38. Санитариялық-микробиологиялық зерттеулерді жүргізудің принциптері мен әдістері.
Санитарлық микробиология – қоршаған орта объектілерінің (су, ауа, топырақ, сонымен қатар тағамдық өнімдер) микрофлорасын жəне оның адам денсаулығына əсерін зерттейді. Бұл ғылым медициналық микробиологияның эпидемиология мен гигиена салаларының аралас шектерін қамтитын саласы. Санитарлы – микробиологияның негізгі əдістеріне оригинальді осы саланың əдістері мен қатар жалпы жəне медициналық микробиологияның əдістері жатады. Бұл əдістер зерттелетін объектілерде жалпы микробтық санды(ЖМС), санитарлы - көрсеткіш микроорганизмдерді (СКМ) анықтауға, патогенді микроорганиздерді анықтау жəне олардың метоболиттерін табуға жəне сапасыздығын (зер. обектілеріндің микроорганизмдермен көп мөлшерде ластануы – сапасыздық деп алынды) анықтауға бағытталады. Патогенді микроорганизмдерді тікелей анықтау əдіс – салыстырмалы дəл, сенімді көп еңбекті талап етеді. Тікелей əдіс зерттелетін материалды қоректік ортаға егу арқылы бактериологиялық зерттеу, нуклеин қышқылдарының гибридизациясы, полимеразалық тізбекті реакция, серологоиялық, биологиялық т.б. əдістер. Жалпы микробтық сан – 1 г. немесе 1 мл. субстраттағы микробтардың жалпы саны. Петри табақшадағы қатты қоректі орталарда өсіп шыққан колония түзі бірліктердің жалпы саны. Зерттелетін объектідегі мезофильді аэробты факультативті анаэробты микроорганиздердің саны (МАФАнМ) анықталады.. Санитарлы - көрсеткіш микроорганизмдер саны – СКМ – санитарлық микробиологияның өзіндік əдісі. Қоршаған ортаның əрбір объектісіне тəн санитарлы - көрсеткіш микроорганизмдер бар. Санитарлы- микробиологиялық зерттеулердің нəтижесіне əртүрлі факторлар əсер етуі мүмкін, сондықтан келесідей шарттарды орындау қажет: үлгілерді дұрыс алду; жүргізілетін анализдердің қайталану жиілігі; зерттеудің тек ғана станджартты жəне унифицирленген əдістерін қолдану; тестерді (тікелей жəне жанама) комплекті түрде қолдану; объектілерді бағалауды алынған нəтижелерді жинақтай отырып, жүргізу (органолептикалық, химиялық, физикалық жəне басқада əдістер арқылы алынған нəтижелерді ескеру).