Байланысты: МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)
10.5. Иммунологиялық есте қалу (жадында сақтау) Организм антигенмен қайталап кездескенде шапшаң және белсенді иммунды реакция, яғни екіншілік иммундық жауап құрылады. Бұл көрініс иммунологиялық есте қалу деп аталды.
Иммунологиялық есте қалудың белгілі антигенге жоғарғы дәрежелі спецификалығы болады және В- , Т –лимфоциттермен негізделіп, иммунитетің гуморалдық және жасушалық түрлерінде байқалады. Тәжірибе жүзінде ол әр кезде пайда бола отырып жылдарға, не ондаған жылдарға созылады. Сонының арқасында адамның организмі антитгендер шабуылының кайталануынан сенімді қорғай алады. Қазіргі заманда иммунологиялық есте қалудың құрылу механизімі туралы шындыққа жуық екі көзқарас бар. Біріншісі - антигендердің ағзада ұзақ уақытқа дейін сақталынады дегенге негізделіп болжанған. Оны дәлелдейтін мысалдар: капсуламен қоршалған туберкулез таяқшалары, қызылшаның, полиомиелиттің, шешектің персистенілген вирустары мен тағыда организмде көп уақыт, кейде өмір бойы сақталып, иммунитеттің күш дәрежесінің бір деңгейде болуын қолдайтын микроорганизмдер. Сонымен қатар, ұзақ өмір сүріп антигенді өңдейтін антидене синтездейтін дендритті жасушалардың болуы мүмкін.
Екінші механизімнің түсінігі бойынша организмде жемісті иммундық жауап жүру кезінде антигенреактивті Т-, не В-лимфоциттердің бөлімі «тыныштық» жағдайдағы кіші жасушаларға, немесе иммунологиялық есте қалу жасушаларына айналады. Ол жасушалар антигендік детерминантқа , жоғарғы деңгейлі спецификалыққа ие және өмір сүру уақыты өте ұзақ ( 10 жыл және одан астам). Олар тіндер мен органдарда қонақтап, айналып жүреді, бірақ өздерінің мекендік рецепторларының қолдауымен өзінің щыққан тегіне үнемі қайта оралады.
Иммунологиялық есте қалу феномені вакцинациялау тәжірибесінде, жоғары деңгейлі иммунитет құрып, оны ұзақ уақыт қорғау деңгейінде сақтау үшін кең колданылады. Ол мақсатты іске асыру үшін ревакцинациялау жүргізіледі, яғни вакцинаны бірінші еккеннен кейін 2-3 рет қайталау және де мезгіл- мезгіл вакцина егуді жүргізу .
Сонымен қатар иммунологиялық есте қалудың теріс көрністері де бар. Мысалы, ауыстырылған органдар (трансплантант) орнықпай өздігінен бөлінсе, оны қайталап орнықтыру әрекетінде органдарда тасқынды реакция қоздырып бөлініп шығарылу дағдарысына соқтықтырады.