35. Бруцеллалар: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері Бруцеллалар.
Қоздырғышты 1886ж. Д. Брюс ашты, ол оны мальтиялық қызбасынан өлген солдаттың көкбауырының препаратынан анықтап мальтиялық микрококк деп атады.
Бұл қоздырғыштың жасушалары қой және ешкілер екені және оның адамға жуғуы осы жануарлардың пісірілмеген сүтін қолданғанда жұғатыны анықталды. Бруцеллез адамдар және жануарлар ауруы болып, оны тудырушы бактериялар Brucella туысына жатады. Brucella туысы 7 түрге бөлінеді: 1) B. melitensis 2) B. abortus. 3) B. suis. 4) B. ovis 5) B. canis 6) B. neotomae 7) B.rangiferis.
Бруцелланың жiктелуi, морфологиялық және дақылдық қасиеттерi.
Бруцеллез-адамдар мен жануарлардың ауруы.
Бұл грам терiс, ұсақ, кокк тәрiздi жасушалар, өлшемi 0,5-0,7 Х 0,6-1,5 мкм, талшықтары жоқ. Спор, капсула түзбейдi. қарапайым қоректiк орталарға сарысу немесе қан қосып өсiредi. Колониялары өте баяу, 2-4 апта өсiп шығады. S-колониялары түссiз көтерiңкi, дөңгелек, R-колониялары кедiр-бұдырлы, сұйық ортаны лайландырады.
Бруцелланың биохимиялық және антигендiк қасиеттерi.
Бруцеллалар глюкозаны және арабинозаны қышқылға дейiн ферменттейдi, индол түзбейдi, нитраттарды нитриттерге айналдырады, күкiртсутек түзедi.
Жалпы алғанда бруцеллалардан 10-14 антигендiк фракциялар табылған. Олар жалпы туыс iшiлiк антиген, түр iшiлiк және соматикалық антиген болып бөлінедi.
Бруцеллездiң резистенттiлiгi және эпидемиологиясы. Бруцеллалар ылғалды топырақта және суда 2-3 күн, 11-13оС температурада 4,5 ай, ағынды суда 3 ай, сүтте 73 күн, майда 142 күн, ірімшікте 1 жылға дейiн сақталады. 70оС температурада 10 минуттан кейiн, 100оС-та тез жойылады. Дезертінділерге сезiмтал. Адамдар үшiн патогендiсi 95-97% бруцеллез ауруын тудырады. Жұғу жолы тұрмыстық, алиментарлық.
Бруцеллездiң патогендiк факторлары, патогенезi және инфекциядан кейiнгi иммунитет. Бұл қоздырғыштың түрлері ішінде адам үшін ең патогендісі В. melitentis болып 95-97% дейін бруцеллез ауруын тудырады. Берілу жолы контактылы, алиментарлы. Бруцеллалар экзотоксин түзбейдi. Олардың патогендiлiгi эндотоксин мен байланысты. Бұл токсин фагоцитозды төмендетiп, гиалуронидаза мен басқа да ферменттердi түзедi. Бруцеллалар терi мен шырышты қабықшадан енiп /ауыздың, мұрынның, көздiң/ лимфатикалық жолмен лимфа түйiндерiне, сонан соң қанға, мүшелерге және ұлпаларға түседi. Бруцеллез созылмалы сепсис түрiнде жүредi. Ол аяқталмаған фагоцитозға байланысты. Ауырып жазылған соң ұзаққа созылатын, тұрақты иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы мүмкiн.
Бруцеллездiң лабораториялық диагностикасы. Бруцеллездi лабораториялық диагностикалау биологиялық сынама, бактериологиялық әдiстер, серологиялық реакциялар, аллергиялық сынамада /Брюне/ ДНҚ гибридизациясы әдiстерi мен жүргiзiледi. Зерттеу материалы ретiнде қан, сүйек кемiгi, коньюктивальдi бөлінеді, зәр, сирек жағдайда нәжiс, буынаралық сұйықтық алады. Биологиялық сынамаға материал басқа микрофлорамен ластанғанда жүгiнедi. Бруцеллездiң антигендерiн анықтау үшiн мынандай реакцияларды қолданады: ПГАР реакция агрегат-гемагглютинация, преципитация реакциялары және ИФА.
Аурудың сары суынан антидененi анықтау үшiн: Райттың агглютинациясы, Кумбс реакциясын, ТГАР, ИФА, КБР, жеделдетiлген реакциялар: Хеддельсон, Роз-бенгал, латексагглютинация, тiкелей емес гемолиз реакцияларын пайдаланады. Бруцеллездiң арнайы алдын алу және емдеу. Арнайы профилактика тiрi вакцинамен терi үстiнен бiр рет қана жасалынады. Ревакцинацияны Бюрне сынағы мен серологиялық реакциялар терiс болып шыққанда жасайды. Тiрi вакцина күштi аллергиялық әсер көрсететiндiктен, оның орнына бруцелланың жасуша қабырғасындағы антигендерден дайындалған химиялық вакцина ұсынылған. Емдеу үшiн антибиотиктер, өлі- емдік вакцинасы қолданылады. Лимфа түйіндері арқылы қоздырғыш қанға өтіп барлық ағза мен тіндерге тарайды. Бруцеллез хрониосепсис сияқты өтеді. Бруцеллалар 4-формаға өтіп ағзада ұзақ уақыт сақталуы және оның қайта қалпына келуі, ауру рецидивіне (қайталануына) алып келеді. Бруцеллез ауруының клиникасы әр түрлі және өте күрделі. Ол ағзанің аллергизациясына және интоксикациясына байланысты. Бұл ауруда лимфа, қантамыр, гепатоманальды, жүйке жүйелері зақымдалады. Постинфекциялық иммунитет тұрақты және ұзақ мерзімді болса да ауру қайталануы мүмкін. Иммунитет Т- лимфоциттер және макрофагтарға негізделген.
Бруцеллездің лабарториялық диагностикасында биологиялық сынамалар, бактериологиялық әдіс,серологиялық реакциялар, аллергиялық сынамалар, және ДНК/ ДНК гибридизация әдістері қолданылады. Зерттеу материалына қан, сүйек кемігі, зәр, сүт, нәжіс қолданылады. Емдеу үшын антибиотиктер, өлі емдік вакциннасын қолданады.