Антисептика: Жарадағы, патологиялық түзілімдегі немесе жалпы ағзадағы микробтарды жоюға бағытталған шаралар кешені. Асептика(а - жоқ, septicas - шіру) – жұмыстың шірусіз әдісі. Асептика – бұл науқастың ағзасына, жараға инфекцияның түсуін алдын алуға бағытталған әдіс; жұмыстың микробсыз стерильды жағдайын тудыру үшін ұйымдастырушылық шараларды, зарарсыздандыратын белсенді химиялық заттарды, сонымен қоса техникалық заттар мен физикалық факторларды қолдану. СТЕРИЛИЗАЦИЯНЫ БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ Тура әдіс – бактериологиялық әдіс
Тура емес, шынайы емес әдістер:
Микулич әдісі
Кристаллды заттарды ерітуге негізделген әдіс: бензой қышқылы, күкірт, антипирин (олардың еру температурасы 120°С).
Стерилизация асептиканың негізгі тәсілінің бірі.
Стерилизация (залалсыздандыру) дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар, жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі.
Залалсыздандырудың технологиялық барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:
Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.
Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.
Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.
Залалсыздандырудың өзін жүргізу.
Залалсыздандыру сапасын бақылау.
Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.
Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:
І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.
ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.
Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
Азопирам сынамасы
Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобиннен, жұғыш ерітінді құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.
Жабдықталуы:
азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;
1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;
астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).
Міндетті шарттар:
жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;
азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау
Сынама жүргізу
бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;
азопирамның 1% ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді;
бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады.
Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.
Ескерту! Прогресс «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.
VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.
VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз.
Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.