Микробиология тарихында Рим профессоры


Анаэробтарды дақылдандыру әдістері. Әр әдістің сипаттамасын жазыңыз



бет17/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Байланысты:
микро

2. Анаэробтарды дақылдандыру әдістері. Әр әдістің сипаттамасын жазыңыз.
Анаэробтарды дақылдандыру тәсілдері:
- Жартылай сұйық ағар құйылған пробиркаға жоғарыдан түбіне дейін себу әдісімен.
- Анаэростатта өсіру – саңылауы жоқ жабық ыдыстарда:
- механикалық әдіс бойынша ауаны, вакуумдық насос арқылы шығару;
- химиялық әдіс «пирогаллолмен», «ГазПак»;
- ауаның инертті газбен (азот) алмасуы немесе оттексіз газдың қоспасымен (N2-85%, CO2-10%,H2-5%).
- Биологиялық Фортнер әдісі – аэроб пен анаэробтарды бірге өсіру.
- Веньяль-Вейон әдісі – қантты агары бар пробиркаға пипеткамен балқытылған агарға себу.
- Комбинациялық әдіс –оттегіні өзіне адсорбциялайтын және жұтатын ішкі органдардың бөліктері бар ортаны қолдану.



Анаэробтарды дақылдандыруға арналған қоректік орталар:

  • Китт-Тароцци

  • Вильсон-Блер

  • Стерильдікті бақылау ортасы

  • Блаурок



Анаэробтық жағдай жасау әдістері:

  • Физикалық (ауаны механикалық жолмен жою)

  • Химиялық (пирогаллол,тиогликольдық қышқыл, натрии гидросульфат заттарымен оттегіні жұту)

  • Биологиялық (Пастер әдісі-анаэробтар мен аэробтарды бірге өсіру)

  • Арнайы орталарды қолдану (Китт-Тароцци, Вильсон-Блер, СКС және т.б)

3. Микробиологиялық лабораториядағы қауіпсіздік техникасы ережелерін келтіріп, маңыздылығын көрсетіңіз.
Микробиологиялық лабораторияда қауіпсіздік техникасы ережелері.
1. Микробиологиялық лабораторияға тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
2. Бөгде заттарды алып кіруге тйым салынады.
3..Қызметкерлердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі тиіс.
4. Жұмыста тазалық сақтау міндетті.
5. Жұмыс кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тиым салынады.
6. Жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті ғана құрал- жабдықтар болуы тиіс.
7. Жқмыс біткенен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіру міндетті шарт.
8. Спиртовкалардв тек сіріңкемен жағы керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі.
9. Электр тоғына сақ болу қажет.
10. Бөлмедегі лаборатория қызметкерлерінің көмегімен ғана электр жабдықтарын тоққа қосуға болады.
11. Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.
12. Лабораториядан шығарда қолды сабындап жуу қажет.
13. Лабораторияның едені әлсін- әлі ылғалды шүберекпен сүртіліп алынуы тиіс.
Лабораториялық ыдыстарды өңдеу.
Микробиологиялық жұмыстарда қаолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс.Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен / қосалқы анықтамада келтірілген/ өңдейді. Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтарда өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30-40 минут ұстағанан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.
Жаңадан алынған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, оны 10% тұз қышқылы ерітіндісінде 10-15 минуттай тағы да қайнатып, артынан сумен шаяды.
Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қата көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.
Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттық әйнектерге микробтардың жұғынды препаратын даярлауға болмайды. Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да, артынан жақсылап жуады. Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтайды / қосалқы анықтамада келтірілген/. Жуылған ыдыстарды сүртпейді, бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100- 105 С температурада құрғатады. Таза ыдыстарды шаң- тозаң түспейтін, тығыз жабылатын ыдыстарда немесе шкафтарда сақтайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет