Микркезз алматы


 XVI—^ХҮІІ ғғ.  Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата02.01.2017
өлшемі22,67 Mb.
#1002
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

1. XVI—^ХҮІІ ғғ.  Қазақ хандығы
XVI 
ғасырдың  басындіі  нығайған  Қазақ  хандығының  жағдайы 
аталмыш  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап  элсірей  бастады.  Қазак 
хандығын  нығайтуға  жэне  күшейтуге  кажырлы  қайрат  жұмсаған 
Қасым хан кайтыс болғаннан соң  оның мұрагерлері арасында өкімет 
билігі үшін  ішкі талас пен  қыркыстар туды.  «Тарихи  Рашидидің» ав- 
торы  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  айтқандай;  «Қазақ  сұлтандары  ара- 
сында  даү-шар  басталды».  Қасым  ханның  баласы  Мамаш  экесінің
қырқыстың
тапты.
Бұдан соң  1523— 1533  жж.  Қасымның немере  інісі Тахир хан бол- 
ды.  Бірак оның ел билеуге қабілеті төмен, эскери-саяси жэне елшілік 
істерге  олақ  адам  еді.  Ол  феодалдық  қырқыстарды  тыя  алмады, 
көрші елдердің кепшілігімен: Шайбани эулетімен, Ноғай Ордасымен 
жэне  Моғолстан  хандарымен  де  жауласты.  Бұл  соғыстарда  қазақтар 
жеңіліп,  Қазақ  хандығы  оңтүстіктегі  жэне  солтүстік-батыстағы  же-
ықпалы  тек  Жетісуда
сақталып  қалды.  Тахир хан Жетісуға қашып барып  Моғолстан  ханы- 
на қарсы қырғыздармен одақ жасасты.  1527 жылдан кейін ол көбінесе 
қырғыздарды биледі,  ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған  шабуы- 
лына қарсы күресті.  Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шека-
ра аумағы  кысқара түсті.
Тахир  ханның  өлімінен  кейін  оның  інісі  Бұйдаш  (1533— 1534 
жж.)  казақ-қырғыз  бірлестігінің  басшысы  болды.  Жетісу  өңіріне 
билік еткен ол қазақтардың бір белігін ғана билеген.  Оның тұсында 
да  феодалдық  қырқысулар  мен  соғыстар  тоқталған  жоқ.  XVI
86

ғасырдың  30-жылдарында  Бұйдаш  ханмен  қатар  өзге  де  қазақ  хан- 
дары,  мысалы,  Қазақстанның  батыс  өңірінде  Ахмет  хан,  Жетісуда 
Тоғым  хан  болған.  Міне, бұл жағдай Қазақ хандығының феодалдық 
бытыраңқылыққа ұшырағандығын  көрсетеді.
Қасым  ханның баласы Хақназар хан  (1538— 1580) тұсында Қазақ 
хандығы  қайта  біріғіп,  дами  түсті.  Ол  хандық  биліқті  нығайтуға 
жэне  қүшейтуге  қажырлы  қайрат  жұмсады.  Өзінен  бұрын 
бытыраңқы  жағдайға  түсқен  Қазақ  хандығын  қайта  біріктірді. 
Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан эрі нығайтты, сол заманның та- 
рихи деректерінде  оны  «қазақтар  мен  қырғыздардың натшасы» деп 
атады.  Ол  осы  қазақ-қырғыз  одағына  сүйене  отырып,  Моғолстан 
хандарының  Жетісу  мен  Ыстықкөл  алабын  жаулап  алу  эрекетіне
тойтарыс берді.
Хақназар  хандық  құрған  кезде  Қазақ  хандығының  сыртқы 
жағдайында  аса  ірі  тарихи  оқиғалар  болып  жатты.  Мемлекеттің 
солтүстігінде Ресей ез иеліктерін қазақ даласына едэуір жылжытты. 
Қазан мен Астраханьды  басып алғаннан  кейін Еділ өзенінің барлық 
аңғары  Ресейдің  қол  астына  кірді.  Башқұрт  жэне  Сібір  хандықтары 
Ресей  кұрамына  енгеннен  кейін,  ноғайлар  Қазак  хандығының 
солтүстік-шығысына  ығыса  бастады.  Олар  Еділден  Ертіске  дейінгі 
аралықта  көшіп-қонып  жүрді.  Башқұрттар  мен  Сібір  татарлары  да 
казақ  жерлеріне  енуін  тоқтатпады.  Сырдарияның  төменгі  ағысына
қарақалпақтар келе  бастады.
Еділ  мен  Жайық  арасындағы  өңірді  мекендеген  Ноғай  Ордасы
ыдырай  бастады.  Ноғай  одағы  ыдырап,  ауыр  дағдарысқа  тап  бол- 
ды.  Оған карасты  кешпелі тайпалардың бір  бөлігі  Қазақ хандығына 
келіп  қосылды.  Хакназар  Ноғай  Ордасының  көп  ұлысын  (бұлардың 
көбі  казақтың  Кіші  жүзі  —   алшын  одағына  енген  тайпалар)  өзіне 
қаратып  алды.  Тарихи  деректерде  Хақназарды  «қазақтар  мен 
ноғайлардың ханы» деп атаған.  Сөйтіп, XVI  ғасырдың  60-жылдары 
Ноғай  Ордасы  ыдырап,  бұрын  оған  қараған  қазақ  тайпалары 
және  олардың  этникалық  аумағы  Қазақ  хандығына  бірікті.  Бұрын 
Ноғай  Ордасының  астанасы  болып  келген  Сарайшық  қаласы  да 
Қазак  хандығына  етті.  Бұл  жағдай  Қазақ  хандығының  солтүстік- 
батыс  жэне  солтүстік  жағындағы  жағдайда  өзгеріс  тудырды.  Орыс 
мемлекеті  мен  Қазақ  хандығы  арасындағы  кең  еңірді  алып  жатқан 
Ноғай  Ордасының  ыдырауы,  оның  бір  бөлігінің  Қазақ  хандығына 
қосылып,  енді  бір  белігінің  орыс  патшасына  бағынуы,  шығысқа 
қарай  кеңейіп  келе  жатқан  орыс  мемлекетінің  шекарасын  Қазақ 
хандығына жақындата түсті.
87

1563  жылы  Сібір  хандығының  билігіне  келген  Көшім  хан 
Қазак  хандығына  дұш пандык  саясат  ұстанды.  Онын  үстіне  моғол 
билеушілері  мен  казак  хандары  арасында  да  кактығыстар  бо- 
лып  тұрды.  Осындай  күрделі  жағдайларда  Хакназар  хан  Қазак 
хандығынын сырткы  саясатын  езгертті.  Өзінен  бұрынғы  қазак хан- 
дары  үнемі  жауласып  келген  Мэуераннахрдағы  шайбани  эулетімен
одактастык  байланыс  орнатуға  ұмтылды.  Сөйтіп,  шайбанилык 
Бұхара  ханы  Абдолла  ІІ-мен  одактык  келісім-шарт  жасасты.  Соғыс 
кимылдары  токтап,  бейбітшілік  орнады,  қазактардың  Орта  Азия 
халқымен сауда-саттық карым-катынасы, экономикалық байланысы 
жиіледі.  М ұның өзі  Қазақ хандығының  ішкі  жағдайын  жақсартуға, 
шаруашылық емірдің оңалуына тиімді болды.  Қазақ хандығы нығая 
түсті.
Бірак  Хақназар  ханды  1580  жылы  Абдолла  ханның  қарсыласы 
Ташкент  билеушісі  Баба  сұлтан  астыртын  өзінің  адамын  жіберіп 
елтіртті.  Қадырғали  Жалайырдың  айтуынша  «Оның  да  атағы  мен 
абыройы  туралы  кеп  айтылады.  Алайда  Хақназар  хан  ез  араларын- 
да болган  қактығыстарда каза болған».
Хакназар хан қаза болган соң оның орнына Жэдік сұлтанның бала- 
сы Жэнібек ханның немересі Шығай  1580— 1582 жылдары хан болды. 
Ол  бұл  кезде  сексен  жаста болғанымен,  қазақтардың  ішінде беделді 
хан  болды.  Оның өміріне  қатысты  мәліметтер тарихта  аз сакталған. 
Ш ыіай  хан  қазақ  хандығының  сыртқы  саясатындағы  Хақназар 
хан  ұстаған  бағытты  жалғастырды.  Ол  Шайбани  мұрагерлерінің 
арасындағы  кақтыгыстарды  казак  мемлекстін  ныгайту  мақсатында
ұтымды  паидаланды.
1582  жылы  Бұхара  ханы  Абдолла  қазак  ханы  Шыгай  жэне  оиың 
баласы  Тэуекел  сұлтанмен  күш  біріктіріп,  Ташкент  билеушісі  Баба 
сұлтанға  карсы  Үлытау  жорыгын 
ұйымдастырды.  Баба  сұлтан 
жеңіліп,  Дешті-Қыпшак  даласына  кашты,  езбек,  қазақ  әскерлері 
Баба  сұлтанды  Сарысуга,  Ұлытауға  дейін  қуды.  Шығай  хан  сол 
жорыкга  кайтыс  болды.  Түркістан»а  қайтып  ксле  жатқан  Баба 
сұлтанды  Тэуекел  сұлтан  елтіріп,  басын  Абдоллага  экеледі.  Қас 
жауын  жойғанға  риза  болган  Абдолла  хан  Тэускелге  Самаркан 
елкесіндеі і  Африкент уэлаятын  тарту етті.
1582  жылы  Шыгай  хан  кайтыс  болганнан  кейін  такка  Тэуекел 
(1582— 1598  жж.)  отырды.  Іэуекел  хан  Бұхара  ханы  Абдолламен 
жасаскан  шартты  бұзып,  казак  жэне  езбек  билеушілері  арасындагы 
жаугершілік қайта коздады. Абдолла ханмен одактан Тэуекел ханның 
бас  тартуының  себебі.  біріншіден,  Абдолла  эуелдегі  Түркістаннан
88

тәрт  кала  беруі  туралы  уэдесінен  бас  тартады,  екіншіден,  біздін 
ойымызша,  басты  себеп  —   Абдолла  Тэуекел  ханның  беделінен, 
батырлығы  мен  батылдығынан  қорқа  бастайды,  яғни  Тэуекел  хан- 
нан  өзінің  бақталасы  ретінде  қауіп  тенгенін  сезді.  Өйткені  кезінде 
бүкіл Мэуераннахрды Тэуекелдің көмегімен Шайбани  мемлекетінің 
кол  астына  біріктірген  болатын.  Тэуекел  хан  да  Жошы  ұрпағы 
болғандыктан, бүкіл Орта Азияны  билеуіне толық күкығы  болды.
Тәуекел  сырткы  саясатында  хандықтың  оңтүстігіндегі  кала- 
ларда  билікті  нығайтуға  күш  салады.  Ендігі  жерде  ол  Сыр  бойын- 
дағы  қалалар  үшін  Абдолламен  күресті  бастайды.  1586  жылы 
Ташкентті  алуға  эрекет  жасайды.  Абдолланың  негізгі  күштері 
Мэуераннахрдың  солтүстігінде  шоғырланды.  Бүны  білген  Тэуекел 
хан  Мэуераннахрдың  оңтүстік  аймақтарына  шабуыл  жасайды. 
Оның  шабуылы  Түркістан,  Ташкент,  Самарқанд  қалаларына  қауіп 
төндіреді.  Бірақ  Тэуекел  ханның  Ташкентті  алуға  жасалған  ал- 
ғашкы жорығы  сэтсіз аяқталады.
Тэуекел  хан  қазақ  хандығының  сырткы  саясатын  нығайту  ба- 
рысында  орыс  мемлекетімен  дипломатиялық  карым-қатынастарды 
жандандырды.  Қазақ  ханы  сырткы  саясатта  өзін  қолдайтын 
одақтастар  іздеді.  1594  жылы  Тэуекел  хан  Ресейге  достық  келісім 
жасасу  үшін  Құлмұхаммед  басқарған  Қазақ  хандығының  тұңғыш 
ресми  елшілігін  жібереді.  Тэуекел  ханның  бұндағы  мақсаты  Ре- 
сей  мемлекетінің  көмегімен  Абдоллаға  қарсы  күресті  жандан- 
дыру,  Сібір  ханы  Көшімге  қарсы  одақ  қүру  жэне  1588  жылы  орыс 
эскерлері  ұстап  экеткен  өзінің  немере  інісі,  Ондан  сұлтанның  ба- 
ласы  Оразмұхаммедті  тұтқыннан  босату  болды.  Оның  жанында 
казактың эйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді.  1595 жылы 
елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды.  Онда орыс 
патшасы Тэуекел ханға Қазақ хандығын «езінің патшалық қол асты- 
на  алатынын»  жэне  «оқ  ататын  қару»  жіберетінін  уэде  етті.  Соны- 
меи  бірге  мынадай  талап  қойды:  «Біздің  патшалық  коластымызда 
болғандықтан  жэне  біздің  патшалық  эміріміз  бойынша  Бұқара  пат- 
шасымен  жэне  бізге  опасыздық  жасаған  Сібір  патшасы  Көшіммен 
соғысып,  біздің  ұлы  мэртебелі  патшамызға  жол  салатын  боласыз- 
дар».  Орыс  мемлекеті 
Қазак  хандығымен  эскери  одақ  құрудан 
бас  тартқанымен,  Тэуекел  хан  орыс  мемлекетімен  дипломатиялык 
қарым-қатынасты үзген  жок.  1595  жылы  Мэскеуден  орыс  елшісі  Ве- 
льямин Степанов Қазақ хандығыиа келді.  Нэтижесінде екі  мемлекет 
арасында сауда байланыстары  жанданды.
89

Бұл  кезде  ойраттардың  бір  бөлігі  Тәуекел  ханға  тэуелді  бол- 
ды.  Сондыктан  ол  өзінің  Мэскеуге  жолдаған  грамотасында  өзін
«қазактар  мен калмақтардың патшасы» деп  атады.
1597 жылы  Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың бастал- 
ды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдыл- 
момын  экесіне  қарсы  шықты.  Осы  қырқысты  пайдаланып,  Тэуекел 
Ташкент  қаласының  түбінде  Абдолла  ханның  эскерін  талқандады. 
1598  жылы  наурызда Абдолла хан  қайтыс  болып,  Абдылмомын  хан 
болды.  Осы  орайды  пайдаланған  Тэуекел  хан  жүз  мың  эскермен 
Мэуераннахрға  басып  кіріп,  Ахси,  Әндіжан,  Ташкент,  Самарқан 
қалаларын  басып  алды.  Бірақ Бұхараны  қоршау  кезінде  Тэуекел  хан 
ауыр  жараланып,  Ташкентке  қайтып  келіп  қаза  болды.  Сейтіп,  ол 
өз  мемлекетінің  солтүстік-батыс  шекарасындағы  бейбіт  жағдайды 
жэне  Орта  Азиядағы  шайбанилықтардың  алауыздығын,  бұл 
эулеттің  Аштарханилықтардың  жаңа  эулетімен  ауыстырылғанын 
пайдаланып,  сырдариялық  қалалар  үшін  ұзаққа  созылған  күресті 
табысты  тэмамдады.  Абдолла  ұрпақтарының  өзара  билікке  таласы
нэтижесінде  Шайбани  эулеті  өмір  сүруін тоқтатады.
Тэуекел  Орта  Азияға  жорығында  тек  қарулы  күшке  емес,  Орта 
Азия  халықтарының  белгілі  бір  элеуметтік  топтарына  сүйенді. 
Атап  айтқанда,  Тэуекел  ханды  дін  иелері  қолдады.  Сонымен 
бірге  Ескендір  М ұңшы  Тэуекел  эскерінің  құрамында  «Түрқістан 
тайпаларының жэне қырдағы өзбектердің»  жауынгерлері  болғанын 
айтады.  Жалпы,  Шайбани  ұрпақтарының  езара  қақтығыстарынан 
шаршаған  Орта  Азия  халықтарының  басым  бөлігі  Тэуекел  ханды 
қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған 
Жошы  ұрпақтарының  өзі  Мэуераннахрда  Шайбани  эулетін  қазақ 
хандарының  эулетімен  алмастыруға ниет білдірген.  Өкінішке  орай, 
Мэуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен кешпеді. Сейтсе 
де,  Ташкент  жэне  оның  аймағы  200  жыл  бойы  Қазақ хандығының
кұрамында болды. Түркістан қаласы Қ азақханды ғы ны ңорталы ғы на
айналды.
Шайбанилар  эулетінің  орнына  келген  Аштархани  эулеті  XVII 
ғасырдың  алғашқы  онжылдығында  Түркістан,  Ташкент,  Ферғана 
қалаларын  қайтару  үшін  жорықтар  жасады.  Олар  тек  Ферғана
қаласын  қайтара алды.
Ташкент,  Түркістан,  яғни  Сырдария  орта  ағысының  екі  жаға-
сындағы 
отырықшы-егіншілік  аудандардың  Қазақ  хандығының 
құрамына енуі,  Қазақ хандығының экономикасына,  қоғамдық жэне 
саяси  құрылысына  күшті  ықпал  етті,  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
арасындағы  мэдени-сауда байланысы дамыды.
90

Тэуекел ханның орнына  1598 жылы хан болған Есімнің Аштарха- 
нилер  өкілдерімен  жасасқан  келісімі  бойынша  Қазақ  хандығының 
құрамына  қалаларымен  бірге  Түркістан  аймағы,  Ташкент  каласы 
атырабымен,  біраз уақытқа Ферғана кірді.
Осы  кезде  болған  тағы  бір  тарихи  оқиға  —   Көшім  хан  билеген 
Сібір  хандығының  жойылуы  еді.  Тарихи  эдебиетте  Сібір  халқы  — 
Сібір  татарлары  деп  аталған.  Ресейден  Сібірге  жорыққа  аттанған 
атаман  Ермактың  жасағы  1582  жылы  қазан  айында  Сібір  ханы 
Көшімнің  эскерлеріне  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  оны  жеңіліске 
ұшыратты.  Көшім  ез  эскерлерімен  оңтүстікке  шегініп,  1598  жылға 
дейін  орыс  эскерлеріне  табанды  қарсылық  көрсетті.  Бірақ  Көшім 
көмексіз  қалған  еді,  бүл  кезде  Көшімнің  Орта  Азиядағы  одақтасы 
Шайбани  эулеті  қүлап  (1598),  оның  орнын  Аштархан  эулеті  (1599- 
1735) басқан еді.  Ақырында біржолата жеңілген Көшім Орта Азияға 
қашып  кетті  де,  1598  жылы  Сібір  хандығы  жойылды.  Бүрын  Сібір 
хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары  Қазақ хандығына 
бірікті.
Есім  хан  (1598-1628  жж.)  қазақ  тарихында  «Еңсегей  бойлы  ер 
Есім»  деген  атпен  эйгілі  болды,  оған  бүл  атақ  1598  жылы  ағасы 
Тэуекел  ханмен  бірге  Мэуераннахрға  жасаған  жорықта  ерлігімен 
ерекше  көзге  түскені  үшін  берілген  екен.  Есім  —   Шығай  ханның 
баласы.  Хан тағына отырған  соң Бүхарамен бітім-шартын жасасып, 
Орта  Азия  қалаларымен  бейбіт,  экономикалық  байланыс  орнатуға 
үмтылды.  Қазақ  хандығын 
бір  орталыққа  бағынған  мемлекет 
етіп  қүруды  кездеді.  «Есім  ханның  ескі  жолы»  деп  аталған  заңдар 
жинағын  қүрастырды.  Есім  ханның  қазақтарды  бір  орталыққа 
бағындыру  саясатына  қарсы  болған  сүлтандар  Қазақ  хандығын 
белшектеуге тырысты.
Ташкент  қаласы  Қазақ  хандығына  қараған  соң  оны  Жэнібек 
ханның  немересі,  Жалым  сүлтанның  баласы  Түрсын  Мүхаммед 
сүлтан  басқарған  еді.  Ол  көп  үзамай  тэуелсіз  хан  болуға  эрекет  жа- 
сады, тіпті  өз  атынан теңге соқтырып,  алым-салықтар  жинады.  Со- 
нымен,  Қазак  хандығы  екіге  бөлініп,  Түркістан  қаласын  орталық 
еткен  Есім  хан,  Ташкент  қаласын  орталық  еткен  Түрсын  хан  би- 
леген  еді.  Бүлардың  арасында  соғыс  қақтығыстары  болды.  Екі  хан 
арасындағы  күрес  шиеленісіп,  1627  жылы  Есім  хан  Түрсын  ханды 
елтіріп,  қазақ  хандығын  ез  кол  астына  біріктірді.  Қазак  хандығын 
біріктіру  жолындағы  Есім  ханның  күрестері  қазақтың  «Еңсегей 
бойлы ер  Есім» атты тарихи жырына езек болған.
XVII 
ғасырдың  басында  қазақ  билеушілері  мен  Аштарханилер 
арасындағы езара қатынастар түрақсыз болды, олардың арасындағы
91

қақтығыстар  уақытша  одақпен  алмасып  отырды.  Мысалы,  Аштар- 
ханилер  эулетінің  өкілі,  Бұхар  ханы  Иманқұл  Ташкентті  тартып 
алуға  тырысты,  сол  мақсатпен  1611  жэне  1613  жылдардың  басын- 
да  жорық  жасады.  Алғашқы  жорығында  Иманқұл  хан  Самарқанға 
дейін  жетіп,  Ташкент  пен  оның  аймағына  езінің  құқығын  мойын- 
датты.  Екінші  жорығы  да  Ташкентке  бағытталып,  қазақтарды  ой- 
сырата  жеңіп  шығады.  Осы  жеңістен  кейін  ол  езінің  ұлы  Ескендір 
сұлтанды  Ташкенттің  билеушісі  етіп  тағайындайды.  Ескендір 
сұлтанды  ташкенттіктер  өлтіргеннен  кейінгі  Иманқұл  ханның  кек 
алу  жорығы  қазақтар  үшін  ауыр  болды.  Өзінің  Ташкентті  алуға
ұмтылуында  ол  қазақтың  екі  ханының  өзара  жауластығын  паида- 
ланды.  Сейтсе  де  кейінгі  жылдары  қазақтардан  жеңіліп,  Иманқұл 
қазак хандығымен  бейбіт келісім  жасады.
Есім  хан  1628  жылы  қайтыс  болып,  Түркістан  қаласындағы 
Ахмед  Иассауи  кесенесінде  жерленген.  Есім  ханның  мұрагері 
Жэңгірдің емірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте етті. 
Халық оны  ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жэңгір» деп 
атаған.  Жэңгір  хан  (1628-1652  жж.)  билік  құрған  жылдары  да  Сыр 
бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен жэне Жетісудағы жай-
ылымдар үшін  қалмақтармен  қақтығыстар тыиылмады.
Қазақ  хандығына  қалмақтар  жақтан  төнген  қауіп  зор  болды. 
«Қалмақ»  сезі  батыс  монғолдардың  түрікше  аты.  Олар  өздеріи 
«ойраттар»  деп  атаған.  Қалмақтар  бұл  жылдары  шығысында 
Хангай  таулары,  батысында  Моғолстан,  оңтүстігінде  Гоби  шелі, 
солтүстігінде  Ертіс  пен  Енисейдің  жоғарғы  ағыстары  арасында 
кешіп-қонып  жүрді.  1635  жылы  бұл  аумақтағы  тайпалардың  басын 
біріктіріп,  Батур  қонтайшы  Жоңғар  мемлекетінің  негізін  қалады. 
Осыған  байланысты  жоңғарлар  күшейіп,  қазақ  жерлеріне  жиі-жиі 
шапқыншылықтар  жасай  бастайды.  Жэңгір  хан  тұсында  қазақтар 
мен  жоңғарлар  арасында  үш  ірі  шайқас  орын  алады.  Алғашқы  1635 
жылғы  шайқаста  Жэңгір  қалмақтарға  тұтқынға  түсіп  қалып,  бірақ 
кеп  ұзамай  қашып  шығады.  Тұтқыннан  босағаннан  кейін,  Жэңгір 
хан  қалмақтарға  қарсы  күрес  басшылығын  ез  қолына  алады.  1643 
жылы  жоңғар  қонтайшысы  Батур  қазақ  жеріне  50  мың  эскермен 
басып  кіреді.  1644  жылы  Жоңғарияға  барған  орыс  елшісі  ГИльин 
жоңғарлардың 50 мың қолына Жэңгір хан бастаған 600 жауынгердің 
қарсы  тұрғанын  айтқан.  Мүмкін,  бұл  600  адам  ататын  қарумен 
жабдықталған  Жэңгір  хан  эскерінің  алдыңғы  шебі  болуы  мүмкін. 
Жэңгір  03 тобының  бір  белігіне  жоңғарлар  тар  асудан  асып  келген- 
ше  екі  таудың  арасындағы  тар  жырада  ор  қазып,  бекініс  жасауға
92

бұйырады.  Ал өзі екінші  бөлігімен таудың екінші бетіне жасырына- 
ды.  Жоңғарлар  ор  қазып,  бекініп  жатқан  қазак  жасақтарына  қарсы 
шабуыл  жасайды.  Осы  кезде  Жәңгір  өз тобымен  жаудың ту  сырты- 
нан лап  береді.  Қазақтар  осы  жерде бірінші  рет оқ ататын  кару  пай- 
даланады.  Шайқас  барысында  Батур  қонтайшы  10  мың  әскерінен 
айырылады.  Шайқастың  шешуші  кезеңінде Жәңгір  ханға  Самарқан 
билеушісі  Жалаңтөс  батыр  бастаған  20  мың  әскер  көмекке  келеді. 
Батур қонтайшы кейін шегінуге мэжбүр болады.  Сейтіп,  1643 жылы 
жер  жағдайын  жэне  соғыс  тэсілін  шебер  паіідаланған  Жэңгір  хан 
Самарқан  билеушісі  Жалаңтөс  батырдың  эскери  көмегі  арқасында 
зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. 
Бұл жеңістің Қазақ хандығы  үшін зор маңызы  болды.
Бірақ,  жоңғар  билеушілері  қазақ  жерлеріне  басып  кіру  үшін 
жаңа  жорықтарға  дайындала  бастады.  Батур  қонтайшы  бытыраған 
эскерлерін  қайта  кұрап,  Сібірдегі  орыс  қамалдарынан  қару-жарақ 
сатып  алды.  Өзіне  тэуелді  қырғыздардан  ат-көлік  жинастырды. 
Осындай  эскери  дайындықтан  кейін  Батур  контайшы  1652  жылы 
қазақтарға  қарсы  аттанды.  Бұл  соғыста  қазақ  жасақтары  жеңілді. 
Жәңгір  хан  осы  1652  жылғы  шайқаста  жоңғарлардың  қолынан  каза 
тапты.  Жэңгір  хан  да  Түркістан  каласындағы  Қожа  Ахмед  Яссауи 
кесенесінде жерленген.
Жәңгір  ханнан  кейін  Қазақ  хандығының  элеуметтік-экономи- 
калык  жэне  саяси  жағдайы  нашарлады.  Феодал  шонжарлардың 
арасында  алауыздықтар  мен  бақталастыктар  өршіді.  Қазақ  сұлтан- 
дары  ұлыстарды  жеке-дара  билеп,  дербестенуге  бой  ұрды.  Қазақ 
жүздерінің  арасындағы  байланыс  нашарлап,  олар  бір-бірінен  оқ- 
шаулана бастады.
XVI— ^ХУІІІ  гасырдың  басындағы  қазақтардың  әлеумет- 
тік-экономикалық  жағдайы. 
Қазақтардың  негізгі  кэсібі  мал 
шаруашылығы  болды.  Мал  енімдері  оларды  тамақ,  киім-кешек, 
тұрғын  үй  материалдары,  сонымен  бірге  колік  қызметімен 
камтамасыз етіп отырды. Мал жэне мал өнімдері керші халыктармен 
айырбас  жасайтын  қаражат  кезі  де  болды.  Қазақтардың  мал 
шаруашылығына  байланысты  Ш.Уэлиханов  былай  дейді;  «Дала 
кешпелісін  ішіп-жегізетін  де,  киіндіретін  де  мал,  ол  үшін  өз 
тыныштығынан  малының  аман  болғаны  қымбат.  Жұртқа  мэлім, 
қырғыздар  бір-бірімен  амандасқанда:  «Мал-жаның  аман  ба?» деген 
сөздермен бастайды.  Отбасының мал жайын алдын  ала сұрастыруы 
кешпенділер  емірінде  малдың  қаншалықты  маңызы  барын  айқын 
керсетеді».
93

Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты 
қазақтар  көшпелі  жэне  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығымен 
айналысты.  Көшіп-қону  бағыттары  жыл  маусымына  байланысты 
өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, 
қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан 
жолдары  мен  жылдық  айналымы  орнықты.  Әрбір  ру  белгілі  бір 
аймак  шеңберінде  көшіп-кону  дәстүрін  ұстанды.  Ж айылымдық 
қоныстардың  арақашықтығы  жүздеген  шақырымға  созылды.  Мал 
шаруашылығы  табиғат  жағдайларына  мейлінше  тәуелді  болды. 
Жем-шөп  дайындау  болмады,  қыста  мал  тебіндеп  жайылды.  Қыс 
қатты  болған  жылдары  жұт  болып,  малдың  жаппай  кырылуы  жиі 
ксздесстін,  мұндайда  көшпслі  малшылар  такырла.на  ксдсйлсніп, 
көбі  отырыкшылыкка  ауысатын.  Дсгснмсн  мал  шаруашылығын 
жүргізудің  ғасырлар  бойы  қалыптаскан  дәстүрі  сақталып,  үнсмі
жстілдірілумсн  болды.
Қазақтар жылкы, кой,  гүйс, сиыр өсіргсн. Соның ішіндс жылқыға 
үлксн  мән  бсрді.  Ж ылқының  түр-түрі  болған:  жүк  таситын,  салт 
мінстін  жәнс  жүйрік-арғымақтар.  Көшпслі  мал  шаруашылығына 
жылқыны  үйірмсн  бағу  тэн.  Бір  үйір  12-15  бисдсн  тұрды.  Бірнсшс 
үйір  жылқы  табынын  құрады.  Салт  мінстін  жылқы  ат  дсп  аталды. 
Қазақтардың  шаруашылығында  қой  жстскші  орын  алды.  Қыпшак 
даласы 
көшпенділсрінің  басты  байлығы  қой  болған.  Қыпшақ 
қойлары  төзімділігімсн,  стті-сүттілігімсн  срскшслснгсн.  Қойдың
сті  мсн сүті тағам болды, тсрісі  мсн түбітінсн киім-ксшск, аяк-киім, 
ыдыс-аяқ  жасалынды.  Қазақ  шаруашылығында  түйснің  дс  алатын 
орны зор болды.  Қазақтар  нсгізінсн  кос өркешті, жүнді  түйе есірді. 
Ж ылқы,  қой,  түйсмсн  қатар  қазақтар  сүті  мен  түбіті  үшін  сшкі  дс 
өсірген.  Бірақ  ешкі  мсн  сиыр  қазақ  шаруашылығында  аз  болды. 
Қазақ  философиясында  сшкі  белгісіздікті  білдірсс,  сиыр  жұтпсн 
тсңессді.  Сондықтан  қазақтар бұл жануарлардың стін тек жұт жыл-
дары ғана жсген.
Мал  жскс  адамның  және  отбасының  мсншігінде  болды.  Мал
көшпелілер  байлығының,  олардың  тұрмыстық  жағдайының  ба- 
сты  өлшемі  болды.  Ал  жайылымды  қоғам  мүшелері  кауымдасып 
пайдаланған.  Әр рудың  өзіндік  жері  болды  жэне  бүл  жерге  меншік
ұрпақтан-үрпаққа ауысып отырды.
Қазақтар  егіншілікпен  де  айналысты.  Қазақ  хандығының 
түрлі  аумактарында  егіншіліктің  дамуы  әркелкі  болды.  Негізінен 
отырықшы  —   егіншілікпен  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан 
халықтары  айналысты.  Қазақтар  кебіне  тары  дақылын  екті.  Сыр
94

бойындағы  қалаларда  ирригациялық  жүйе  барынша  дамыған. 
Қалалардың  маңында суландыратын  арнайы  алқаптар  болды.  Қала 
маңдарындағы бұндай алқаптарда  бау-бақша өнімдері  есірілді.
Қазақтар  аң  аулаумен  де  айналысқан.  Аң  аулаудың  бірнеше 
түрлері болған:  қүс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде 
қыран  қүстармен  аң  аулау  басым  болды.  Аң  аулау  дербес  кэсіп 
болмаған, мал шаруашылығына көмекші  кэсіп қана болған.
Қазақтардың  шаруашылығында  эр  түрлі  қоленер  мен  үй 
кэсіпшіліктері  елеулі  орын  алған:  тері  еңдеген,  киіз  басқан,  күрақ 
күраған, металдан  эртүрлі  бүйымдар жасаған.
Қазақтар кешіп-конуға колайлы киіз үйлерде емір сүрді. Келеміне 
жэне 
иесінің  элеуметтік  жағдайына  байланысты  киіз  үйлердің 
түрлері  көп  болды.  Күзеу  мен  кыстауда  ағаштан  және  кірпіштен
салған жылы үилерде түрды.
XVI 
ғасырдың  соңына  қарай  Ресей  мемлекеті  Қазақ  хандығы 
жэне  Орта  Азия  мемлекеттерімен  сауда  байланыстарын  жандан- 
дырды.  Сырдария  қалалары  арқылы  халықаралық  сауда  жэне 
кешпенділермен  дэстүрлі  сауда  дамыды.  Түркістан  қалалары  мен 
елді  мекендері  арқылы  Индияға,  Қытай  мен  Еуропаға  керуен  жол- 
дары  өтті.  XVI—^Х^ІІ  ғасырларда  бүл  қалалар  саяси  орталықтарға 
айналып,  онда  қазак  хандары  мен  сүлтандары  қоныстанды. 
Көшпенділерменнегізінең айырбассаудажүргізілді.Сырбойындағы 
қалаларда  дүкендер,  базарлар,  ақша  сарайлары  жүмыс  істеді. 
Қазақстанның  көшпенділері  оңтүстіктегі  қалалармен  сауда-саттық 
карым-катынаста болды. Көшпелілердің астыққа —  бидайға, тарыға, 
арпаға, егіншілік пен бау-бакша шаруашылығының басқа енімдеріне 
деген  жэне  эсіресе,  маталарға  деген  сүранымы  барынша  түрақты 
болды.  Далалық  аудандар  халқының  кешпелілік  шаруашылығы 
мен  отырықшы-егіншілік  аудандары  жэне  қала  шаруашылығының 
түрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық емірінің ажырамас 
белгісі  болды.
Қазақ хандығы түсында казақ қоғамы  негізгі  екі  элеуметтік  топ- 
тан  түрды:  ақсүйек  жэне  қарасүйек.  Ақсүйектер  элеуметтік тобына 
Шыңғыс  ханның  үрпақтары  — сүлтандар,  терелер  жэне  Мүхаммед 
пайғамбардың  үрім-бүтақтары  —  қожалар  жатты.  Бүл  топ  үш  жүз 
казақтарының генеалогиялык құрылымынан белек түрды.  Шыңғыс 
ханның  үрпақтары 
туылысымен  сүлтан  атағын  иеленіп,  бүл 
элеуметтік  топқа  тиесілі  барлық  ерекше  күкықтармен  қамтамасыз 
етілді.  Шыңғыс  ханның  үрпақтарының  эрқайсысы  хандык  билікке 
үміткер саналды. Сонымен бірге, бүл элеуметтік топ руға белінбеді.
45

Әрбір сұлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған элеуметтік топтардың 
бәрі  карасүйектерге  жатты.  Қарасүііек  ез  ішінде  тайпаға,  руға 
бөлінді.
Қарасүйек элеуметтік тобынан ерекше қүкықтар иеленген тек би- 
лер  болды.  Атап  айтсақ, ру биінің қолында соттық, әкімшілік билік 
шогырланды.  Билер  сұлтандармен  бірге  мемлекеттік  мэселелер 
шешілетін  жылдық  жиналысқа  —   күрылтайға  қатысты.  Небір 
беделді  билер  хан жанындағы  «билер кеңесінің»  күрамында болды.
Танытқан  ерлігі  немесе  соғыс  қимылдарын  шебер  басқарғаны 
үшін  хан  немесе сүлтандар батыр деген  қүрметті  атаққа  ие  болған. 
«Батыр»  ердің  атағы  ғана  емес,  сонымен  бірге  кэсіби  жауынгерлер. 
Қарапайым  жауынгер  батырлық  танытқанымен,  қолына  Шыңғыс 
эулетіне  тэн  билік  берілмеген.  Батырлардың  ерліктерін  жыршы- 
ақындар дэріптеп отырған.
Қазақ  коғамындағы  ешқандай  қүқығы  жоқ  мүшелері  —   қүлдар 
болды.  Бүл  элеуметтік  гоп  өкілдерін  негізінен  соғыс  түтқындары 
күрады.  Олар  ез қожайындарына тәуелді болды.
Қоғам  мүшелері  дэулет-мүлкінің  мелшеріне  сай  «бай»  және 
«кедей»  болып  белінді.  Осы  кезеңдегі  қазақ  қоғамы  элеуметтік 
топтардың 
иерархиялық 
үйымдасқан 
күрылымынан 
түрды. 
Бүл  элеуметтік  топтар  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болды.  Әр 
элеуметтік топтың езіндік қүқықтары болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет