Helicobacter pylori белгілерін келесідей байқауға болады:
тамақ ішкеннен кейін жоғалатын асқазан ауруы
жүрек айнуы
жүрек айну және құсу
ас қорытудың бұзылуы, етті қорытудың қиындауы
асқазандағы ауырлық сезімі
іш қату немесе диарея
аллергиялық реакциялар
сынғыш тырнақтар
шаштың түсуі
саңырауқұлақ инфекциялары
жаман тыныс.
Диагностика
A-Media клиникасында Helicobacter pylori диагностикасы заманауи әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады, олардың ішінде:
Helicobacter үшін 13C уреаза тыныс алу сынағы (бактерияларды анықтаудың ең дәл әдісі).
Helicobacter pylori антиденелерін анықтайтын иммундық ферменттерге қан сынағы.
Полимеразды тізбекті реакция техникасы (сілекей анализі).
Гастроскопия (FGDS кезінде материалды іріктеу).
Емдеу
Әдетте, Helicobacter науқасын диагностикалау кезінде емдеу антибиотиктермен жүзеге асырылады. Біздің тәжірибелі дәрігер барлық дәрі-дәрмекті әр науқас үшін оның денесінің ерекшеліктеріне байланысты жеке таңдайды.
Терапия курсының ұзақтығы әдетте екі апта.
Helicobacter pylori емдеу кезінде науқас алкогольді ішуден және жақсырақ темекі шегуден толығымен бас тартуы керек. Сондай-ақ біздің емхананың маманы оған диетаны реттеуге көмектеседі.
Бактерия кез келген ауруды қоздырған жағдайларда, біздің дәрігер Helicobacter pylori туындаған патологияны емдеуге және жоюға бағытталған кешенді терапияны тағайындайды.
48. Зертханашының жұмыс орнын жұмыс күнінің соңында және авариялық жағдайда өңдеу
49. Жұқпалы аурулар ағымының кезеңдері және олардың эпидемиологиялық сипаттамасы
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:
Ішек аурулары;
Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
Қан немесе трансмиссивті аурулар ;
Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]
Жұқпалы аурулардың түрлері
Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру):
тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;
осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: |