Микробиология ұғымы, мақсаттары, міндеттері, бөлімдері. мейірбике ісіндегі микробиологияның маңызы


Бастапқы (біріншілік) АИВ инфекциясы



бет48/74
Дата11.01.2023
өлшемі0,89 Mb.
#60961
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74
Байланысты:
Микро жауаптары

Бастапқы (біріншілік) АИВ инфекциясы: симптомсыз не жіті ретровирусты синдроммен бірлесуі мүмкін.[25]
I саты: АИВ инфекциясы симптомсыз жүреді; қандағы CD4+ T жасушаларының саны (CD4 саны деп те аталады) – 1 микролитрде 500 жоғары болады.[25] Бірнеше топ лимфа түйіндері ұлғаю мүмкін (Тұрақты жайылған лимфаденопатия).[25]
II саты: Тері мен шырыш қабаттарындағы өзгерістер секілді әлсіз симптомдар мен жоғары тыныс жолдарының қайталамалы инфекциялары. CD4 саны – 500/µl төмен.[25]
III саты: бір айдан көп болатын себебі белгісіз созылмалы диарея, өкпе туберкулезі секілді ауыр бактериялық инфекциялар мен CD4 санының 350/µl төмен болуы.[25]
IV саты не ЖИТС: ми токсоплазмозы, өңеш, кеңірдек, бронх не өкпе кандидозы, Капоши саркомасы. CD4 саны – 200/µl.[25]
CDC жіктемесі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1993 жылы[113] АҚШ Ауруды бақылау және болдырмау орталықтары клиникалық көрініспен қатар лабораторлы көреткіштерді бағалайтын жіктеу жүйесін әзірлеп шыққан, ол 2008 және 2014 жылдары жаңартылған.[112][114], CDC жіктемесіне сәйкес адамға не АИВ инфекциясы, не ЖИТСтің соңғы сатысы деген диагноз қойылады, А3, В3, С1, С2 және С3 санатына жатқызылғандар ЖИТСі бар деп есепке алынады.

CD4 саны (/мкл, %)

Клиникалық санаттар

А — симптомсыз жіті (біріншілік) не ТЖЛП (тұрақты жайылған лимфаденопатия)

В — Айқын

С — ЖИТС бірлескен аурулар

1. > 500 (> 29 %)

А1

В1

С1

2. 200—499 (> 14—28 %)

А2

В2

С2

3. < 200 (< 14 %)

А3

В3

С3

Әр клиникалық санатқа тән симптомдар:
А: жіті ретровирусты синдром: жайылған лимфаденопатия (ТЖЛП), симптомсыз ағым;
В: ЖИТСтен туындаған кешен синдромы: ауыз қуысы кандидозы, жатыр мойны дисплазиясы, ағза бұзылыстары, белдеме теміреткі, идиопатиялық тромбоцитопения, листериоз, лейкоплакия, шеткі нейропатия;
С: ЖИТС: өкпе не өңеш кандидозы, жатыр мойны обыры, кокцидиоидоз, криптоспоридиоз, цитомегаловирус инфекциясы, герпес қоздырған эзофагит, АИВ-энцефалопатия, гистоплазмоз, изоспороз, Капоши саркомасы, лимфома, микобактериоз, пневмоцистоз, бактериядан болған пневмония, үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия, сальмонеллёз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет