Микркезз алматы



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

03
  мемлекеттілігін  күруға  үмтылган  кыпшақ  хандарының 
кимектердің  орталық  билігіне  багынбауына  байланысты  ішкі  се- 
беп,  екінші,  XI  гасырдың  басында  қоныс  аудара  бастаған  көшпелі 
Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған 
сыртқы  оқиғалар.  XI  ғасырдагы  тайпалардың  қоныс  аударуының 
негізгі  себебі  —   916  жылы  Солтүстік  Қытайда  Қидандардың  Ляо 
мемлекетінің  қүрылуы  еді.  Осы  мемлекеттің жерінің батыска қарай 
үлгаюы  кошпелі тайпалардың одан эрі ыгысуына экеп соқты.
Ал,  XI  ғасырдың  екінші  жартысында  Сырдария  өзенінің 
бойындағы,  Аралдың  Батысы  мен  Каспийдің  Солтүстік  еңіріндегі 
оғыз жерін басып алган қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бүрынғы 
қимақ-қыпшак орналасқан  негізгі аймакта күші  мен қуаты жагынан 
алдыңғы  орынға  шықты.  Қимақтар  осы  окиғалар  кезінде  өзінің
саяси  жетекшіліпнен  аиырылып  қана  қоиган  жоқ,  сонымен  оірге 
қыпшақтарға  тэуелді  болып  қалды.  Осылай  кыпшақтар  Қимак 
мемлекетінің  мүрагері  болды.  Бүдан  былай  қимақтар  қыпшақ 
тайпаларының қүрамына еніп,  қыпшақ деп аталды.
Найіиандар мен  керейлер. 
Наймандардың, керейлердің ертерек- 
тегі  мемлекеттері  Орталық  Азияның  шығысында  —   Қазақстанға 
шектесіп  жатқан  Монголия  аумагында  пайда  болса  да,  олардың 
тарихының Қазакстан тарихына тікелей  қатынасы бар.
XII  ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфе- 
дерациясы  Орталық  Азиядагы  ірі  мемлекеттік  қүрылым  болды. 
Ғалымдар“найман” терминініңмэні моңгол тілітүрғысынаналғанда 
конфедерацияға  енген  тайпалар  санына  карап  “сегіз”  деген  сөзді 
білдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегі
44

мен ертедегі тарихы туралы мэселе элі күрделі. Зерттеушілердің ара- 
сында бұлардың тілі туралы  эртүрлі  пікірлер  бар.  Кейбір ғалымдар 
бүл  тайпаларды  моңғол  тілдес  десе,  екінші  ғалымдар  оларды  түркі 
тілдес дейді. Олардың этникалық қүрамы аралас болуы да ыктимал, 
бірак  ғылыми эдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды
дегенді дэиектеиді.
Найман  тайпалар  одағы  VIII  ғасырдың  орта  шенінде  Жоғарғы 
Ертіс  пен  Орхон  аралығында  сегіз-оғыз  деген  атаумен  пайда 
болған.  Сегіз-оғыздар  Хангайдың  батысынан  Тарбағатайға  дейінгі 
жерлерді алып жаткан.  Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. 
Наймандардың  батыс  жағында  Ертіс  бойын  мекендеген  қаңлылар 
мен  кыпшақтар,  солтүстігінде  Енисей  қырғыздары,  шығысында 
Шығыс  Моңғолияда  кешіп-қонып  жүрген  керейлер,  ал  оңтүстік 
жағында  Орталық  Азияның  басқа  да  көптеген  тайпалары  мекен- 
деген.  Осы  тайпалармен  жэне  үйғырлармен  көрші  ретінде  қарым- 
қатынас жасап түрған.  Наймандар,  эсіресе,  қаңлылармен  ете тығыз 
этникалық-саяси  жэне  мэдени  байланыста  болған.  Қаңлылар  мен 
қыпшақтардың  кейбір  жеке  топтары  наймандардың  жеріне  келіп 
қоныстанады.  X  ғасырда  сегіз-оғыздар  Қидан  мемпекетінің  қол 
астына  алынған  кезден  бастап,  олар  “найман”  деген  атпен  белгілі 
болған. Наймандар Бүйрық жэне Беткін деген екі үлкен тайпалардың 
бірлестігінен қүралған.
Наймандар  мен  керейлерде  ертедегі  феодалдық  қатынастардың 
орнығуы,  үлыстардың  қүрылуымен  қатар  жүрді.  “Ұлыс”  деген  сөз 
ол  кезде  “халық”  деген  үғымды  білдірді,  эрбір  үлыс  белгілі  бір 
жерлерді  алып жатты.  Оны белгілі бір рудың екілі —  хан басқарды. 
Хан  ордасы,  үлыстың  өздеріне  меншікті  жазғы  жайылымы,  қысқы 
қыстауы  болған.  Әрбір  үлыстар  ондық  бірліктер  бойынша,  эскери 
жүйемен сарбаздар жасағын  қүрған.
Ұлыстарды баскару жэне оның ішкі жүмыстарын, салық жинауды 
арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы іс жүргізетін 
адамдар  да  болған.  Іс  үйғыр  жазуымен  жүргізілген.  Жарлықтар 
ханның мөрі басылған  жағдайда ғана бекітілген.
Наймандар  XI  ғасырдың  бас  кезінде  христиан  дінінің  нестори- 
ан  бағытын  үстанған.  Бүл  наймандардың  ерте  феодалдық  кезеңде 
басқа  мемлекеттермен  жэне  халықтармен  этно-мэдени  байланы- 
ста  болғандығын  дэлелдейді.  X  ғ.  басында  Солтүстік  Маньчжу- 
рия  мен  Моңғолияда  қиданның  Ляо  мемлекеті  қүрылғаннан  кейін 
(907— 1125  жж.  күрылып,  өмір  сүрген),  наймандар  оның  қүрамына 
кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен  кейін  тэуелсіздік алып, ездсрінің
45

бнлеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдың 
аяғы —  XIII ғасырдың басында Найман  хандығы екіге бөлініп, оны 
Инанчтың екі ұлы:  Даян  хан  мен Бұйрық хан  басқарды.  1204 жылы 
моңғолдар  Даянханды,  1206  жылы  Бұйрық  ханды  талқандады. 
Даянның ұлы Күшілік хан найманның қалған эскерін жинап, Қидан 
мемлекетіне  барып,  бас  сауғалады.  Қидан  билеушілерінің  тілін 
таба  біліп,  наймандардың  шашырап  кеткен  эскерінің  басын  қайта 
біріктірген  Күшіліктің  қуаты  тез  күшейді.  Осы  кезде  Хорезмшах 
Мүхаммедтің  эскерінен  жеңілген  қидандар  өлкеде  нақты  биліктен 
айырылды.  Осыны  пайдаланып,  Күшілік  хан  1211  жылы  қалған 
қидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға кешірді. Күшілік 
1213  жылы  Алмалықтағы  мүсылмандар  иеліктеріне  қарсы  эскери 
қимыл-эрекетін бастады. Күшіліктің эскері Алмалықты алғанымен, 
моңғолдардың  жақындап  қалуына  байланысты  кері  шегінді.  1218 
жылы  моңғолдар наймандарды талқандап,  қашып  кеткен  Күшілікті 
үстап  алып,  Бадахшанда  өлтірді.  Сөйтіп,  XIII  ғасырдың  басын- 
да  бүкіл  Шығыс  Түркістан  мен  Жетісу  моңғолдардың  қол  астына
кірді.
Керейлер  (Керейттер).  Керейлер  туралы  жазба  деректердегі  ең 
ерте мэліметтер Хғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедера- 
циясының  этникалық  қүрамы  біртекті  болмаған.  Олар  түрік  тілді 
жэне  моңғол  тілді  жүрттан  қүралады.  Керейлердің  батысында  —  
наймандар,  солтүстігінде  —   меркіттер,  шығысында  —   татарлар,
оңтүстігінде —  таңғүттар түрады.
Керей тайпаларының екі ордасы  болған, солтүстік ордасы Орхон
езені  бойындағы  Қатынбалық  қаласында,  ал  оңтүстік  ордасы  Ху-
анхе  езені  бүрылысының  теріскейінде  түрған.  1007  жылы  керейт-
тер  наймандармен  бірге  христиан  дінінің  несториандық  тармағын
қабылдайды.  Керейттер  белгілі  дэрежеде  үйғыр  мэдениетінің
ықпалында болған.
XII  ғасырдың  50-жылдарында  керейлердің  Қытаймен  арадағы
қатынасы  шиеленісті.  Қытайларға  қарсы  керейлердің  күресін 
бастаған  Маргуз  хан  түтқынға  түсіп,  азаптап  өлтірілді.  Одан 
кейін  елді  Худжар  Бүйрық  хан  биледі.  1171  жылы  хан  тағы  оның 
баласы  Тоғырылға  кешті.  Тоғырыл  хан  түсында  Керейлер  үлысы 
солтүстікте —  Селенганың жоғарғы  бойынан,  оңтүстікте —   Хуан- 
хеге  дейінгі;  Батыста  —   Хангай  тауынан,  Шығыста  Халкин  Голге 
дейінгі жерлерді жайлаған.  Керейлер найман, қаңлы, үйғыр, меркіт, 
моңғол,  қарақытай,  таңғүттармен  тығыз  саяси  жэне  этникалық- 
мэдени байланыс жасап түрған.
46

Тоғырыл  ханның  бай  жиһазды  сарайында  дала  тайпаларының 
болашақ  билеушілері  —   Темучин  (Шыңғыс  хан)  мен  Жамуха  — 
тэрбие  алып,  саяси  және  елшілік  өмірден  хабардар  болған.  Керей 
билеушісі  Тоғырыл  хан  сарай  қызметіне  қаңлы  ақсүйектерінің 
өкілдерін кеңінентартқан.  1180 жылдары Тоғырыл Темучинге қолдау 
көрсетіп,  1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса от- 
ырып,  татар  эскерін талқандады,  сол  үшін  Тоғырыл  хан  Қытайдың 
Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған пат- 
ша  дегенді  білдіреді.  Сондықтан  Тоғырылды  тарихта  Ван  хан  деп 
те  атайды.  1203  жылы  керейлер  мен  бүрынғы  одақтасы  моңғолдар 
арасында  соғыс  ерті  бүрқ  ете  түсіп,  ол  керейлердің  жеңілісімен 
аяқталды.  Тоғырыл мен  оның үлы  Сангум  қаза тапты.  Керейлердің 
бір бөлігі қолбасшы  Қайранбайдың бастауымен Солтүстік-Батысқа, 
яғни  Ертіс  өзенінің  орта  ағысына  қарай  қашты.  Ал  басым  бөлігі 
Моңғол мемлекетінің қүрамына енді.
Жалпы  алғанда,  моңғол  шапқыншылығы  Орталық  Азияның 
этникалық  процесіне  үлкен  эсер  етті,  соның  салдарынан  көшпелі 
халық  орасан  зор  аймаққа  көшіп-қонды.  Моңғолдардан  жеңілген 
наймандар  мен  керейлер  біртіндеп  қалыптасып  келе  жатқан 
түркі  халықтарына,  оның  ішінде  қазақ  халқына  араласып  кетті. 
Наймандардың  қазақтар  қүрамындағы  үлесі  едэуір  еді.  Моңғол 
дэуірінде  олардың басым  бөлігі  Сырдарияға, яғни  қазақтың  кең да- 
ласына көшті, сейтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді рөл 
атқарды.  Ал  керейлердің  бір белігі  батысқа, Еділ  бойына үмтылды.
онда олар  ездершің  кереи  этнонимш  сақтап  қалды,  кеиш  осы  атау- 
мен олар езбектер мен кырғыздар қүрамына енсе, аз бөлігі  қазақтар 
күрамына  кірді.  Олардың  (керейлердің)  кепшілігі  Солтүстік 
Қазақстанда  қалып,  Орта  жүз  қазақтарына  Керей  (Қара  —   Керей, 
Абақ —  Керей) атауымен енді, сейтіп бүрынғы “Кереит” деген этно-
ним атауындағы  т  жалғауы алынып  қалды.
Керейлер мен наймандар элеуметтік-саяси дамудың бір деңгейінде 
түрған.  Олар  дербес  мемлекеттік  қүрылым  —   үлыстар  болып 
үйымдасып, ал үлыстар болса, хандар эулеті бастаған бүкіл этносты 
біріктіріп, рулық-тайпалық институт атаулының бэрінен де жоғары 
түрған.  Әрбір  үлыстың  ез  аумағы  болған.  Оның  шекарасының  ең 
маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының 
басқару  орындары,  эскері  мен  жасауылы  бар  басқару  аппараты 
жүмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың элеуметтік жіктелуі 
мен  бірігуі  ерте  феодалдық  мемлекеттердің,  яғни  Керейлер  мен 
Наймандар үлысының қүрылуымен аяқталады.
47

Қыпшақ хандығы (XI— XIII ғ. басы). 
“Қыпшақ” атауы ең алғаш 
рет  760  жылы  ежелгі  түріктің  руникалык ескерткішінде  жазылған. 
Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн 
Хордабектің  846— 847  жылы  жазған  “Жолдар  мен  провинциялар 
кітабында”  қарлұктар  мен  қыпшақтарды  VIII  ғасырларға  жататын 
түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.
656 жылы Батыс түрік кағанаты кұлағаннан кейін Алтай тауының 
солтүстік  жағы  мен  Ертіс  өңірін  жайлаған  қыпшақтар  Кимек 
қағанатының  қүрамына  кірген  еді,  ал  XI  ғасырда  Кимек  қағанаты 
қүлағаннан кейін,  кимек, қыпшак жэне куман тайпаларының бүрын 
жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының 
қолына көшеді.
Қыпшақтың  өкімет  басына  келген  ақсүйектер  эулеті  Оңтүстік 
және Батыс бағыттарында белсенді қимыл-эрекеттерге кірісіп, Орта 
Азия және Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байла-
ныс жасауға кіріседі.
XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сыр- 
дарияның  орта  жэне  теменгі  бойларынан,  Арал  мен  Каспий  өңірі 
далаларынан  тықсырып  қуып  шығады.  Қыпшақтар  билігінің  Арал 
өңірі  мен  Сырдария  бойындағы  аймақтарға таралуына  байланысты 
этникалық-саяси  жағдайдың  өзгеруіне  орай,  X  ғ.  екінші  ширегінде
(Мафазат
“Дешті
Қыпшақ” (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады.  Маңғыстау
мен  оған  жақын  жатқан  аимақтарды  қаратып  алған  қыпшақтар 
Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.
XI 
ғ.  орта кезінде  қыпшақ тайпалары  Еділден  көктей  етіп,  батыс 
жаққа  жылжып,  Орыс  жэне  Қара  теңіз  өңірі  далалары  мен  Визан- 
тия,  Венгрия  шекараларына  дейін  қоныс  аударады.  Еділден  Днеп- 
рге  дейінгі  қыпшақтар  қоныстанған  аумақ  орыс  жылнамаларында 
половңылар,  “Половецтер  өлкесі”  деп  атала  бастайды.  1071  жылы 
қыпшақтар  Кіші  Азияға  жетіп  Анатоли  қаласын  жаулап  алады, 
сөйтіп,  османдық түріктердің  негізін  қалады,  осы  жылдары  Транс- 
илвания арқылы Молдавияға етеді. Қазіргі Венгриядағы мадиярлар, 
Молдавиядағы  гагауыздар  кыпшақтарға  жатады.  Осылайша  Батыс 
Еуропа  деректерінде  қыпшақтар  «коман»  деген  атпен  мэлім  бола- 
ды.
XI 
ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы 
шығыста Ертістен, батысын да Орал тау ы на, Доннан жэне Қара теңізге 
дейінгі  үлан-ғайыр  алқапты  алып  жаткан  шығысындағы  бөлігі  Ел- 
бөрілі руынан шыққан хан эулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты,
48

Кавказ,  Қырым өңірін жэне одан эрі  батысқа қарай  созылып  жатқан 
басында  Тоқсоба  рулық  эулеті  тұрған  Батыс  қыпшақ  бірлестігі  бо- 
лып  екіге бөлінеді.  Қазіргі  Қазақстан аумағының көп  беліг і  Шығыс 
кыпшақ  ұлысының  билігінде  болды.  Қазақстан  жеріндегі 
қыпшак 
этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп  қарауға болады.
Бірінші  кезең;  қыпшақтардың  қимақ  тайпалық  одағында  болуы
— VII ғ.  екінші жартысынан VIII ғ.  соңына дейін.
Екінші  кезең:  VIII  ғ.  аяғынан  —   XI  ғ.  басына  дейін.  Бұл  кезде 
қыпшақтар  Алтай  жэне  Ертістен  Орал  таулары  жэне  Еділ  бойына 
дейін қоныс тепті. Қыпшақтайпалық одағының құрамына Мұғалжар 
жеріндегі  кумандар жэне қимақ тайпалары  кіреді.
XI 
ғасырдан  XIII  ғ.  басына  дейін  қыпшақтардың  дамуының 
үшінші  кезеңі  жүрді.  Бұл  кезде  қыпшақ  хандарының  мэртебесі, 
қүш-қуаты өсіп, олардың этңикалық қүрамы езгеріп, қимақ, куман, 
ежелгі  башқүрт,  оғыз т.б.  тайпалар  кірді.  Сондай-ақ қыпшақтардың 
этнос  болып  калыптасуына  түрік  тілді  қаңлылар,  үрандар,  шығыс 
Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер эсерін 
тигізді.
Бүл кезде қыпшак хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына 
дейін  жеткізіп,  қарахандықтармен  шектесті.  Олардың  арасындағы 
шекара  —   Балкаш  келі  жэне  Алакөл  ойпаты  болды.  XII  ғ.  қыпшақ 
тайпалары  Алтайда,  Ертістің  жоғарғы  жағында  наймандармен.
қаңлылармен,  кереиттермен  шектесш,  солтүстікте  қырғыздар  жэне 
хакастармен керші болды.
XI—^ХІІ  ғғ.  Қазақстан  аумағында  түрған  қыпшақтар  екі  қанатқа
белінді.  Бірінші  қанаты  —   оң  қанат  Торғай  даласын,  Жем,  Жайық,
Еділ  өзендерінің  бойын,  сондай-ақ  Маңғыстау  түбегін  мекендеді,
оны  елбері  руынан  шыққан  хандар  басқарды.  Ал,  ордасы  —
Сарайшық  қаласы  болды.  Торғай  еңірінде  жоғарғы  ханның  ордасы 
болса керек.
Екінші  қанат  —  сол  канат  Орталық  және  Шығыс  Қазақстанды,
Сырдариядан  Ертіс  пен  Есілге  дейінгі  аралықтағы  жерлерді
камтиды.  Орталығы  Сығанақ  қаласы  болды,  оның  ханы  үран  тай-
пасынан  шыкқан.  Оң  қанат  екіншісінен  күштірек  болған.  Әскери
үйымдар  мен  эскери  экімшілік  басқару  жүйесіне  айрықша  маңыз
берілген,  өйткені  ол  кешпелі  емірге  мейлінше  сай,  мейлінше 
қолайлы болған.
Қыпшақ хандарының екімет билігі  мүрагерлікпен  экеден  балага 
қалдырылып  отырған.  Хандар  шығатын  ең  эулетті  ру  елберілі 
еді.  Орда  деп  аталатын  хан  қамалында  ханның  дүнис-мүлкі  мен
49

эскерінің  ісін  жүргізетін  басқару  аппараты  болды.  Әскери-экімші- 
лік  басқару  жағынан  Қыпшак  хандығы  көне  түрік  дэстүрлерін 
сақтаған.  Қыпшақ  тайпаларының  басында  хан,  тархан,  басқақ,  бек 
пен  байлар  тұрды.  Қыпшақ  қоғамы  элеуметтік  жэне  жіктік  жағы- 
нан  да  тең  болмаған.  Мүліктік  теңсіздіктің  негізі 
малға  жеке 
меншік  болып  табылады.  Негізгі  байлық  жылқының  саны  болған, 
жеке  меншікті  бүзған  адам  қатал  жазаланған.  Хисапсыз  кеп  малы 
бар  ақсүйектер  жеке  меншігін  заң  жолымен  бекітіп  берілмесе  де, 
мал  жайылатын  өрістің бэрін  меншіктенген.  Жайылымдарды  бөліп 
беруді,  көші-қон  мэселелерін  реттеп  отыруды  қыпшақ  хандары 
мен  тайпа  тектілері  уысынан  шығармаған.  Қоғамның  қатардағы 
мүшелерінің  басым  көпшілігі  еркін  де  ерікті  болған.  Сейтіп, 
Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол кене 
түрік мемлекетінің дэстүрін дамытып, жалғастырды.
Қыпшақтардыңсаясижағдайынакелсек, 1065жылыселжұқтардың
билеушісі  Алып  Арсылан  қыпшақтарға  қарсы  Маңғыстауға  шабу- 
ыл  жасайды.  Қыпшақтарды  жеңіп  бағындырғаннан  кейін,  ол  Жент 
пен  Сауранға  жорыққа  шығып,  қыпшақ  тайпаларының  бір  бөлігін 
Хорасан  селжұқтарына  тэуелді  етті.  Алайда,  XI  ғасырдың  соңғы 
ширегінде  де  қыпшақтар  Маңғыстау  мен  Каспий  теңізінің  шығыс 
жағалауында  бұрынғыша  ез  билігін  жүргізіп  тұрды.  1096  жылы 
қыпшақ  бірлестігінің  тайпалары  Хорезмге  қарсы  жорық  ашады,
бірақ ол сәтсіздікпен  аяқталды.
XI  ғ.  аяғы  мен  XII  ғ.  бас  кезінде  Жент,  Янгикент,  Сырдарияның
төменгі  ағысындағы  тағы  басқа  қалалар  қыпшак  кесемдерінің 
қолына  қарағанымен,  XII  ғ.  алғашқы  жартысында  осынау  қалалар 
қыпшақ хандары  мен  соларды  қайтсе де басып  алғысы  келген  Орта 
Азияның  мұсылмандық  эулеттері  арасындағы  қиян-кескі  ұрыс 
алаңына  айналады.  Хорезм  шахы  Атсыз  Жентті  жаулап  алады,  со- 
нан  соң  солтүстікке  қарай  бет  алып,  ез  қарауына  Маңғыстауды 
да  қосады.  1133  жылы  Жент  қаласынан  Дешті  Қыпшақ  даласына 
тереңдеп жорық жасаған  Атсыз қыпшақтарды  ойсырата жеңеді.  Тап 
осы  кезден  бастап  Қыпшақ хандығының ыдырауы  басталады.  Оған 
себеп  болған  негізгі  жэйттер:  қыпшақ  тайпалары  ақсүйектерінің 
арасында  Хорезмге  бейімдеушілердің  кебеюі,  қаңлылардың  аса  ірі 
бірлестігінің құрылуы, екімет билігі үшін езара эулетті  қырқыстың
күшеюі еді.
XII  ғ.  екінші  жартысынан,  эсіресе,  Текеш  (1172— 1200  жж.)  биле- 
ген кезден бастап, Хорезм қыпшақ аксүйектерімен жақындаса түсуді 
мақсат еткен  саясат жүргізеді.  Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпала-
50

ры топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары эртүрлі қызметтерге 
тартады.  Бұдан  баска  туысқандық  үшін  қалыптасқан  дэстүрге 
сай  Хорезм  билеушілері  әйелдерін  қаңлы  мен  қыпшақтардың  хан 
эулеттерінен  алып  отырған.  Мысалы,  XIII  ғ.  бас  кезінде  Хорезм 
шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мэліктің 
кызына  үйленген.  Осының  арқасында  Әмин  Мэлік  Хорезм  шахтар
сараиында маңызды рөл атқарған.
Хорезм  шахы  Мұхаммед  /1200— 1220  жж./  өз  мемлекетінің 
күрамына XIII  ғ.  бас  кезінде  Сығанақ жерін  қосып  алады.  Сығанақ 
иелігінен  айырылып  қалғанына  қарамастан  қыпшақ  хандары  Хо- 
резмге  қарсы  қажырлы  күресін  жалғастыра  берді.  Бүл  кезде  Хо- 
резмшахы  Мұхаммед  Дешті  қыпшақ  еліне  бірнеше  рет  жорық  жа- 
сайды.  1216  жылы  қыпшақ  билеушісі  Қадырханға  қарсы  аттанған 
эскери  жорықтарының  бірінде  ол  Ырғызға дейін  жетеді.  Осы  кезде 
ол  Торғай  даласында  қыпшақтар  еліне  қашып  кірген  меркіттерді 
қуып  келе  жатқан  Шыңғысхан  қолымен  соқтығысып  қалады.  Бұл 
монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сойтіп, бұдан 
кейін монғол басқыншылығының дэуірі басталады.
3.  Орта ғасырлық мемлекеттердің экономикасы
мен  мәдениеті
Мал шаруашылығы. 
Қазақстан жеріндегі ортағасырлықмемле- 
кеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз бай- 
ланыста  болған  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылы- 
ғына  негізделген  еді.  VI—^ХІІ  ғасырлардағы  мемлекеттердің  басты 
шаруашылығы  мал  есіру  болған.  Орта  ғасырлық  қоғамда  малға 
жеке  меншік  қалыптасып  дамыды,  сөйтіп  ақсүйек  байлар  тобы 
бөлініп  шықты.  Малға  жекеменшіктік  теңсіздіктің  негізі  болған. 
Бай  ақсүйектермен  біріге  қауымның  қатардағы  мүшелері;  кедейлер 
мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен.
Орта ғасырлардағы  жазба деректердің  мэліметтеріне  қарағанда 
феодалдық  мемлекеттердің  жылқы,  қой,  сиыр,  егіз  және  түйе 
есіргенін  білеміз.  Кешпенділердің  малының  құрамында  қыста 
жаюға  неғұрлым  бейімделген  жылқы  мен  қой  басым  болды. 
Олардың  шаруашылығында  ет  пен  май  қорын  тез  толтыратын 
қой  шаруашылығының  маңызы  зор.  Сондай-ақ  қойдың  жүні 
мен  терісінен  жылы  киім  дайындалды.  Жылқы  кешпелі  тұрмыс 
жағдайында  алыс  жайылымдарды  игеруге  мүмкіндік  беретін
51

ерекше  шыдамдылығы  мен  төзімділігі,  соғыста  жэне  аң  аулауда 
пайдаланатындығы  арқасында  аса  бағалы  жануар  деп  есептелді. 
Сондықтан  көшпелілер  тек  қана  тебіндеп  жаііылатын  жылқы 
өсіруғе  ерекше  көңіл  бөлген.  «Бұл  даланың  ерекшеліктері  мынада; 
оның  шөбі  малға  арпаның  орнына  жүреді,  басқа  елдерде  мұндай 
ерекшелік  жоқ.  Онда  малдың  көптіғі  де  сондықтан»,—   деп  атап
өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.
Жылқы  санының  көп  болуы  эрқашанда  байлықтың  өлшемі,
малшы  билігінің  экономикалық  негізі  болған.  Кейбір  жазба 
ескерткіштерде  қыпшақтар  елінде  он  мың  жылқы  иеленгендердің 
көп  болғаны  жөнінде  мэліметтер  бар.  Түріктердің  жылқысы  кли- 
маты  қатаң,  жергілікті  табиғи  жағдайларға  жақсы  бейімделген  еді, 
сонымен қатар сүтінің мол жэне еті мен майының сапасы жақсы бо- 
луымен  ерекшеленді.  Түріктер  сиыр  жэне  қой  етінен  жылқы  етін 
артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын —  қымыз дай- 
ындайтын.
Жазба  деректердің  мэліметтеріне  қарағанда  асыл  түқымды 
жылқыларды  өсіруге  зор  көңіл  бөлген.  Түріктер  қой,  жылқы 
шаруашылығымен  бірге  ірі  қара есірумен де айналысты, бірақ саны 
жағынан  ол  элдеқайда  аз  болды.  Сиырлар  мен  өгіздер  қешқен  кез- 
де  алыс  қашықтықта  кеп  жүрісті  кетере  алмайды.  М үның өзі түркі 
тайпаларының белгілі бір топтарының тұрақты қыстаулары бар жар- 
тылай  кешпелі  түрмыс  салты  болғанын  керсетеді.  Этнографиялық 
зерттеулер  кешпелілердің  негізінен  ең  кедей  белігі  сиыр үстағанын 
керсетеді.  Ірі  қара  кебіне  жеуге  пайдаланылды.  Кешпелілердің  Ба- 
тыс  Қазақстанға  ілгерілеуіне  қарай  олардың  жекелеген  топтары 
түйе шаруашылығымен де айналысқан. Қүмды жэне шепсіз жерлер- 
де түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.
Кешпелілерде аң аулау қосал қы кэсіп болды. Әл Джахиз «Көшпелі 
түріктер аң аулағанда, эсіресе қарақүйрықтар мен қүландарды қуған 
кезінде ғажап тезімді»,—  деп керсетеді. Аң аулаған кезде  садақ пен 
жебеден басқа олар аңға қүс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды 
да  итпен  үстаған.  Аң  аулаумен  қатар  езен  жағасында  түратындар 
балык  аулаумен  де  айналысқан.  Жалпы  алғанда,  аң  аулау  дербес 
сала  болмай,  шаруашылықтың  негізгі  түрі  —   мал  шарушылығына
кемекші ғана болған.
Егіншілік. 
Қалалардың  есіп  еркендеуі,  сауданың  дамуы,  ауыл 
шаруашылығы  енімдеріне  сүранымды  арттырған.  М үның  езі 
егіншілік  пен  мал  шаруашылығының  дамуына  себепкер  болды.
Қазақстанда
52

көбінесе  суармалы  негізде  дамыды.  Егін  шаруашылығы  елдің 
оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, 
Іле  өзені  бойында  біршама  жақсы  дамыды.  Орталық  Қазақстан 
егіншілікпен  судың тапшылығына байланысты  тек  өзен  алқаптары 
мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық 
жерлерінде  егіншілік  кэсіптері  мал  шаруашылығымен  ұштасып 
жатты.
IX—^ХІІ  ғасырларда  Отырар  өңірі  суармалы  егіншіліктің  орта- 
лығы  болды.  Мұнда  егістік  кеп  тармакты  суландырмалы  жүйемен 
жабдықталды.  Су  жолы  Арыс  өзеніндегі  су  қоймасы  арқылы 
жүргізіліп,  оның  бір  саласы  Отырар  қаласына  келді,  екінші  саласы 
Қүйрық  төбе,  Алтын  тебе,  Жалпақ  тебе,  Марданкүйік  қалаларына 
барды.  Отырарға  баратын  су  жолы  төңіректегі  рабадтарды  сумен 
қамтамасыз  етіп,  сонымен  бірге  қаланың  солтүстігіндегі  алқапты 
суландырған.  Ал  Сырдариядағы  су  жолы  Сауран  мен  Сығанақты 
жэне  сол  жағалаудағы  Сүткентті,  Аркөкті,  Аққорған  жэне  Үзкентті 
сумен  қамтамасыз  еткен.  Талас  жотасының  тау  бауырларындағы 
жерді  суландыру  үшін  Бадам,  Сайрамсу,  Арыс,  Аксу  езендерінің
Ч _ /
суы паидаланылған.
Жер  кетпен  тэрізді  темір  шоттар  жэне  темір,  не  шойын  ұштары 
бар, жер жыртатын қүралдармен /омаш/ еңделіп, егін темір орақпен 
орылған.  Дэнді  үнтақтау  үшін  тас  диірмендер  қолданылған. 
Қолдан  суару  негізінде  Жетісу  түрғындары  астық  есіріп,  жүзім 
шарушылығымен жэне шарап жасаумен айналысты, бақша жэне бау 
дақылдарын екті. Таудың теменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, 
Үлкен  жэне  Кіші  Алматы,  Бақанас,  Кексу,  Лепсі  езендерінің  орта 
жэне  теменгі  ағыстарының  бойында  да  суландыру  қүрылыстары 
болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы 
қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет