Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі


Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер, олардың сипаттамасы. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерге қойылатын негізгі талаптар



бет18/35
Дата02.05.2023
өлшемі103,6 Kb.
#89157
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
39. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер, олардың сипаттамасы. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерге қойылатын негізгі талаптар.


Санитарлық-көрсеткіш микроағзалар – бұл адам немесе жануар ағзасының табиғи қуыстарында тұрақты түрде болатын және сыртқы ортада тіршілік етпейтін микробтар. Санитарлық-көрсеткіш микроағза ретінде 1885 жылдан бастап ішек таяқшасы қолданылады. Осы кезден бастап, ішек таяқшасының болуы ластану индикаторы болып табылады. Ішек таяқшасының
бактериялар тобы энтеробактериялар туыстығына жатады. Осы туыстыққа 5 тұқымдас енеді, олардың арасында Escherichia түрі, ол өзіне санитарлық микробиология үшін қызығушылық тудыратын бірнеше түрді енгізеді:Escherichia coli aerogenes; Escherichia coli commune; Escherichia paracoli; Escherichia coli citrovorum; Санитарлық-көрсеткіш микроағзалар әдетте олар адам ағзасына зиян келтірмейді, бірақ сәйкес жағдайларда патологиялық үрдіс туғызуы мүмкін. Мұндай микроағзаларды шартты түрде патогенділерге жатқызады. Санитарлы-көрсеткіш микроағзаларға қойылатын талаптар: Адамның немесе жануардың табиғи қуыстарында тұрақты түрде тіршілік етуі және сыртқы ортаға көп мөлшерде бөлінуі тиіс; санитарлы-көрсеткіш микроағзалардың сыртқы ортада тіршілік етуінің ұзақтығы, сәйкес патогенді микробтарға қарағанда дәл сондай немесе сәл жоғары болуы қажет;
патогенді микроағзаларға қарағанда, сыртқы ортаның физикалық және химиялық факторларының әсеріне тұрақты болуы керек; сыртқы ортада көбеймеуі тиіс;
сыртқы орта нысандарынан қарапайым түрде бөлінуі тиіс. Сапрофиттермен басылмауы қажет;
сыртқы ортаға түскен кезде өздерінің биологиялық қасиеттерін дереу өзгертпеуі тиіс.

40. Дәріханаларды, фармацевтикалық өндірістерді санитариялық-бактериологиялық зерттеу кезіндегі объектілер.
Дәріханалардағы санитарлық-бактериологиялық зерттеу кезіндегі объектілері. Дәріханаларда Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес тоқсанына кемінде екі рет объектілері болып табылатын бактериологиялық бақылау жүзеге асырылады: тазартылған су, зарарсыздандыруға дейінгі және кейінгі инъекциялық ерітінділер; зарарсыздандырудан кейінгі көз майлары; стерильді негізде асептикалық жағдайда дайындалған көз тамшылары; инъекциялық ерітінділерді дайындау үшін қолданылатын құрғақ дәрілік заттар;
стерильді емес дәрілік формалар; дәріхана ыдыстары, тығындар, төсемдер, өзге де материалдар; құрал-жабдықтар, жабдықтар, қолдар, персоналдың санитарлық киімдері; дәріхана бөлмелерінің ауасы. Фармацевтикалық өндірістегі санитариялық-микробиологиялық объектілер: технологиялық және желдету ауасы; технологиялық жабдық, оператордың қолғап киген қолдары және персоналдың киімі – сыни беттерді бақылау (материалмен тікелей жанасатын); өнімді өндірудің, сақтаудың және тасымалдаудың барлық кезеңдеріндегі шикізат және қосалқы заттар; Ыдыс және орау материалдары; өндірісте қолданылатын су.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет