  оны  ұстап,  атқа 
сүйретіп  өлтіртеді.  Олар  жалмауыздар  елінің  қисапсыз  алтын-күміс 
қазынасына  ие  болады.  Оны  жолында  кездескен  кедей  кемпір-шалға 
береді  де,  өздері  «күнэ  істедік,  енді  жер  бетінде  өмір  сүрмейміз» деп, 
биік  жартастың  басынан  көкке  секіреді  де,  жеті  жұлдызға  айналады 
[227,  Б.61-66;  45,  Б.58-63;  79,  Б.119-122].  Бұл  сюжетге  кейіпкерлер
ар>ғы элем өкілдері -  жалмауыздар елімен соғысуы мифологияның көне
қабатынан хабар беріп тұр.
Төртінші нұсқада кедей отыншы жігітке баяғы керемет қаһармандар
достасып,  олар  да  зұлым  күштерді  әдеттегідей  жеңеді  де,  өздері 
жұлдыздарға  айналады  [45,  Б.  63-65].  Бір  қызығы  — кейіпкерлердің 
бірі  — сауысқанның  қауырсынын  білдірмей  ұрлайтын  ғажайып  ұры. 
Демек,  жетіқарақшы  жұлдызына  қатысты  сюжеттің  ежелгі  қабатында 
айлакер ұры сарыны ұдайы қылаң беріп отырады, бұндай көне сипаттар
қазақтағы жеті үры туралы аңызға баспалдақ болған.
Жетіқарақшы  туралы  келесі  моңғол  сюжеті  қазақтың  «Жеті  өнер- 
паз»,  «Жеті  дэруіш»,  «Даршы  мерген»  ертегілерімен  арқауы  ортақ 
екендігін байқаймыз. Мәселен, онда ханның жиырма бес жастағы қызын 
Самұрық  алып  қашып  кетеді  де,  оны  сол  елдегі  бір  мерген  қарияның 
кереметке ие сегіз ұлы  іздейді. Олардың қасиеттері мынадай.
Сұр мерген 
Желаяқ
Көреген
Иісшіл
Желді жұгып, тоқгатқыш 
Көлтауысар 
Күн-айды бөгегіш 
Кенже бала -
аспаннан қүлаған затты жерге түсірмей, қас қағымда қағып алғыш.
113
1

Бұлар ханның қызын құтқарады,  сый-сияпатқа бөленеді, хан оларға 
тағын  сыйлайды.  Бірақ  олар,  әдетте,  атасынан:  «Алтын  оғынды  кімге 
бересің?» — деп  сұрайды.  Атасы:  «Аспанға алтын  оқты  атамын.  ¥стап 
алғандарың  ие  болыңдар»,  -   дейді.  Сонда  кенже  бала  аспанға  ұшып, 
алтын  оқты  қағып  алады  да,  Алтынқазық  (Темірқазық)  жұлдызына 
айналады.  Жеті  ағасы  да  аспанға  шығып,  жетіқарақшы  жұлдызына
айналады [45, Б .65-66]. 
1
Тувада  керемет  жеті  ағайынды  кейде  Жетіген,  кейде  Үркер  жұп- 
дызына,  ал  олардың  ғашық  болып  таласқан  сұлу  қызы  Айға  айналып
кетеді  [228,  31-6.; 228, 299-6.].
Жалпы,  бұл  мысалдардан  біз  моңғол  мен  тувадағы  жеті  жұлдыз 
туралы  сюжет  негізінен  қиял-ғажайып  ертегіге  айнала  бастағанын 
байқаймыз. 
ь
Әлбетте,  таусоғар,  желаяқ,  көзбайлаушы,  сакқұлақ,  көлтауысар-
лар -  қиял-ғажаиып  ертеп  мен  көне эпоста жиі  кездесетін  сырлы  кеи- 
іпкерлер. Бұлар  «арғы әлем» мен «бергі элемнің» шекаралық мекенінде 
омір  сүретін  мифтік  негізі  бар  фантастикалық  бейне.  Олар  екі  әлем- 
нің  ортасында  өмір  сүреді,  серіктерімен  бірге  ертегі  кейіпкеріне  кө- 
мектесіп,  «арғы  элем»  өкілдерімен  кездесіп,  жеңіске  жетуіне  ықпал 
етеді.  Қиял-ғажайып  ертегіде  зэулім  бэйтерекке  шығып,  Самұрыққа 
мініп,  «арғы  әлемге»  сапар  шеккен  бас  кейіпкер  оларға  кезек-кезек 
жолығып,  достасады.  Ғылымда  Таусоғар,  Желаяқ,  Көлтауысар,  Көз- 
байлаушы,  Саққүлақ  сияқты  қиял-ғажайып  ертегідегі  керемет  көмек- 
шілерді  табиғаттың  дүлей  күштерінің кейіптелген бейне  елесі  екенді- 
гін айтады  [64, Б. 184—185].  Расында, олар ежелгі түсініктегі рух-иелер, 
яғни  жарты-қүдайлар  болғандығы  анық.  Олардың  эрбірінің  жеке-же- 
ке  мекені,  қызмет-жайы  бар,  олар  сол  межеден  аспайды,  демек  сол 
кеңістікте ғана билік жүргізе алады. 
'
С.А.  Қасқабасов былай деп жазады:  «...Желаяқ,  Таусоғар,  Көлтауы- 
сар сияқгы мифтік кейіпкерлер сол баяғы дэуірдегі рух-иелер. Олардың 
әрқайсысы -  эр  нэрсенің  и е с і:  Желаяқ -  желдің иесі,  Таусоғар -  тауға 
қожа,  Көлтауысар  -   колдің  иесі.  Әрқайсысы  тек  өз  құбылысының 
қожайыны, басқа әлемге билік жүргізе алмайды, бөтен қожаның жеріне 
бармайды.  Мұны ертегінің өзі де баян етеді»  [12, ЗОЗ-б.].
Қорыта  айтқанда,  бүл  кейіпкерлер  ежелгі  заманда  табиғат  құбы- 
лыстары  мен  белгілі  мекен-өңірдің  рух-иесі  болған,  яғни  көшпелілер 
мифологиясында  осы  көне  бейнелер  ерте  заманда  «жарты  құдай» 
дәрежесінде  өмір  сүргендігі  хақ.  Дэлірек  айтқанда,  біз  келтірген  мы- 
салдарда  белгілі  болғандай,  бұл  образдардың  түпкі  киелі  сипаты
моңғолдағы  жетіқарақшы  жүлдызы  туралы  сюжетте  аиқын  көрініс 
тауып отыр. Сондықтан да моңғол, тува, алтай халықтары осы керемет 
жеті  қаһарманды  дәріптеп,  жер  бетінен  көтеріліп,  жүлдызға  айналған 
деп  түсіндіреді.  Сол  себептен  қасиетті  саналатын  осы  жұлдыздарға 
арнайы жалбарынулар айтып,  ырым жасаған  [229,  184-6.;  230, Б .3-5].
114

жұлдызы
сипатынан мүлде ажырап  қалғандығы  анықталып отыр.
түпкі
жетіқұдай  (же 
анықталды.  Ал
ғажайып  ертеғінің  меншіғіне  айналған.  Тағы  да  бір  аңғарғанымыз, 
алтай,  тува, қырғыз, өзбек, қарақалпақ  секілді түрік халықтары жетіген 
(жетіқарақшы)  жүлдызын  қасиетті  мағынада  түсінеді,  яғни  оларды 
баукеспе  үры  деп  мүлде  есептемейтіні  белгілі  болды.  Әйткенмен, 
жетіқарақшының  үрлығы  туралы  белгілі  бір  сюжет  бүл  халықтарда 
бар.  Мәселен,  жетіқарақшыны  Үркердің  қызын  үрлайтын  космос 
үрысы  ретінде  түсіндіретін  сарын  бүл  елдерде  кездесетіндігін  айтып 
өттік.  Түйіндеп айтқанда,  қазақтағы жетіқарақшыны «бара жатқанның 
балтасын, келе жатқанның кетпенін үрлаған» баукеспе деп түсіндіретін 
белгілі  сюжетгің  туып,  қалыптасуына  мифтік  тұрпатгағы  «айлакер
кезендегі қ< 
жүлдыздың
түрмыстық  кеңістікке  көшіреді,  яғни  бақташылардың  өмірінде  орын
қаишылыққа
нің қозғалысына телінеді.  Тіпті  моңғолдардың өзінен жетіқарақшыны 
үры  деп  түсіндіретін  бір-екі  сюжетті  ғалымдар  жазып  алған.  Бір 
сюжетте  біз  айтып  отырған жеті  кейіпкер  бас  қосып,  ханмен  бәстесіп,
жүбайының
жүлт
жарқыраған жеті жүлдыз пайда болады  [45, Б.66-67].
Келесі бір сюжетте мал үрлағалы келген жеті үрыны адамның тілін 
түсінетін  бүқа  иесіне  айтады  да,  опық  жеген  жетіқарақшы  аспанға
болады,  ал  киелі  бүқа  Іңір  шолпанына  (Өмірзая)
жүлдыз
туралы
үш түрлі  айырмашылығы  бар:  біріншіден,  бүндағы үрылар — баиырғы 
керемет жеті қаһарман, екіншіден, олар космостық кеңістіктегі үрылар,
жүлдызға
түрғанмен, осы сюжетте жеті жүлдызды
сананың  ығысып,  оның орнына жаңа заманға лаиықталған  шытырман 
оқиғаға  қүрылған  новеллалық  желі  келе  бастағандығы  көрінеді.  Ал 
қазақтағы  жеті  жүлдыз  туралы  сюжет  кәдімгі  қарабайыр  түрмыстық 
кеңістікке  түскені  анық  болды.  Сонымен,  қазақтағы  жетіқарақшы  ту- 
ралы  аңыздау  ежелгі  мифтегі  адамның  басқа  затқа  аиналу  сарынын
:ен  түпкі  с
әлеуметтік
тү
түрмыстағы  қаи 
анда,  бүл  мифте
тұтасып,  бас  қоскан.  Ыз  таядап  отырған  сю ж спс,  уақы і  і^ ь и ы п а п  
қарағанда,  әу  баста  ғалам  алғаш  жаралған  сәттегі  жеті  жүлдыздың
115

пайда  болу  тарихы  айтылады,  демек  бұл  мифологиялық  ілкі  дәуірді 
меңзейді,  қысқасы,  мұнда мифтің табиғи тынысы  сезіледі.  Ал  кеңістік 
тұрғысынан  қарасақ,  бұл  — нағыз  алабажақ.  Себебі  бұнда  космостық 
кеңістік  пен  көшпелі  халықгың  қарабайыр  тұрмыстық  кеңістігі 
тоғысқан,  бытысқан.  Сол  себептен  де  жеті  жұлдыз  туралы  қазақ 
сюжеті  қасиетті  сипатынан  ада  болған.  Демек,  бұл  фолыслордағы
анахронизмнің анық көрінісі.
Қүсжолы.
 Солтүстіктен оңтұстікке созьшған аспан белдеуі тэрізді ақ
жолақ жұлдыз шоғырын, яғни Кұс жолы галактикасын әлем халықтары 
эр  тұрлі  атаган.  Ол  жайында типологиялық ауқымды  зергтеу жүргізіп 
жүрген  ғалым  Ю.Е.  Березкин  былай  деп  жазады:  «Вполне  понятно, 
что  отдельные  люди  и  группы  людей  по-разному  видят  и  описывают 
одно  и  то  же.  Характерный  пример  -   небесные  обьекты,  доступные 
для  наблюдения  всем  жителям  нашей  планеты,  но  получающие 
совершенно  различное  истолкование.  Например,  индусы,  аборигены 
Южной  Австралии,  майя,  и  тотанаки  в  Мексике,  некоторые  индейцы 
Южной  Америки  считали,  что  Млечный  путь  есть  огромный  змей. 
Вьетнамцы,  китайцы,  японцы,  чукчи,  сэлиши,  сиу,  древние  перуанцы, 
арауканы  полағали,  что  это  небесная  река.  Ненцы,  ханты,  якуты, 
эвенки, орочи, эскимосы юғо-западной Аляски видели на небе лыжный 
след.  Литовцы,  эстонцы,  саамы,  марийцы,  казахи,  кирғизы  называют 
Млечный путь «Птичьей дорогой». Для арабов, египтян, сербов, армян, 
чеченцев, таджиков это была просыпавшаяся с воза солома»  [231].
Осы  жолақты  бауырлас  қазақ,  қырғыз,  түрікмендер  -   Құс  жолы, 
татар,  башқұрт,  чуваштар  «Дала  қаздарының  жолы»  деп  атаған  [70, 
203-6.].  Мәселен,  башқұрттар  былай  дейді:  «Үлкен  тырналар  күн 
бұлтганған  дауылда  балапандары  адаспау  үшін  соңына  қауырсынын 
тастап  отырған.  Сол  кұс  жолы  жұлдызына  айналған»  [14,  693-6.]. 
Түріктер, өзбектер, тәжіктер Сабан жолы деп атайды. Тіпті оңтүстіктегі 
кейбір аудан қазақгары да осылай атайды  [70,203-6.]. Расында, өңірлік 
ерекшелікке  сай  оны  атау  жэне  себебін  түсіндіру  қазақгар  арасында 
эр  түрлі  екендігі  бізғе  зерттеу  барысында  белғілі  болды.  Мысалы, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет