2. Қазақстан Алтын Орда қурамында
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы
Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында
Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды.
Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды.
Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол
армиясының көпшілік бөлігін кыпшақтар құрады. Сондықтан
деректерде оның эскері қыпшақтық деп аталған. 1236— 1242 жж.
Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағыңдырып, Польшаны,
Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны
талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа
монғол мемлекеті — Алтын Орданы кұрды. Бұл мемлекеттің
аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның
төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын
Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм жэне Батыс Сібір аумағының
бір бөлігін камтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы
Сарай-Батый каласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына
Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.,
Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол эр алуан
халықтар мен тайпалардан құралдь^^ Монғолдардың өздері тіпті
аз еді. XIV ғасырда монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал
Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен,
белгілі шығыстанушы Л. Н. Гумилев атап көрсеткендей (Қиял
64
патшалығын іздеу. Алматы, 1992, 208-6.) «Жеңген монғолдар
өздері кұрған мемлекетте азшылыкта қалып, жеңілген жэне
бағындырылған халықтар шын мэніндегі қуатты күшке айналып
шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бұл
күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».
?Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір белігі
болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын,
бірақ Батый хан (1242— 1256) езін тэуелсіз билеуші ретінде
ұстады. 1260 ж. Монғол империясы тэуелсіз ұлыстарға бөлінді.
Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256— 1266) тұсында
дербес мемлекетке а й н а л д ы ^ О л елді басқарған кезде Алтын
Орда Монғол империясынан біржолата белінді. Одан кейінгі
Меңке-Темір хан (1266— 1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет
ез атынан теңге құя бастады. XIII ғасырдың 80- жылдары Алтын
Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс
басталды. Ноғай Ш ыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый
мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті
езінің дербес мемлекетін кұру еді. Ол езіне Дунай, Днестр, Днепр
бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298—
1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс
тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына
келтірілді.
Өзбек ханның (1312— 1342) жэне оның баласы Жэнібектің
(1342— 1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы
Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс
княздыктары Алтын Ордаға тэуелділіктерін мойындап, ұлы
ханның колынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды.
Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, езара қырқысуының
салдарынан Жэнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың
кұлдырауы басталды. 1357— 1380 жылдары ондаған хан ауысады.
Сейтіп, бұл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі»
деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай
Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс эскерінен
жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың элсірегенін
пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін эскери
жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мэскеуге жорық жасап,
оны талқандап, ертейді. Ол сонымен қатар Мэуераннахр мен
Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың
кезінде (1380— 1395) Алтын Орда уакытша күшейеді. Бірақ XIV
ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап
198-5
65
(1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір
мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы сокқыдан ол оңала
алмайды. XV ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы,
Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына
белініп кетеді.
Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының
негізгі бастамасы сақталды. Жошы ұрпағының мемлекеті саяси
құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, ез кезегінде ұлыстары
неғұрлым ұсақ үлес-иеліктерге белшектенген әдеттегі кәшпелі
мемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызмет
адамдарынан, эскери ақсүйектерден құралған әкімшіл-чиновниктік
аппараты маңызды орын алды. Армияны және мемлекеттің ішкі
істерін басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Алтын Орданың
билеушісі — хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы
саналды. Ханның атынан бүкіл эскери істі беклербек басқарды, ал
азаматтық биліктің басында уэзір тұрды. Беклербек уэзірден дэреже
жағынан жоғары тұрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялық
қатынастарды басқарды жэне азаматтық істерді шешкен кезде
жоғары сот билігін атқарды.
Алтын Ордада атқарушы орган — диуанның басында уэзір тұрды.
Атқарушы екіметтің орталық органы — диуанның қарауында
қаржы, салық жэне басқа ведомстволар болды. Диуанның хатшысы
бітікші деп аталды. Уэзір мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару
ісінде ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесінде
даруғалар мен басқақтар маңызды орын алды. Даруғалар негізінен
салық жинаумен айналысты, басқақтар басқару міндетін де атқара
отырып, жергілікті халыққа эскери бақылауды жүзеге асырды. Олар
сонымен қатар қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық та
жинады.
Монғол эскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін
езінің зардабы жағынан ауыр апат экелді. Ол кептеген халықтардың
экономикалық жэне мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік
жэне этникалық дамуын тежеді. Монғолдардың шапқыншылығы
салдарынан ендіргіш күштер элсіреді. Кептеген қалалар қиратылып,
ортағасырлық қала мэдениетіне үлкен зиян келтірілді. Әсіресе,
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еңіріндегі отырықш ылық емір мен
егіншілік мэдениетіне бұл ауыр соққы болып тиді. Бағындырылған
халықтан алынатын алым-салық та ауыр жэне кеп болды.
Зерттеушілердің айтуынша салықтың 20 шақты түрі болған.
Дегенмен, монғол басқынш ылығының апатты зардаптарымен
бірге кейбір жағымды жақтары да болған. Монғол екіметтері сауда-
66
саттык пен халыкаралык байланыстың дамуына жағдай жасады,
жер-жердің бэрінде пошта жэне көлік катынасы қызметін енгізді.
Монғолдар бір орталыкка бағынатын өкімет идеясын экеледі, бұрын
ұйымдаспаған тайпалардың басын косады. Кешпелі өмір тәртібін
Шыңғысханның заңдар жинағы — «Ясасына» сэйкес келтіре
бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары казак заңдарында
белгілі дәрежеде пайдаланылады. Мемлекеттіліктің элеуметтік
ұиымы мен түрлершің көптеген нормалары монғол дэуіршен кеиш
Қазакстанда пайда болған мемлекеттік кұрылымдарда пайда-
ланылды. Монғол жаулаушылығы Қазакстан жеріндегі этникалық
процестер барысына да үлкен эсер етті.
3. XIV—^ХҮ ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Монғол дэуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу
және Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатталады.
XI V—
ғғ. Қазақстанның бұл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы
кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақтағы, Орта Азиядағы
(Мэуераннахр) Шыңғыс эулетінің иеліктерінде монғол дэуірінің
ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекеттер құрылды: Ақ Орда,
Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы.
А қ О рда. XIII—XV ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде
Ақ Орда мемлекеті емір сүрді. Ол монғол шапқыншылығынан
кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ
Орданың негізін қалаушы — Жошының үлкен баласы Орда Ежен
(1226— 1280 жж.). Рашид эд-Диннің жазуына қарағанда (XIV
ғ.), Жошы үлысының шығыс белігін (сол қанатын) экесінің кезі
тірісінде Жошының үлкен үлы Орда Ежен алады. Әбілғазының
айтуынша (XVII ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан XIII ғ. орта
кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес
билеушілер болды. XIV ғ. 2- жартысында Алтын Орда билігі
элсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті.
Аумағы: Батысында Ж айық өзенінен шығыста Ертіс езеніне
дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-
шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі
жерлер. Астанасы — Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы
— түрік Т
1
ЛД
1
таипалар.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-
Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы
67
ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне
араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мэуераннахр билеушісі
эмір Темір мен оның ұрпақтарының басқы нш ылы ғына қарсы
күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Ал-
ғашқы ханы — Сасы Бүға (1309— 1315), мүрагері — Ерзен хан
(1315— 1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIV ғ. 2-
ширегінде Ерзен мен Мүбэракқожа түсында басталды. Мүбэрак-
қожа хан (1320— 1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат
жүргізуге тырысты.
Ш ымтайдың (1344— 1361 жж.) үлы Орыс ханның кезінде (1361—
1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тэуелсіз хандык болып
жарияланды. Ақ Орда Орыс хан түсында едэуір нығаяды. Әйгілі
тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманы-
ның қуатты да қүдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен
Ак Орданың саяси тэуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жүм-
сады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншы-
лық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ
Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды
көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші
аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге жэне осы өңірдегі
шаруашылық, мэдениет орталығы болған қалаларды керкейтуге
баса мэн берді.
Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты.
Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып,
Алтын Орданы езіне бағындыруға эрекет етті. Бүл мақсатын
жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды.
1374— 1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып,
Кама бүлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша
билеушісі Мамайды жеңе алмайды жэне бүл кезде Ақ Орданың
езіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырда-
рия бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар
жолында Алтын Орданы жаулау кезінде езіне көмекке келмеген
Жошы эулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны
елтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды.
Темір бүл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты кеп эскермен Ақ
Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374— 1375)
сэтсіз аяқталды, Ақ Орда эскерлері оның эскерлерін талқандады.
Бүл соғыста Орыс ханның баласы Қүтлық Бүқа қаза болды. Әмір
Темірден жаңадан эскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс
68
ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда эскерлерінен жеңілді, тек
төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды.
Темір баскыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс
ханға түседі. ¥рыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс
Орыстың баласы Темір-Мэлікті (1376— 1379 жж.) 1379 жылы жеңіп,
Ақ Орда билеушісі болды.
Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Ал-
тын Орданы алды. Сейтіп, ол бір мезгіл (1380— 1395 жж.) Ак Орда
мен Алтын Ордаға хан болды. XIV ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс
Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір Темірге
қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы
ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Те-
рек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты
жеңіп, Алтын Орданы талқандады.
XIV
ғ. аяғы — XV ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар
мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда элсіреп кетті. Ақ Орданың
әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары жэне ішкі
тартыстар.
1423— 1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы
Ақ Ордадағы өз эулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың
соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі
Ұлыкбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы кептеген қалаларды
өзіне қаратады. Бірақ ол көп үзамай қаза табады, сосын Ак Орданың
жеріндегі билік Шайбан үрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, эқономикалық жағынан
тэуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші
хандарының эулеттік жен-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік
бірлестігі XIV—^Х^ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан
жеріндеп этникалық топтардың, таипалар мен халықтардың
бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда
мемлекеті Қазак хандығының қүрылуына негіз болды.
Моғолстан хандығы.
XIV ғ. ортасы — XVI ғ. басында Оң-
түстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді.
Бүл мемлекет XIV ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шыгыс
бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай үлысы
ыдырағаннан кейін қүрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін
салушы — дулаттайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы
— Тоғылық Темір (1348— 1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері
эулетінің негізін салды. Астанасы — Іле алқабындағы Алмалық
каласы болды. Аумағы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан,
69
Шығыс
Жетісу,
«монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік жэне парсы деректерінде
монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер,
арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік жэне түріктенген монғол
тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды.
Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едэуір белігі кейін қазақ
үяпігитнмн тг^пяммня енепі ял пнын Тянь-Шань өнісі мен Шығыс
Түркістанды мекендейтін екінші бөлігі кырғыздар мен ұйғырлар
қүрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең куатты тайпа
болды.
Билеушінің дэрежесі — хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси
басшысы жэне жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы
эмірлерінен ханның көмекшілері — үлысбектер тағайындалды.
Хандық кеңес мемлекеттің ішкі жэне сыртқы істері, эскери жорық
жэне жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді
шартты түрде иеленудің ихта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін
пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған.
Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті кешпелі
аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды.
Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл түрғындарынан,
егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде
көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж жэне қарадж деп
аталған. Сондай-ақ халық эскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б.
эртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған
соғыстар мен өзара қырқыстар халық бүқарасының халін ауырлатты.
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту
үшін ислам дш ін тірек етті.
феодалдық
қырқыс, керші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылық-
тарды тойтару жағы ете кеп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы
Мэуеран-нахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші
етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362— 1385 жж. Моғолстанның
билеушісі болды. Оның түсында езара қырқысу соғыстары басталып,
Моғолстан бірнеше бөлікке белінді: Дулат эмірі Қамар ад-Дин —
Жетісуды, Енке тере — Іле мен Тарбағатайды биледі.
Осыны пайдаланған Әмір Темір XIV ғасырдың 70— 80-жылда-
ры М оғолстанға оншақты рет ш апқынш ылықтар жасайды. Қызыр
Қожа хан (1385— 1399 жж.) өзін Темірдің вассалы деп мойын-
дайды. Қызыр Қожаның үлы М үхаммед хан түсында (1408— 1418)
елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде М оғолстанның Темір
70
тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс
пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру
үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады.
XV ғ. 1-жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы
жиіледі. Уайс хан (1418— 1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті,
олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Түрфаннан Ілебалық
деген жерге көшіруге мэжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан
(1433— 1462) XV ғ. 30-жылдарының басында екімет билігін иеленді.
XV ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жэнібек пен
Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға
оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты:
— қазақтарды ойраттарға жэне Темір эулетіне қарсы эскери күш
ретінде пайдалану;
— қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.
Жүніс хан тұсында (1462— 1487) мемлекет жағдайы біраз ны-
ғаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан
жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487—
1508) Жетісуда жэне Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен
соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның
немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс
Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ
рулары мен тайпалары 60 ж. бастап Қазақ хандығының кұрамына
енеді.
Сөйтіп, XVI ғ. басында феодалдык өзара қырқыстар, халык
наразылығының жиілеуі жэне олардың Қазақ хандығына барып
қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып
өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына
жэне қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын
аяқтауына аумақтық тірек, саяси-экономиқалык негіз болды.
Әбілқайыр хандығы.
XV ғ. 20-жылдарында Қазақстанның
орталық, батыс жэне солтүстік-батыс аймақтарында тэуелсіз
феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы
Әбілқайыр (1428— 1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол
Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтары-
мен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпа-
ларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.
Әбілқайыр хандығының аумағы батысында Жайықтан бастап,
шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның
теменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы
мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы —
71
■
I
алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанак.
Халқы — өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар.
қоңыраттар, наимандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үисшдер
Т . 6 . ) .
Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі
саяси жағдайын түрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан
басқарылмай бірнеше иеліктерге белініп, оларды Шыңғыс эүлетінін
билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз
соғыстар тоқтамады.
Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу
үшін кептеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл езені бойында
Шайбани үрпағы М ахмүт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып
алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы
эулетінің Махмүд жэне Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын
тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария
бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап,
Сығанақты астана етті.
XV ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бүхарды шабуылдап, осы еңірдегі
Темір үрпақтарының ішкі саяси еміріне араласты. Бірақ та 1457
жылы 03 Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп.
онымен өзш қорлаитындаи ауыр шарт жасасты.
Бүл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін темендетті.
Нәтижесінде XV ғ. 50-жылдарының аяғында Кешпелі өзбектер
мемлекетінен Жэнібек пен Керей сүлтандар бастаған халықтың бір
тобы Моғолстанға кешіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы
Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен
кайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
Әбілқайырдың мүрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста елті-
рілді. Ал, Әбілқайырдың немересі Мүхаммед Шайбани (1470—
1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы
қалалар үшін үзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы қүрылғаннан
кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилер үрпағының Шығыс
Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бүл жерлердегі билік қазак
хандарына толық көшті. XVI ғ. басында кешпелі езбектердің бір
белігі Шайбанилердің бастауымен Мәуераннахрға кешіп кетті.
Ондағы Темір үрпақтарының билігінің элсірегенін пайдаланып,
Шайбанилер Орта Азиядағы екімет билігін тартып алды. Қазақстан
жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
Ноғай Ордасы.
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда
болған мемлекеттік бірлестіктің бірі — Ноғай Ордасы. Ол XIV—
XV ғасырларда Батыс Қазақстанның бір белігін алып жатты.
72
Бұл мемлекеттін атауы Алтын Орданың беклербегі, эскерінің
қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260— 1306) Ноғай есімімен
байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер
Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий
маңына қоныс аударын, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы — эмір Едіге (1395— 1419). Ол
15 жылдай Алтын Орданы билен (1396— 1411), «ұлы эмір» атанған.
Шыңғыс эулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай
Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде болектене бастады. Бұл
проңесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426— 1440) тұсында аяқталып,
Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XV ғ. ортасында бөлініп, дербес
мемлекет болды. Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы — Жайық
өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы — маңғыт,
қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама жэне т.б. сияқты түрік
тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,
оған енген тайпалар XV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының
негізін құрады.
Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жұйесі қалыптасып, бір
орталыққа бағынған екімет болды. Орда билеушісі — хан. ¥лыс
басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз бил ік жүргізіп.
ұлыстың ең шұраилы жаиылымдары мен өрістерш иемденген.
Ұлыстың катардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-
қонып, алым-салық телеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға
міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік
жолмен берілетін экімшілік, эскери, елшілік билік князьдің қолында
болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта
Азия мен Қазакстандағы керші мемлекеттер тарихымен тығыз
байланысты. Ноғайлар тарихы, эсіресе көшпелі езбектер мен
қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында
кешіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып
байланысып жаткан. Басқа да кешпелі мемлекеттер сияқты Ноғай
Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты
езгеріп отырды. Ноғайлардыңсолтүстік-шығыстағы еріс-қоныстары
Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде
Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында кешіп жүрген. Олардың
билеушілері Уакас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы жэне
басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап
алуға жэрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен согысса,
енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар
73
мен казақтарды «екі туыскан Орда» деп атаған. Ал Хакназар хан
«казактар мен ноғайлар ханы» атанған.
XVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-эконо-
микалық, саяси байланысы дамыды. XVI ғ. 2- жартысында Ноғай
Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және
Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) белінді. Осы тұста ноғайлардың
көпшілігі Қазак хандығына, соның ішінде Кіші жүз кұрамына енді.
Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар казак халкының
калыптасуында үлкен рел аткарды.
5-тақырып
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҮРЫЛУЫ
Қазак, хандыгының қүрылуы және ныгаюы
Қазақ халңының қалыптасуының аяқталуы
Достарыңызбен бөлісу: |