Стафилококкты инфекциялалардың микробиологиялық диагностикасы.
Стафилококк инфекциясының зерттеу материалдары: iрiң, экссудат, жарақат бөлiндiлерi, таңу материалдары, сепсиске күдiк туғанда қан, мұрын-жұтқыншағы мен көмей кiлегейiнен алу.
Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояйды, микроскоп арқылы көреміз. Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды және сарысу-газды агарға (СГА) егеді, келесі күні өскен колонияларға сипат береміз.
Сары уызды газды ортаның бетiнде дөңгелекше келген, пигменттелген (алтын түстес, лимон сияқты сары, ақ) шеттерi тегіс колониялар түзедi, ал сұйық ортада тек шектелген лайлануды тудырады. қанды агарда гемолиздiң бар немесе жоқтығы байқалады. Лецитиназды активтiлiкке ие стафилококтардың колониялары шетiне күлгiн жылтыр түспен шектелген лайлануды тудырады.
П л а з м о к о а г у л а з а р е а к ц и я с ы: Екi немесе араластырылған қан плазмасын 0,4 мл мөлшерiнде шыны түтiкшеге құйып, стафилококк дақылынан бiр бактериологиялық бұғаудан енгiзiп термостатқа 37°С - мен 2,4 және 24 сағаттан кейiн тәжiрбие нәтижесi ретiнде плазмокоагулазалық қою тұнба түсетiнiн байқаймыз.
Ауруханалық инфекция ошағын анықтау үшiн науқастардан және бактериотасымалдаушы адамдардан таза дақылды бөлiп алады, кейiн арнайы стафилофагтар жиынтығының көмегiмен фаготипирлеуді жүргiзедi. Фагтарды этикеткада белгiленген титрге дейiн араластырып, зерттелетiн дақылдарды Петри табақшасына қоректiк ортаға газонмен егеді, кептiрiп, кейiн Петри табақшасында алдын ала белгiленген квадраттарға сайма сай келетiн фагтар тамшысын бұғаудың көмегiмен тамызады. Нәтижесiн лизис дақылының бар жоғын анықтау арқылы бақылайды.
Медициналық қызметкерлер мен перзентханалардағы стафилококк тасымалдаушыларды анықтауда санация – алдын алу шаралары негiзгi бағыты б.т. Стафилококкты инфекцияны антибиотик және сульфаниламидтi препараттармен емдейдi. Септикалық процестерде стафилококқа қарсы иммуноглобулин енгiзiледi. Созылмалы түрiн емдеу үшiн антимикробты және антитоксиндi антиденелердiң синтезiн реттейтiн стафилококкты анатоксин және антивакцина қолданылады. Жаңа туылған балалардағы стафилококкты инфекциялалардың алдын алу ерекше проблема болып табылады. Жүкті әйелдерге стафилококкты анатоксин егеді, туған әйелдердің сүтін тексереді, егер ол сүтте стафилококк болса, балаға сүтті қайнатып беру керек.