Сынақтың дәл болуы үшін жұқтырғаннан кейін өтуі керек күндер[107]
Қан талдау
Күн
Антиденеге тест (жедел тест, 3-буын ИФТ)
23–90
Антидене және p24 антигеніне тест (4-буын ИФТ)
18–45
ПТР
10–33
АИВ/ЖИТС диагнозы зерханалық зерттеу нәтижесіне және арнайы симптомдар мен белгілерге сүйеніп қойылады.[25] 15 жастан 65 жасқа дейінгі адамдар мен барлық жүкті әйелдер АИВке скринингтен өтіп тұрғаны дұрыс.[108] Сондай-ақ инфекция жұқтыру қаупі бар топтар (оларға жыныс жолдары арқылы берілетін кез келген ауруға шалдыққандарды да жатқызады) тексерістен өтуге тиіс.[28][108] Әлемнің көптеген аймақтарында АИВ–оң адамдар өзінде вирустың барын тек ЖИТС не ауыр иммунтапшылық белгілері көрініс беріп үлгерген кезде, инфекцияның соңғы сатысында аңғарады.[28] АИВ диагностикасын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: