50. Тұмау қоздырғышы: морфология, физиология, зерттелетін материал, оны жинау әдістері, зертханалық диагностика әдістері Тұмау жұқпасы – ауа тамшылары арқылы берілетін, қоздырғышы вирус боп табылатын жұқпалы ауру. Оған шалдыққан адамның жоғары тыныс жолдары зақымданып, организмі уланады.
Тұмау ауру адамнан сау адамға тез тарап,жылдың кез-келген маусымында ересектерге де, балаға да жұғады. Әсіресе, балалар арасында аурудың жұғу қаупі өте жоғары болады, жалпы ауырғандардың 40-50 % құрайды. Инфекция көзі-тұмаумен ауыратын адам. Аурудың жасырын кезеңі 1-2 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады. Инфекция көзінің ең қауіпті уақыты-аурудың алғашқы күндері. Науқас адам ауру қоздырғышы-вирусты қоршаған ортаға тыныс жолдары секретімен бөледі (түшкіру, жөтелген кезде). Адамнан бөлінген ауру қоздырғышы 1-3,5 метр қашықтыққа дейін таралады.
Тұмаудың қоздырғышы-вирустар,оның бірнеше түрі бар. Ауру қоздырғыштары сырқат адамның мұрын, ауыз, жұтқыншақ кілегей қабықтарында болады да,түшкіргенде,жөтелгенде және сөйлескенде түкірігі не мұрын суы арқылы ауаға тарайды,кейде науқастың тұтынған заттарынан жұғады.
Тұмау ауруының клиникалық белгілері: ауырған адамның бірден тұла бойы қалтырап, дене қызуы 38-39ºС ,кейде 40ºС температураға дейін жетеді. Басы шаншып ауырып, денесі, әсіресе, белі мен аяқ буындары сырқырайды, беті мен көзі қызарып,әлсіздік болады.Дене қызуы басталысымен немесе одан біраз уақыт өткеннен кейін түшкірік пайда болып, жөтеледі.
Тұмау асқынған жағдайда ауру адамның өкпесі,кеңсірігі, құлағы қабынып, плевритке, пневмонияға ұласады, жүрек, буын, бүйрек, ми және ми қабықтары зақымданады.
Алдын алу шаралары:
– Тұмауды таратпаудың бірден-бір амалы-сырқатты оңаша бөлмеге оқшаулау
– Ауру адам жатқан бөлмеге, үй-жайлардазалалсыздандыру дәрілерін қолдана отырып, ылғалды жуып-шаю жұмысын әлі -әлі жүргізіп, жиі-жиі ауа алмастырып, терезе көздерін ашып, желдетіп отыру;
-Жеке бас тазалық шараларын сақтау барысында қолды сабынмен мұқият жуып, мұрын қуысын тұзды сумен шаю,лас қолмен мұрынды,көзді,ауызды ұстамау;
– Науқасты күтетін адам тыныс жолдарын бетпердемен тұмшалау, яғни жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану
– Ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу
-Құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) көбірек пайдаланып,сұйықтықты көп ішу;
– Сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;
– Денені шынықтыру мақсатында спортпен айналысу, таза ауада көп жүру.
Сонымен бірге аурудың негізгі алдын алу шараларының бірі – тұмауға қарсы вакцинациялау. Тұмаудың эпидемиялық маусымының алдында (қазан айы) адамдарды тұмауға қарсы егу – ауруға шалдығуды, асқынуларды болдырмайды, ауыр түрлерін азайтады.